Дипломдық жұмысқа пікір

 Дипломдық жұмысқа пікір

Сүлейман Демирел университетінің студенті Айдана Әлібекқызының

«ҚАЗАҚ ФОТОЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» атты дипломдық жұмысына

Пікір

Қазақ фотоөнері тарихы сонау 1839 жылы Луи Жак Манде Дагердің қара қобдишасынан бастау алатын әлемдік фотоөнер тарихымен бірге дамып келеді. Бұл салаға өмірін арнаған қайраткер фотожурналистер: Рысқали Дүйсенғалиев (1916-2006), Петр Редько (1906-1970), Бекмұхамбет Тілекметов (1925-1970), Жүнісбек Пайызов (1930-2000), Қайрат Мұстафин (1932-2007), Нұрғожа Жұбанов 1929 ж.т., Сиез Бәсібеков (1936-2000), Сайлау Пернебаев (1939-2007), Дендербай Егізов (1939-2007), Нұрманбет Қизатұлы 1941ж.т., Алашыбай Есмагамбетов (1945-1996), Рахымбай Ханалы (1951-2005)және де есімдері аталмай қалғандар. Осы фототілшілер әр жылдары қас-қағым сәтті қалт жібермей, үлбірге түсіріп алып, дүйім жұртқа жария еткен қазақ әдебиеті мен мәдениеті, өнеркәсібі мен шаруашылығы, спорты мен тыныс-тіршілігін таныстыратын және сол салаларда өшпес із қалдырған адамдардың образын фотоөнер тілімен суреттейтін қайталанбас туындылары бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін аса құнды мұралар екені даусыз.  Олар елімізге еңбегі сіңген белгілі тарихи тұлғалар,соғыс еңбек ардагерлері, ақын-жазушылар,мәдениет-қоғам қайраткерлері секілді осылай тізімді жалғастыра беруге болады. Сонымен қатар қарапайым халықтың күнделікті тіршілігін және табиғат этюдтерін де өте ұтымды көрсете білген. Ал фотожурналистиканың негізгі жанрының бірі, публицистикалық тәсілмен түсірген туындылары, кез келген адамға, қоғамға көп ой тастайды.

Фотоөнер-бүгінгі күннің ғана емес,тарихтың мәселесі.Сондықтан да жастардың ғылым жетістіктерін бойына молынан сіңіре отырып, фотографияны оқып үйреніп,дұрыс қолдана білуінің маңызы зор.

Дипломдық жұмыс әлемдік фотографияның шығу тарихынан бастап бүгінгі Қазақстандағы даму кезеңдеріне шолу жасайды. Фототехниканың,фотожанрлардың әсіресе фотожурналистика жанрларының түрлеріне кеңірек тоқталады. Ал Фотожурналистиканың негізгі жанры-фоторепортажды, нақты дерекпен ,халықаралық REUTERS агенттігінің Қазақстандағы фоторепортері Шамил Жұматовтың шығармашылығымен ұтымды көрсете білген.

Айта кетерлік жәйт,мұндай тақырыпта бұрын-соңды еңбектер жоқтың қасы екенін ескерсек,автордың ізгі талпынысына қолдау көрсету керек деп білемін.Бұндай қорытынды жасауға қолжазба тілінің біршама жатық екені,баяндалатын тақырып барынша жан-жақты қарастырылғаны,көптеген арнайы терминдердің алғаш рет аударылып беріліп отырғаны себеп болады.

Қорыта келгенде, Айдана Әлібекқызының   «ҚАЗАҚ ФОТОЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» атты дипломдық жұмысы бүгінгі күнгі мұқтаждығына сай келіп,көпшілік қауымның сұранысын қанағаттандыруға тиіс еңбек. Сол себептен бұл еңбек өте жоғарғы бағаға ылайықты деп санаймын.

Пікір білдіруші

«ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан журналистер

одағы сыйлығының иегері Асылхан Әбдірайымұлы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *