Мұхитта жүзген Бозжыра

 Мұхитта жүзген Бозжыра
“Маңғыстауым — ашық аспан астындағы мұражай” деген екен Әбіш ағамыз.
Биыл “Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы” деп аталды. Маңғыстауға Алты Алаштың баласы бас қосатын болады. Ақтауға келген құрметті қонақтарды Бозжыра, Шерқала, Айрақты, Тамшалы, Тұзбайыр, Қарынжарық, Ақеспе, Едіге би баһадүр кесенесі т.б көрікті жерлерімізге саяхат жасатуымыз керек.
Сол жерлерге еліміздегі және түркі елдері фотографтарын шақыру қажет. Кәсіби фотографтар Маңғыстаудың керемет табиғатын әлемге таратады. Сол арқылы елімізге миллиондаған турист келеді. Қазынамызға мол қаражат түседі.
Елдің экономикасы көтеріледі. Түрік елі туризм мен жеңіл өнеркәсіп арқылы 85 миллион халықты асырап отыр.
Ертең мұнай да сарқылады, көмір де таусылады.
Біз құдайдың берген табиғи мұражайын тиімді пайдалануымыз керек. Ол үшін сәуір айы келгенде Бозжыра, Шерқала сияқты жерлерге қазақтың киіз үйін тігіп, қазақ ауыл жасап қою керек.Келген қонақтар қазақтың үйіне кіріп, шұбат ауыз тиіп, алты бақан ойнап, түйе сауғанды көріп, суретке түссе, елдеріне рухани байлық алып кетеді. Маңғыстаудың аспан астындағы мұражайының даңқы Алты Алаштан асып жер жүзіне тарайды.
Біздің шара өткізгенге кеткен шығынымыз елге миллион есе болып қайтады.
Бұл шараны ұйымдастырушылар Қазақтандық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы ағамызбен ақылдасқаны жөн.
Келген қонақтар Маңғыстау табиғатына таң қалып, қимай қоштасуы қажет.
Төмендегі Салауат Жәнібекұлының “Мұхитта жүзген Бозжыра” атты еңбегі.
Мен балама, “суретке түсірудің не қиындығы бар, түске дейін барып түсіріп кел” деймін.
Салауат “табиғатты асығыс барып, суретке түсіруге болмайды. Ол кезде табиғат өзінің құпиясын ашпайды. Бозжыраға барғасын сол жерге қону керек, таңның сарғайып атқанын, күннің қызарып батқанын көзбен көру керек.
Табиғатты жан жануар, аң мен құс, жыбырлаған жәндік болса да қоса түсіру қажет, сонда суретке жан бітеді” дейді.
Фотограф болуда өнер, оныңда біз білмейтін өз құпия сырлары көп.
Алда өтетін ТҮРКСОЙ ұйымның басқосуы әлемдік деңгейде жақсы өтсе деген тілегіміз бар.
Жәнібек Қожық
Онды ауылы, Маңғыстау облысы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *