«WorldSkills Almaty-2021» аймақтық чемпионатының жеңімпазы анықталды

 «WorldSkills Almaty-2021» аймақтық чемпионатының жеңімпазы анықталды

22 қазанда Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде «WorldSkills Almaty-2021» аймақтық чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Осы жылы аймақтық чемпионат 49 құзыреттілік бойынша өткізілді, оның 14 құзыреттілігі ІТ бағыты бойынша өткізілді. Чемпионатқа 18 колледж және 2 ЖОО, 89 конкурсант және 112 сарапшы қатысты. Чемпионат білім басқармасының басшылығымен және Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтті.

«Фотография» құзыреттілігі бойынша Бірінші орынды  әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) журналистика факультетінің 4-курс студенті Әбдуалы Бақдәулет иеленді.Эксперт-компатриоты, факультеттің аға оқытушысы Асылхан Әбдірайымұлы.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларға «WorldSkills Kazakhstan 2021» Ұлттық чемпионатында өз кәсіби шеберліктерін және Алматымызды жоғары деңгейде көрсетуге тілектеспіз.

Өз тілшімізден

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *