Табиғатты суретке түсірудің төрт композициялық ережесі

 Табиғатты суретке түсірудің төрт композициялық ережесі

Табиғатты суретке түсірудің төрт композициялық ережесі. Бұл ережелер шығармашылық еркіндікке шектеу қоюшы емес, сапалы әрі қызықты туындыларға жол ашушы болуы керек.
1. Диагональдар. Фотосуреттегі «түзу сызықтарды» қолданыңыз. Егер суретте диагональдар болса, көрерменнің қабылдауы оңайырақ және тиімді болады. Әрине, нақты диагональ болуға тиіс емес, сюжеттік — таулардың іилісі , ғимараттардың кескіндері, жасыл желектерді мысалға алуға болады.
2. Геометриялық фигуралар. Фотосуреттегі заттарды геометрия заңдарына сәйкес туралаңыз. Бұл ереже «диагональдарға» ұқсайды, бірақ сюжеті мүлде басқаша. Мысалы, үшбұрыштың көмегімен сіз керемет және ерекше фотосуреттер жасай аласыз.
3. «Үш бөлік» ережесі. Көпшілігі бұл ережені қалып кеткен деп санайды. Алайда, композицияны құруда бұл ережені қолдану әлі де тиімділігін жоғалтқан жоқ. Әсіресе табиғатты түсіргенде. Табиғаттың негізгі назар аударарлық жерлерін суреттің үштен бір бөлігінің қиылысқан нүктесіне орналастырып, көрерменнің назарын аудартуға болады.
4. Жақтау. Суретті жұмбақ әрі атмосфералық ететін қызықты тәсіл. Алдыңғы тұрған объектілерді пейзажымыз үшін «жақтау» ретінде қолданып, атмосфералық фотосурет ала аламыз. Бізбен фотосуреттерді бөлісуді ұмытпаңыз.

Аударған-Бақдәулет Әбдуәлі, photooner.kz

Фото-Ернұр Манапханұлы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *