Тегтер : Фотоөнер

Тарихи фотосуреттегі-Абай бейнесі

«Қазақстан фотоөнері ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дами бастады. Бірақ бұған дейін ішінара фотоға алғаш түсушілер қатарынан Жәңгір хан мен оның зайыбы Фатиманың (1840), Ш.Уәлихановтың (1847), Құнанбай мен оның кіші әйелінің (1853) есімдері белгілі. Бұл фотолар кезінде әртүрлі тарихи басылым беттерінде жарияланғаны белгілі. Фотоөнері Қазақстанға арнайы сапармен келген  Ресей және шет ел фотографтарының күшімен жергілікті […]

Қандай камера ең жақсы?

Камераны таңдау тақырыбы әрдайым өзекті болған және болады. Уақыт өтіп жатыр, техника өзгеруде, осы тақырыпта жазылған ескі материалдар үмітсіз ескіруде. Тіпті бұрын мызғымас болып көрінетін жалпы ұстанымдар да қазір жиі күмән тудырады. «Ең жақсы» камераны қалай таңдауға болады? Ең алдымен, сіз камера қолданылатын тапсырмалар шеңберін анықтауыңыз керек. Әрқайсысының міндеттері әртүрлі және сіз мүлдем әмбебап камера […]

Фотография: Жарық және оның түрлері

Түсірілетін нысана жарықпен жеткілікті қамтамасыз етілсе, оны түсіру оңайға соғып, ұсталымды (выдержка) азайтуға мүмкіндік туады. Бірақ мәселе жарықтың мөлшерінде емес, ең бастысы оның бағытында. Суреттегі заттардың пішіні, көлемі, фактурасы жарыққа байланысты. Ауа кеңістігінің берілуі мен перспективасы жарықтың арқасында жүзеге асады. Кез келген қол шамды алып, кішігірім, нысанаға жарықты әртүрлі нүктеден берсеңіз, оның түр – түсінің […]

Фотография: Экспозиция негіздері

Әр кадр үшін белгілі мөлшерде жарық (экспозиция) керек. Фотоаппаратта жарық ағымын реттеу үшін үш мүмкіншілік бар. Олар: диафрагма, ұсталым және сезімталдық деңгейі (чувствительность).  Сезімталдық тек қалқамен (диафрагма)  ұсталымды (выдержка) өзгертуге мүмкіндік жоқ кезеңде ғана қолданылады. Қалқа (диафрагма)  бен сәулелеу уақыты өте тиімді көркемдік құралдар қолдануға оңай болуы үшін алдымен бұлар не екенін біліп алайық. Қалқа […]

Фотография: Әйнеккөз (объектив) және оның түрлері

Суретке түсіру әйнеккөзі фотоқұжаттың жарық сезгіш қабатында суретке түсiрілмекші нысананың жарық сәулелік кескінін тудырады. Объектив металл немесе пластмасса құрсау ішіне орналастырылған бірнеше (10- ға дейін, кейде одан да көп) линзалардан құралады. Құрсау ішінде сонымен қатар әйнеккөз механизмі, кейде фотографиялық шымылдық та орналасады. Құрсау линзалардың өзара дәл орналасуын қамтамасыз етеді және оларды механикалық зақымданудан сақтайды. Әйнеккөз […]

Байжансай

Байжансайдың табиғаты  туристерді тартуға тұрарлық Байжансайда кездескен ескі мүсін Шымкенттен  140 шақырым қашықтықта орын тепкен Қаратау тауының баурайында орналасқан ауылда кезінде қайнаған тіршіліктің орны болған Қойнауы құтқа толған Байжансайдың мәдениет үйінің қазіргі көрінісі. Байжансайда аурухана, мектеп, монша, клуб, тіпті қонақүйге дейін салынған. Байжансайдың талай түлектерін үлкен өмірге аттандырған орта мектебі. Он сегіз көпірден ары-бері өтіп, […]

Фотография: Фото керек-жарақтары (фотоаксессуары)

Фотография дүниеге келген ілкі замандарда суретке түсіру үшін фотокамерадан басқа тек жарқылдақ шам (вспышка) және тірек (үштаған) қажет болатын. Бүгінгі таңда әртүрлі жерге, жағдайға байланысты жүзге жуық неше түрлі құрал-жабдықтар қолданылады. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында фотограф үшін ең маңыздысы түсірілім кезінде камераның тұрақтылығы үштаған және басқа да тәсілмен қамтамасыз етілді. Себебі ол […]

Фотография: Фотоаппараттың кұрылысы және түрлері

Фотоаппарат — жарық өткізбейтін камерадан (фотокамерадан) суретке түсіру әйнеккөзінен (объектив), суретке түсірілмекші кеңістіктің шекарасын анықтаушы кескін іздегіштен, фотопленкаға сәттік жарық түсу мөлшерін реттеп тұратын серіппелі жапқы — шымылдықтан (затвордан) және фотопленка салынатын кассетадан (қазіргі кезде – пленка орнына матрица қолданады)   кұралған оптикалык-механикалық құрылғы. Фотографиялық жапқы –шымылдық (затвор) суретке түсіру кезінде, жарық сәуленің фотопленканың жарық сәуле […]

Фотография: Фотография тарихы. Көркемдеу құралынан – күрделi салаға

Адамзат өмiрiн мәндi де сәндi етуге зор септiгiн тигiзген  жаңалықтардың бiрi –  фотография. Фотография  1839 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келдi. Яғни, сол күнi Париж Ғылым академиясының ғылыми хатшысы Доминик Франсуа Араго осы ғылым  академиясының сол күнi өткен кезектi мәжiлiсiнде француз өнертапқышы Луи Жак Манде Дагер ашқан «Камера обскура» («Қара қобдишаның») iшкi артқы қабырғасына салынған иодталған […]