Алматыда Қалиғұмар Қабдешұлының көрмесі өтті

Бүгін Алматыда «Сенім» ардагерлер үйінде фотоөнер ардагері, белгілі фототілші Қалиғұмар Қабдешұлының көрмесі өтті. Наурызбай ауданына қарасты нысанда өткен көрмеге фотография ақсақалының тұрғыластары, әріптестері, туыстары және өнер және спорт адамдары қатысты. Бұл туралы photooner.kz тілшісі хабарлайды.  Бұл көрмеге Қалиғұмар Қабдешұлының Қазақстанның жаңа тарихын бейнелейтін айшықты суреттері қойылды. Тәуелсіздіктен бергі саяси оқиғалар, өнер мен театр саласындағы биік […]

Ертең Астанада фотоэнциклопедияның тұсаукесері өтеді

Сіздерді, 30.11.2023 ж. сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтетін Асылхан Әбдірайымұлы мен Дәурен Мақсұтханұлының құрастыруымен жарық көрген «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның Астанадағы тұсаукесері мен арнайы фотокөрменің ашылуына шақырамыз. Шараны ұйымдастырушылар: «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Фотоэнциклопедияның таралымына қолдау көрсеткен Пернебаевтар әулеті. Өтетін орны: Л.Н. Гумилев […]

Алматыда «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның тұсауы

Алматыда «Атакент» көрме орталығында «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедияның тұсаукесері өтті.    Шара «Ұлы Жібек жолымен» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі аясында арнайы фотокөрмемен бірге ұйымдастырылды. Тұсаукесер рәсімін Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Дарын» баспасы ұйымдастырды. Айтулы шараға кітаптың құрастырушылары «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы, әл-Фараби […]

Алматыда «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясының тұсаукесері өтеді

Құрметті фотография өнерінің жанашырлары! Сіздерді 24.11.2023 ж. сағат 11:00-де «Atakent-Expo» ҚІЫО (Алматы қаласы, Тимирязев көш., 42) көрме павильонында болатын «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясының тұсаукесеріне шақырамыз. Шара «Ұлы Жібек жолымен» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі аясында өтеді және арнайы фотокөрме ұйымдастырылады. Шараны ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, әл-Фараби […]

Асқар Бумага Canon-ның Қазақстандағы алғашқы амбассадоры атанды

Canon компаниясы қазақстандық фотограф Асқар Бумагамен визуалды оқиғаларды жасауға деген құмарлықтарымен бөлісуге ниетті әлемнің ондаған үздік фотографтары мен видеографтардың басын қосатын Canon амбассадорлары бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы жариялады. Canon амбассадорларының жарқын және шабыттандыратын бағдарламасы бүкіл әлем бойынша әртүрлі жастағы фотографтар мен видеографтарды іздеп тауып, оларға көмек көрсетеді. Асқар Бумага — Canon брендінің амбассадоры болған Қазақстандағы […]

Президент Пернебаевтар әулетіне құттықтау хат жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пернебаевтар әулетіне құттықтау хатын жолдады,- деп хабарлайды Photooner.kz тілшісі.  «Еліміздегі фотоөнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Сайлау Пернебаевтың мол мұрасы негізінде әзірленген «Ақ пен қара» фотокітабының жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймын! Әйгілі фотожурналистің еселі еңбегін кейінгі буын жастардың танып-білуі аса маңызды. Тарихи сәттер бейнеленген фотокітаптың сала мамандарына ғана емес қарапайым әрбір оқырманның […]

Астанадағы «Ақ пен қара» фотокітабының таныстырылымы

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың «Ақ пен қара» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұсаукесерге министрлік өкілдері, белгілі қаламгерлер, ақындар, депутаттар мен фотографтың отбасы мүшелері қатысты. «Ақ пен қара» кітабы фотожурналистің 85 жылдығын атап өту аясында жарық көрді. Аталған еңбекке Сайлау Пернебаевтың осыдан 60 жыл бұрын түсірген […]

Асылхан Әбдірайымұлы: Бір суретпен өлең шығаруға, тіпті роман жазуға болады

Фотография – өміршең өнер. Өткенімізді дәл сол қалпында көз алдымызға әкелетін де, бүгінімізді таспалап тарих бедерінде қалдыратын да – фотографияның жемісі. Нағыз кәсіби фотограф үшін адамның сыртқы келбетін ғана емес, ішкі болмысын «сөйлете» білу маңыздырақ. Осы уақытқа дейін ұлттық болмысымыз бен салт-санамыздан сыр шертетін құнды мұрағаттар сақталып келді. Сол тарихты жасаушылар – ардагер фотографтарымыз еді. […]

Артиллерия – соғыс тәңірі!

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі Құрлық әскерлерінің негізгі міндеттеріне қарсы келген жауға тойтарыс беру үшін әскерлердің ұрыстық әзірлігіне қолдау көрсету, еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету, мемлекеттік шекараны қорғау, бітімгерлік және басқа да берілген тапсырмаларды орындау кіретіндіктен, құрамындағы бірнеше әскер түрлерінің ішіндегі Зымыран әскерлері және артиллерия күшінің алатын орны ерекше. Тарих […]

«Ақ пен қара»

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақстандық фотожурналистика негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85-жылдығына арналған «Ақ пен қара» атты фотокітабының тұсаукесері және мерейтойлық жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылуы өтті,-деп хабарлайды photooner.kz. Қазақ фотожурналистикасының қалыптасуы мен дамуына айрықша үлес қосқан Сайлау Пернебаев ұлттың қайталанбас тұлғаларының бейнелерін тарихқа фотошежіре ретінде қалдырды. Оның әр алуан тақырыптарды қамтыған және […]