Қалиғұмар Қабдешев «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды

 Қалиғұмар Қабдешев «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды

Ғұмырының 50 жылын фотожурналистикаға арнаған, ардагер фотожурналист Қалиғұмар Қабдешев Қазақстан фотожурналистикасына сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды. Құттықтаймыз! 

***

Қабдеш Қалиғұмар Қабдешұлы 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданында туған. 1969 жылы СССР Журналистер одағының мүшесі. 1975 жылы республикалық, одақтық халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері атанған. 1983 жылдан Халықаралық журналистер одағының мүшесі. 1985 жылы Москва қаласында өткен дүние жүзілік жастар фестивалінің дипломанты. Достық қоғамы арқылы ұйымастырылған түрлі-түсті көркем сурет көрмесімен Индияда, Цейлонда, Мальдив мемлекетінде және Болгария, Румыния, Чехословакия республикаларында болған.

Бүгінде 80 жасқа толып отырған Қалиғұмар Қабдешұлы республикаға танымал фотожурналистердің бірі. ҚазКСР тұсында ол сан мәрте үкіметтік делегация құрамында шет елдерге сапарлармен шықты, республикада өткен барлық дерлік халықаралық шаралардың ішінде жүрді. КСРО ыдыраған жылдары Қазақстанның Тәуелсіздік деклବра¬циясын қабылдауы, Парламенттің алғашқы сессияларынан бастап, съездер, симпозиумдар, халықаралық конференцияларда түсірген тарихи фотосуреттері республикалық басылымдарға жарияланған. ҚР Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов сынды өнер тарландарының өмірі мен шығармашылық жұмыстары бейнеленген бірнеше фотоальбомдары жарық көрген. Өткен жылдың күзінде фотожурналистің Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тарих. Тағдыр. Таным. Тағылым» атты жеке фотокөрмелері өтті.

Фото: Олжас Жақыпбеков

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *