Алматыда «Ұлтық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық конференция өтеді

 Алматыда «Ұлтық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық конференция өтеді

Алматыда 15-сәуір күні сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетіндегі Е.Шәймерденов атындағы аудиторияда (214 ауд.) Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толуына арналған «Ұлтық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

Шараны «Фотоөнер» ҚБ мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журнлаистика факультеті ұйымдастырып отыр. Оған танымал отандық  және шет елдік фотографтар, тұлғалар мен ғалымдар, студенттер қатысады.

Халықаралық конференция аясында ректорат фойесінде Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығына арналған кітап және фотокөрменің ашылуы және мерейтой иесі  «Адалдық сөресіне» өз кітаптарын табыс ету рәсімі өтеді. «Ұлтық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық конференция басым бағытта онлайн форматта, шағын кісі қатысумен жартылай офлайн форматта жүргізіледі.

Ғылыми конференция аясында ғылыми-танымдық жинақ жарық көретін болады. Ол жерде конференцияға қатысқан отандық және шет елдік фотографтардың зерттеу мақалалары жарияланады. Мақалалар fotooner@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

photooner.kz

Фото: Д. Балабекұлы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *