«Ғасырдың көзі»
2018 жылдың аяғында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Ғасырдың көзі» атты фотокөрмесі өткен болатын.
Қазақ фотожурналистикасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның жарты ғасырлық фотошежіресін жасаған Рысқали Дүйсенғалиев, фотоөнердің майталман шебері Нұрғожа Жұбанов, қазақ спорт фотожурналистикасының негізін қалаушы Дендербай Егізовтың өнер жолы мен шығармашылығына арналған фотокөрме 15 қаңтарға дейін созылмақ. Ұлттық фотоөнерміздің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан азаматтардың өнер жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған көрмеге қазақ зиялы қауым өкілдері мен танымал спортшыларын бейнелген 150 фотосурет қойылған.
Рысқали Дүйсенғалиев-қазақ фотожурналистиканың негізін салушылардың бірі. КСРО Журналистер одағының мүшесі. Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Рысқали Дүйсенғалиев 1916 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Райгородок ауылында дүниеге келген.
Республика көлемінде Р. Дүйсенғалиевтің бірнеше рет жеке фотокөрмелері ұйымдастырлған. ТМД елдері мен шетелдерде өткен көрмелер мен байқауларға қатысып, түрлі жүлделергеие болған.
Оның фотосуреттері, АҚШ, Франция, Қытай, Болгария, Румыния, Польша, Чехославакия, Үндістан, Египет сынды әлемнің бірсыпыра елдерінің басылымдарына жарияланған.
Нұрғожа Жұбанов-1962 жылдан бастап КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Мәдениет қайраткері. Қазақ журналистикасындағы ұзақ жылдарғы еңбегі үшін Қазақ КСР-ның арнайы медальдарымен марапатталған.
Н. Жұбанов 1929 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында туған. Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданындағы Қызылжар орта мектебінде білім алған.
Еңбек жолын 1945-49 жылдар аралығында Орал мал зауытында бухгалтер қызметінен бастаған. 1949-52 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеген. 1952-56 жылдары бұрынғы Гурьев облыстық мәдениет басқармасында аға инспектор, облыстық өндірістік кооперацисы кәсіподақ мекемесінде инженер-инспектор қызменттерін атқарған.
1956-1961 жылдар аралығында С.М.Киро атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық «Қазақстан әйелдері» журналында, «Шалқар», «Қазақ елі», «Заман Қазақстан», «Ұлан» газеттерінде фототілші ретінде жұмыс жасады.
1989 жылы жаңадан құрылған Қазақстан Фотосуретшілер одағының бірінші хатшысы болып сайланған. Канаданың Монреаль қаласында, Жапонияның Осака қалсында, Данияда өткен Дүниежүзілік көркем фотосурет көрмелеріне қатысып, фотосуреттері арнайы жүлделерге ие болған. Кеңес дәуірі кезінде Бүкілодақтық және Республикалық фотокөрмелерге қатысып, бірнеше рет жүлдегер атанған.
Нұрғожа Жұбановтың фоосуреттері тек республика көлемінде ғана емес, алыс және жақын шетел басылымдарында да жиі жарияланған.
Дендербай Егізов— Қазақстан спорт фотожурналистикасының негізін қалаған азамат. Ол бір ғана басылымда, республикалық «Спорт» газетінде қызмет істеді. Спорт фотожурналистикасын игеру үшін дүниеге келіп, спорт фототілшісі болып 2007 жылы өмірден өтті.
Дендербай Қажығалиұлы Егізов 1939 жылдың 6 маусымында Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келді. Алматыдағы Шет тілдер институтын неміс тілі мамандығы бойынша бітіріп, республикалық «Спорт» газетіне фототілші болып орналасады.
Д. Егізов Мәскеудегі (1980 жыл), Сеулдегі (1988 жыл), Барселонадағы (1992 жыл), Лиллехаммердегі (1944 жыл), Атлантадағы (1996 жыл) Олимпиадалық ойындарға спорт журналисі ретінде қатысып, Қазақстан құрама командасы мүшелерінің жетістіктері мен табыстарын жариялап отырды. Әлемнің, Еуропаның көптеген чемпионаттарына, Азия ойындарына қатысты.
«Спорт-бейбітшілік елшісі» фестивалінің лауреаты, «Советский спорт» газетінің бүкілодақтық конкурсының жеңімпазы (1980 жыл), КСРО дене тәрбиесінің үздігі.
https://www.inatyrau.kz/news/1918914/gasyrdy-kzi-zalgasyn-tabuda