Тегтер : Фотоөнер

Америка мен Қазақстан: Сіз ойлағаннан да жақын

Алматыда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қолдауымен «National Geographic Qazaqstan» журналы мен «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Америка­ мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрме ашылды. Көрменің ашылуына АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулдығы БАҚ, білім және мәдениет бөлімі басшысының орынбасары Стефани Стравачи, «National Geographic Qazaqstan» журналының шеф-фотографы Ерболат Шадрахов пен журналдың жарнама бөлімінің директоры әрі […]

Биік таулар, биікпін деп шіренбе

Бағындырған сені де бір қазақ бар… Анау Арктикадағы ақ аю Өр Алтайда бар десе, сенер ме едіңіз? Әй білмеймін. Оны қойып теріден киім киіп, үңгірлерді мекен ететін жабайы адамдар бар деседі әлі күнге.       Қытай. Алтай қаласы. Кешкі астан кейін қонақ үйге жайғастық. Не заманда есік қағылды. Аштым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем […]

Серік Мұқышұлы: Мен таңдаған жол–деректі фото

Серік МҰҚЫШҰЛЫ, Алтай аймақтық фотосуретшілер қоғамы төрағасының орынбасары, Қазақстан «Фотоөнер» қоғамдық-бірлестігінің мүшесі: – Сіз түсірген суреттердің көпшілігі қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан этнографиялық өмірімен тығыз байланысты. Өзіңіз туып-өскен Алтай аймағындағы қазақтар тіршілігін сурет­тейсіз. Халық та сізді осы қырыңыздан жақсы таныды. Ал осы «фотоөнер» деп аталатын құдіретті өнерге қалай келдіңіз. Бұл балалық арман ба, әлде […]

Бөкеевтер әулеті және құнды суреттер тарихы

Қазақтың біртуар ақыны, Жәңгір ханның немересі Шәңгерей Бөкеев қазақтан шыққан тұңғыш фотограф екенін біреу білсе, біреу білмейді. Әлемде фотография өнерінің пайда болғанына 180 жыл толса, осыдан 120 жыл бұрын Шәңгерей өзінің фотоаппаратымен тұңғыш суреттерін түсірген. Бұл кезде әлемде көптеген халықтар фотоөнердің не екенінен мүлдем бейхабар еді. Әдетте «қазақ­тар фотоөнерді Екінші дүниежүзілік соғыс­тан кейін игерді» дейтін […]

Фотографтар өз құқықтарын білуі керек

Алматыда Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің ұйымдастыруымен  «Фотографиядағы авторлық құқықтарды қорғау мәселелері » атты дөңгелек үстел өтті. Фотографтар басқосуы фотографиядағы авторлық құқыққа қоғамның өркениетті қарым-қатынасын қалыптастыру және фотоөнім авторлары қауымдастықтарына Қазақстан Республикасы авторлық құқықты қорғау жөніндегі заңнамаларын түсіндіріп, ақпараттандыру мақсатында өтті. […]