Алматыда түркі әлеміндегі жас ақындардың Халықаралық поэзия фестивалі өтті

 Алматыда түркі әлеміндегі жас ақындардың Халықаралық поэзия фестивалі өтті

Алматы қаласында түркі әлеміндегі жас ақындардың Халықаралық поэзия фестивалі өтті. Оған Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түрікменстанның ақындары қатысты. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. 

Фестивальдің басты мақсаты – түркі әлемінің бірлігі мен мәдениетін нығайту, жас ақындардың шығармашылық көкжиегін кеңейту. Іс-шара ТҮРКСОЙ ұйымының, Алматы қаласы әкімдігі мен «Тұлға-Достық» қоғамдық қорының қолдауымен өтті.

Фестивальдің ашылуы«Поэзия аллеясында» (Сейріков көшесі, 2а) өтті. Ашылу салтанатында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Қаныбек Иманалиев, Қазақстанның қоғам қайраткері, «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері Асыл Осман және басқа да зиялы зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен меценаттар сөз сөйледі. Шараның ашылуында «Фотоөнер» ҚБ ұйымдастыруымен Сайлау Пернебаевтың туған күніне орай «Поэзия аллеясында» 40 фотосуреті көрмеге қойылды. Одан кейін «Алатау театрында» Сайлау Пернебаевтың Шыңғыс Айтматовты түсірген фотосуреті Сұлтан Раевқа сыйланды.  Сондай-ақ, «Ақ пен қара» фотоальбомы жарысқа қатысушыларға табысталды

Ал фестивальге қатысушы ақындар сағат «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында (Нұркент ықшамауданы, 6) өнер көрсетті.

Қатысушылар: Мухиттин Гүмүш (Түркия), Арайлым Мұраталиева (Қазақстан), Дәурен Тілеухан (Қазақстан), Вильям Молотов (Қазақстан), Ерқанат Кеңесбекұлы (Қазақстан), Ырысгүл Изатова (Қырғызстан), Акжол Доранбек уулу (Қырғызстан), Канатбек Таалайбек уулу (Қырғызстан), Шухрат Ариф (Өзбекстан), Мансур Жумаев (Өзбекстан), Хулкар Шерзодова (Өзбекстан), Интигам Яшарұлы (Әзербайжан), Хошгелдиева Махым (Түрікменстан).

Сонымен қатар, фестиваль барысында «Алатау серілері» ансамблі, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Ерден Жақсыбек, сондай-ақ «Алатау» этно-фольклорлық ансамблі сынды қазақстандық танымал өнер ұжымдары мен орындаушылар ән шашуын ұсынды.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *