Оқу жылының қорытындысы
«Жауынгер – әскери өмірде шыңдалады» — демекші, егеменді еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері әр жылға белгіленген оқу жылында жауынгерлік даярлықтарын арттырып, Отан қорғау жолындағы қызметте өздерінің әскери біліктіліктерін шебер меңгеріп келе жатқандығына жоғары баға беруге тиіспіз. Бұл күндері Приозерск гарнизонына қарасты 44841,06708,18405,60601 әскери бөліміндері 2024 оқу жылығы қорытынды сабақтары өтуде.
Оқу жылын қорытындылауды осы бөлімнен құралған офицерлер және гарнизон бастығы полковник Савельев Дидар Шаймуратович қорытынды сабақтарына баға беруді өз бақылауына алған.
Оқу жылының қорытынды сабақтарына әскери бөлімдердегі жеке құрам түгел қатысады. Сабақ қорытындысын шығару барысында әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік даярлықтағы ептілігіне, оқу жылында меңгерген біліміне және шеберлік әдіс тәсіліне баға беріледі.
Сонымен қатар, жеке құрамның әскери техниканы жетік меңгеру және жауынгерлік даярлықты жетілдірудегі дене бітімін шыңдауды да бағалау бар екенін еске саламыз.
Әскери бөліміндер оқу жылын қорытындылауды осы бөлімнен құралған офицерлер мен келісім шарт қызметкерлеі өздеріне бағынысты жеке құрамға өз тараптарынан көмек қолын созды.
Ендеше, қатардағы сап түзеген барлық әскери қызметшілерге оқу жылының қорытынды сабақтарын табысты аяқтап, жоғары көрсеткіштегі бағаларға қол жеткізулеріне тілектестік білдіреміз!
Думан Жұмашлы, Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Суреттерді түсірген автор