Бірлестік бағдарламасы

«ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі шаралары

2010-2018 жылдар арасындағы шаралары

1

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» фотокөрме

2011 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» атты фотокөрме өтті. Ол Алматы қаласында  Ә.Қастеев атындағы мұражайда, Астана қаласында  Президенттің мәдени орталығында және  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы орталық көркем-өнер галереясында болды. Жалпы саны 34 фотосуретші қатысқан фотокөрмеде ел тәуелсіздігінің 20 жылындағы тарихи сәттер, тарихи -тұлғалар, ашылған жаңа өндірістер, мәдениет, білім-ғылым, қорғаныс, спорт саласындағы жетістіктер, әсем табиғаттың, салт-дәстүрдің  200-ге жуық фотосуреттері ел назарына ұсынылды.

2

«ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ – ҚАЗАҚСТАН»  фотосеминар

2012 жылдың сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы республикалық «Ақсу Жабағылы» ұлттық табиғи қорығында «ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ – ҚАЗАҚСТАН» атты фотосеминар әрі фотобайқаудың жобасы өтті. Жобаға Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысынан 15 фототілші қатысты. Алматыдан барған республикалық БАҚ-тардың («Айқын», «Алаш айнасы», «Жас Алаш» газеттері, «Игілік» журналы т.б.) фототілшілері шеберлік сабағын өткізді.

Жұмыстың мақсаты:

  • Фотожурналистердің тәжірибе алмасуы, кәсіби шеберлігін арттыру.
  • Қызғалдақты және Ақсу-жабағылы қорығының табиғатын, аң-құстарын түсіру.
  • Туризм саласының дамуына үлес қосу.

3

«ҚАЙРАТ МҰСТАФИН – 80»

Ардагер фотожурналистерге арнаған шарасының бірі ретінде «ҚАЙРАТ МҰСТАФИН – 80» атты фотокөрмесін атауға болады. Қайрат Мұстафин  қазақтың классик жазушысы Ғабиден Мұстафиннің ұлы. Ол ұзақ жылдар бойында  «Қазақ әдебиеті» газетінде және Қазақ телеграф агенттігінде қызмет етті. Сонымен қатар,  Қайрат М. Қазақстан туралы әр-түрлі фотоальбомдар мен кітаптарды көркемдік өңдеуге үлкен үлес қосты. Зейнетке шыққанға дейін «Өнер» баспасында  қызмет атқарды. Қайрат Мұстафин бүкілодақтық және халықаралық фотокөрмелердің  дипломанты болып табылады.

Аталмыш фотокөрме 2012 жылдың наурыз айында Алматыда Жазушылар одағы ғимаратында ашылып жалғасын сәуір айында автордың туған жері Қарағанды қаласындағы облыстық бейнелеу өнерінің мұражайында жалғасты. Көрмеде 1950-2000 жылдар аралығындағы тарихи сәттерден 80 фотосуреттері қойылды.

4

«ШӘЛКӨДЕ – ЕЛДІҢ ЖАЙЛАУЫ» фотоэкспедиция

2012 жылдың жаз айында ұйымдастырылған «ШӘЛКӨДЕ – ЕЛДІҢ ЖАЙЛАУЫ» атты халықаралық фототүсірілімнің орны ерекше. Фототүсірілім еліміздегі ең биік шың – Хантәңірі баурайындағы көз тоймас әсем табиғатымен танымал Шалкөде жайлауында өтті. Бұл түсірілімге арнайы ҚХР-дан  фотография саласынан профессор атағы берілген Түсіпбек Сләмқұлұлы мен «ШҰАР» фотосуретшілер одағының мүшесі Бағдаулет Батырбекұлының және Моңғолиядағы Баян-Өлги аймағынан фотосуретші Жанарбек Ақыбиұлы шақырылған болатын. Сонымен қатар, Астана қаласынан ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен фотожурналист Ермек Сарбасов, Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметшісі Рафхат Халелов, Маңғыстау облыстық газетінің фототілшісі Сәби Майемеров және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстық газеттері мен республикалық басылымдардың фотожурналистері қатысты. Жалпы саны 16 фотосуретшілер қатысты. Таңның атуынан бастап сәтті көріністерді, елдің тыныс тіршілігін, өсімдіктері мен жәндіктерін, тарихи ескерткіштерін, түнгі көріністерін фотосуретшілер бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып  үш  күн түнеп түсірумен болды.

5

«ФОРМАТ-2012» фотобайқауы

2012 ж.   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің мәжіліс залында «Бүгінгі ел фотоөнерінің тынысы» атты  ардагер фотошежірешілер, белгілі фототілшілер, кәсіпқой және әуесқой фотографтардың студенттермен кездесуі өтеді. Бағдарламада:

1. Бүгінгі фотография, фотопублицистика саласының еліміздегі тынысы.

2. «ФОРМАТ-2012» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау.

3. Студенттермен сұрақ-жауап алмасу.

Ұйымдастырушы: «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, ҚазҰУ-дың журналистика факультеті

6

«ФОТОЖУРНАЛИСТИКА»  оқу құралы

2013 жылы  «ФОТОӨНЕР»ҚБ-нің мақсат-жоспарына сәйкес  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде жас мамандарға арналған «Фотожурналист шеберлігі» пәнінен арнайы дәріс оқытылады. Осы салада дипломдық жұмыстар жазылуда және де елімізде қазақ тілде тұңғыш «ФОТОЖУРНАЛИСТИКА» атты оқу құралы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрді. Бұл оқу әдістемелік құралында автор фотоөнердің тарихына барынша шолу жасайды, оның қазақ топырағындағы өріс алу баспалдақтарын саралайды. Фототехника түрлерімен таныстырады, фотограф шеберлігінің құпияларын ашады. Фотоаппаратпен жұмыс істеу машықтарына үйретеді. Атаулар мен терминдерге түсініктеме, анықтама береді.

Оқу әдістемелік құралы журналистика мамандығы бойынша фотожурналистика пәнінен дәріс алатын студенттерге және де фотосүйер көпшілік қауымға арналған.Екінші толықтырылған басылым 2016 жылы жарық көрді.

 7

«ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ» фотоальбом   

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2013 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша, «ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ» атты фотоальбом  «Өнер» баспасынан 2000 данамен жарық көрді.

Бұл фотокітап Қазақстанның 1940-2000 жылдар аралығындағы соғыс және еңбек ерлерін, әр саладағы белгілі тұлғалардың бейнелерін, мәңгілік тарихта қалдырған, баспасөз арқылы халыққа зор қызмет еткен, ел сүйіспеншілігіне бөленген фотошежіреші ағаларымызға арналып отыр. Осы салада қызмет етіп жүрген мамандарға, тарихын зерттеушілерге, журналистика саласында оқып жүрген студенттерге арналған.

8

photooner.kz сайты

Бірлестік  photooner.kz сайтын ашқан болатын. Бұл мемлекеттік қазақ тіліндегі тұңғыш фотосайт болып табылады. 2013 жылы сайт ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы конкурсының «Мекемелер мен компаниялар» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

9

«Шеберлікке бастау» қайырымдылық шарасы

2013 жылдың 20 мамырында, Алматы облысындағы №1 Балалар үйінде «Шеберлікке бастау» атты Балаларды қорғау күніне арналған акция (қайырымдылық шарасы) бастау алған болатын.                                                                                                                                        

Іс шараның басты мақсаты балалар үйінің тәрбиеленушілерін фото өнерімен таныстырып, болашақ мамандық таңдауларына көмектесу және фотоүйірме ашу болып табылады. Аталмыш акция шеңберінде жоғарғы сынып оқушыларына фотошеберлік сабақтары және табиғатқа шығып тәжірибелік шаралар өткізілді. 24 мамырда практикалық сабақ ретінде 20 бала «Үшқоңыр» жайлауына шығып, фотоөнер саласындағы мамандармен біріге отырып, фототүсірілімдер жасады. Фотоөнердегі шеберлік сабақтарын бірлестіктің мүшелері өткізді. Маусымның 1-і күні практикалық сабақтардың нәтижесі бойынша балалардың түсірген 40 үздік суретінен Алматы облыстық №1 Балалар үйінде фотокөрме қойылды.

10

Шеберлік сабақтары

Бірлестік әуесқой және кәсіпқой фотосуретшілер арасында жиі басқосулар мен жиналыстар, студенттермен кездесу, арнайы шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады.

11

Халықаралық қоршаған ортаны қорғау» және Қазақстан Республикасындағы «Эколог» күні мерекелерінің құрметіне ұйымдастырылған, жыл сайын өткізілетін «Табиғат-тал бесік-2014» атты, биылғы «Су – өмір нәрі» тақырыбымен өтетін фотокөрменің салтанатты ашылуы маусым айының 5-ші жұлдызында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өтті. Фотокөрменің салтанатты жиынын «Қазгидромет» РМК Бас директоры Айбек Тәжіғалиұлы Меңдіғарин ашты. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров  Мерекелік құттықтау сөзін сөйлеп, іс-шара ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.Ал аталмыш шараның жұмысы жайлы, басынан бастап кеңесші, іріктеу комиссиясына арнайы маман ретінде қатысып төрелік жасап, ақпараттық қолдау көрсеткен  «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым мырза жалғастырды.

Салтанатты ашылу жиыны, биылғы жүлдегерлерді марапаттау рәсімімен жалғасты. Көрмеге фотосуреттері таңдалып алынған 28 фотосуретшіге арнайы сертификаттар жолданды. Ал келесі алты жүлдегерді интернет дауыс беру арқылы орындары анықталды және түрлі сыйлықтарға ие болды.

12

 «ULYTAU – 2014» фотоэкспедициясы,  Қарағанды облыстық әкімшілігінің қолдауымен.

Ұлытау – бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызға айналған, ақындары жырына арқау еткен қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері.    Ұлытауды «көлдер мен бұлақтар елі» деп те атайды.

Осыған орай  «ULYTAU – 2014» фотоэкспедициясы арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев:  «Қасиетті Ұлытау-қазақ елінің баяғыдан бергі тарихи және саяси кіндігі», –деп атап өткеніндей еліміздің мақтанышы Ұлытау өңірінің бүгінгі тыныс-тіршілігін фотосуреттер арқылы көрсетпек едік.

Бұл жобаның ерекшелігі еліміздің белгілі басылымдары мен министрлік,агенттіктердің және Қытай Халық Республикасындағы қандас фотожурналистерінің бірігіп атсалысуы. Мұндай деңгейдегі мамандардың бірігіп атқарған жобасы 2012 жылы Хантәңірі баурайында «Шалкөде- елдің жайлауы» деген атпен өткен болатын.

Бұл жолғы  «ULYTAU – 2014»  жобасының мақсаты:

Атамекенге, отанға деген патриоттық сезімді ояту;

Еліміздің қасиетті жерлерінің бірі Ұлытаудың табиғаты мен тарихи жерлерін фотографиямен көрсету;

Туризм саласының дамуына, EXPO-2017 көрмесінің сәтті өтуіне үлес қосу;

Фотосуретшілердің тәжірибе алмасуына жағыдай жасау және қорларын байыту.

Өткізу уақыты: 19-22 маусым, 2014 ж.

13

«Сайлау Пернебаев-75» фотокөрмесі

2014 жылдың 3 қарашасында , сағат 11:00 де, Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасында  (Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14) «Сайлау Пернебаев-75» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.Фотокөрме,   елімізде  фотожурналистика негізін қалаушылардың бірінің шығармашылық мұрасымен таныстыру мақсатында, белгілі фотожурналист Сайлау Пернебаевтың 75-жылдығына арналады.Фотокөрменің ұйымдастырушысы Қазақстан жазушылар oдағы мен «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі  болып табылады.Фотокөрмеге автордың жарты ғасыр бойындағы түсірген еңбектерінен жалпы саны 70 фото қойылды.

14

Кәсіби фотожурналист  Н. Жұбанов 85 жаста. Атырауға іссапармен

ФОТОӨНЕР қоғамдық бірлестігінің 2014 жылғы жоспарында, ардагер ағаларымызды еске алу шаралары қарастырылған болатын.Туған жеріне келгенімізде, Нұрғожа ағамызды  85 жасқа толуымен, Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан құттықтады.  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі кездесу,ардагердің еңбектерімен танысу және  студенттердің сұрақ-жауаптармен қызықты өтті.Аталмыш оқу орнының басшылығы да осындай кездесуге ризашылықтарын білдіріп сый-сияпат жасады. Ал келесі шара, облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде, оқушы жастармен фотокөрме тамашалаумен жалғасты.Фотокөрмеден соң қазақтың нар тұлғаларынан тұратын 22 тарихи туындылары естелікке музейге тарту етілді.

 

15

Шеберлік дәріс

«Медиасфера» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдығына арналған «КОММУНИКАЦИЯ — БӘРІНЕ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ ӨНЕРІ».

Бірінші халықаралық Журналистика және Коммуникация Қысқы мектебі. 30 қаңтар – 1 ақпан 2014 жыл. Алматы облысы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағы.

 

16           

ҚХР.  ШІҢГІЛ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚ ҮКІМЕТІ

№(2015ж. ) 12 құжат

ШАҚЫРУ ХАТ

Құрметті  Асылхан Әбдірейім :

Ауданымыз қаңтар айының 29 — ақпан айының 2 күні аралығында Ырыстөбе ауылында «Қытай. Шыңгіл ауданының қазақ ұлттық мәдениет мерекесі — Бүркіт салу мен тазы жүгірту жарысын» өткізуді жоспарлап отыр. Сізді осы мерекеге қатысуға шақырамыз. Дайындық ойдағыдай болу үшін, 2015 жылы 26 қаңтардан бұрын хабаралсуыңызды сұраймыз.

Байланысшы: Нұрланбек Қабдыл — Шіңгіл ауданы Байланыс кеңсесінің орынбасар бастығы.   

 

17 

«Фотошебер-2015»номинациясының иегерін бірге анықтайық!

2015 жылдың сәуір айынан бастап «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен республикамызда фотосурет саласын дамыту жолында ай сайын «Фото-сын» сағаты өткізілді. Бұл шараға әр аймақтан белгілі 10 фотосуретші қатысты.

Әрбір фотосуретші өз мұрағатынан түрлі жанрда түсірген ең үздік суреттерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде өткізілген сағатқа әкеліп ұсынды. Барлық жұмыстар мен еңбектерді сурет, өнер және фотосурет саласындағы маман, сыншылар талқыға салды. Аталмыш сағаттың мақсаты: фотосуретшінің осал тұстарын түзеп, кәсіби деңгейін көтеру.

Құрметті, «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, сіздің даусыңыз арқылы «Фотошебер-2015» номинациясының иегері анықталады.

«photooner.kz» сайтынан 10 фотосуретшінің жұмыстарымен танысып,10 баллдық жүйе аясында  —————- эл.пошта арқылы дауыс беруіңізді сұраймыз.

Дауыс беру мерзімі — 07.01.2016 — 07.02.2016 жж.

 

18

«Қазақ хандығына 550 жыл» фотоэкспедициясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті мен «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай  Жамбыл облысында  2015 жылдың 19-21 маусым аралығында фотоэкспедиция ұйымдастыруда.Ұлт тарихын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуде «Қазақ хандығының 550 жылдық» мерекесінің маңызы ерекше. Тарихымызды тану – фотошежіресіз мүмкін емес. Осыған орай фотоэкспедиция аясында Жамбыл облысының көне тарихи жерлерінің Керей мен Жәнібек хандардың тұңғыш хандық құрған Қозыбасы аймағын, «Қорағаты», «Аңырақай» даласы мен «Хан тағы» тарихи орындарын фотоға түсіру.  

Экспедиция нәтижесінде түсірілген фотосуреттерден Алматы қаласында, университетте және  мемлекеттік деңгейде жоспарланған Тараз қаласындағы салтанатты мерейтойда арнайы фотокөрме қою көзделуде. Сонымен қатар бұл түсірілімдер, келер жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай мемлекеттік тапсырыспен жарық көретін «Қазақ фотошежіресі – тарих, дерек, өнер» атты фотоальбомға енетін болады. Бұл шаралар аталмыш тарихи кезеңде, елімізде келер ұрпақты отансүйгіштік рухқа тәрбиелеуге, сонымен қатар туризм саласының дамуына үлкен үлес қосатынына кәміл сенеміз.

Фотоэкспедицияға ҚР Ұлттық музейінің фотографы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті журналистика факультетінің басшысы, ұстаздар мен студенттер,«Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Алматы ақшамы», «Жетісу» және т.б. республикалық, облыстық газеттердің фототілшілері қатысуда.

Фотоэкспедицияға қолдау көрсеткен Жамбыл облыстық әкімшілігі мен «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы.

 

19

Ардагерлерге құрмет!!!

КУӘЛІК № 1

Нұрғожа ЖҰБАНОВ

Қазақстан фотожурналистикасына сіңірген еңбегі үшін

ФОТОӨНЕР  ҚАЙРАТКЕРІ

медалімен марапатталған

№ 2   Нұрманбет  ҚИЗАТҰЛЫ. № 3   Шүкір  ШАХАЙ.  № 4   Рахымбай  ХАНАЛЫ

№ 5   Қайрат  МҰСТАФИН. № 6   Сайлау ПЕРНЕБАЕВ. № 7  Түсіпбек  СЛӘМҚҰЛҰЛЫ

№ 8   Сиез  БӘСІБЕКОВ. № 9  Советбек  МАҒЗҰМОВ. № 10  Болат  ОМАРАЛИЕВ

 

20

 «National Geographic Қазақстан!» бірге әріптестік

МЕМОРАНДУМ О ВЗАИМОПОНИМАНИИ

МЕЖДУ ТОВАРИЩЕСТВОМ С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ

«KAZMEDIA HOLDING» И ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ «Фотоөнер»

О  СОТРУДНИЧЕСТВЕ И РЕАЛИЗАЦИИ СОВМЕСТНЫХ ПРОЕКТОВ

Товарищество с ограниченной ответственностью «KAZMEDIA HOLDING» и Объединение свободных фотографов и фотопублицистов Казахстана , именуемые далее “Участники”, а по отдельности “Участник 1” и “Участник 2”,

учитывая наличие достаточного опыта в выбранных сферах своей деятельности;

понимая выгодность объединения усилий «Участников» и важность в реализации

совместных проектов;

желая содействовать лучшему взаимопониманию и укреплению взаимоотношений в области медиа-деятельности между «Участниками» в будущем;

Таңқалдырған – «National Geographic Қазақстан!»

«National Geographic-тің» таңқалдырған үздік 50 фотосуреті Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қойылды. Көрме Орталық Азия өңірінде тұңғыш рет жарық көрген «National Geographic Қазақстан» журналының тұсаукесері аясында ұйымдастырылды.

21

   2016 жылы «Тәуелсіздік тағылымы-25» атты жобаны ұйымдастыру қолға алынды.

Жоба ұйымдастырушысы — «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі. Сонымен қатар, қолдау көрсетуге Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат Министрлігі, Алматы, Астана қалалары және  Атырау облыстарының әкімдіктеріне ұсыныс жасалды.

Жоба мақсаты — мемлекетіміздің, қоғамымыздың, рухани өміріміздің маңызды оқиғаларын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу.

Жоба 4 түрлі шарадан тұрады. Олардың негізгі міндеті Қазақстанның табиғаты, тарихи ескерткіштері, білім, ғылым, мәдениет, спорт,  және экономика салаларындағы жетістіктерін көпшілік назарына ұсыну.

  1. «Елдің мақтаныштары» фотокөрмесі

Көрмеде «Халық қаһарманы», «Еңбек Ері» атақтарына ие болған азаматтардың, олимпияда  чемпиондарының, мәдениет, экономика, қайырымдылық салаларында мемлекеттік премияларға ие болған тұлғалардың фотографиялары көпшілік назарына қойылады. Шара 2016 жылдың сәуір айына жоспарланған.

Ұйымдастырылатын жерлер: Алматы қаласы – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 12- сәуір, Астана қаласы —  ҚР Ұлттық музейі  28-сәуір 2016 жыл..

  1. «Түркістан-2016» халықаралық фотоэкспедициясы

Қазақстанның фотошеберлері мен шетелдік әріптестерімен біріккен жыл сайын өткізілетін фотоэкспедицияның жалғасы. Бұған дейін Алматы облысындағы «Шалкөде – Хантәңірі баурайында» , Қарағанды облысындағы «YLUTAU-2014» және Жамбыл облысындағы «Қазақ хандығына – 550 жыл» ұйымдастырылды. Фотоэкспедицияның мақсаты – тарихи ескерткіштер, ұлттық салт – дәстүрлер және аймақтардағы әсем жерлерді фото және видеоға түсіру, болашақта «Алтайдан Каспийге» («Қазақстан – Шығыстан Батысқа дейін») фотоальбомын шығару.

Ұйымдастыру аймағы: Оңтүстік Қазақстан облысы. Фотоэкспедиция бағдары: Шымкент – Сайрам – Домалақ-Ана – Темірлан – Арыстанбаб – Түркістан — Сауран  және  Ақсу-Жабағылы қорығы.   Мерзімі: 20-23 мамыр  2016 жыл.

  1. «Менің Елім – Қазақстан» фотобайқауы

Фотобайқаудың тақырыбы еліміздің табиғаты, тарихи ескерткіштері мен мәдени орталықтары, салт – дәстүрлерін қамтиды. Байқауға Қазақстан Республикасының кез келген азаматы жасы мен өзге ерекшеліктеріне қарамастан қатыса алады. Ең үздік жұмыстар «Тәуелсіздік тағылымы-25» фотокөрмесінде қойылады.

Фотобайқау 2016 жылдың мамыр – тамыз айларында өтеді.

  1. «Тәуелсіздік тағылымы-25» фотокөрмесі — жылдың соңғы әрі басты шарасы.

Фотокөрмеде Қазақстанның ең үздік 25 фотожурналистерінің 125 фотожұмыстары көрсетіледі. Фотокөрменің басты мақсаты – Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылында фотообъективке түскен мемлекетіміздің басты оқиғалары, қоғамдық және рухани өміріміздегі маңызды сәттерді келешек ұрпаққа қалдыру. Фотокөрме аясында үш тілде шығатын және жоба серіктестерінің жарнамасы басылатын   «Қазақ фотошежірешілері: тарих, дерек, өнер» атты фотоальбомның тұсаукесері болмақ.

Ұйымдастыру аймақтары:  Астана, Алматы.  Мерзімі: 2016 жылдың қазан – желтоқсан.