Отан үшін отқа түс – күймейсің

 Отан үшін отқа түс – күймейсің

Приозерск гарнизонында орналасқан әуе қорғанысы күштерінің 44841 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті жауынгерлік жоспарға сәйкес қортынды бақылау атыс дайындығын тапсырды.

Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi өздеріне бекітілген атыс қаруын қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.

Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады.  Жеке құрам нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.

Қортынды бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар.        Олар келісім шарт бойынша бойынша қызметші сержант Джалимбетова Мая 97 және  жас сарбаз Тас Нұр 93 ұпай жинап жеке құрам алдында  өз шеберліктерімен көзге көрінді.

Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату даярлығын шыңдайды.

Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 44841 әскери бөлімінің командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Ван Михаил Сергеевич  өзі бақылады.

– Шеберлік мектебі атыс даласында шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді.

Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз.

Жеке құрам осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген 44841 әскери бөлімінің командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары.

Думан Жұмашұлы,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Суреттерді түсірген автор

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *