Алматыда Досжан Балабекұлының «Алатауды аралағанда…» фотоальбомының тұсаукесері өтеді

 Алматыда Досжан Балабекұлының «Алатауды аралағанда…» фотоальбомының тұсаукесері өтеді

2025  жылдың  24  сәуір  күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия докторы (PhD), Философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының аға оқытушысы, белгілі журналист, «Фотоөнер» ҚБ мүшесі, фотожурналист, философ Досжан Балабекұлының  «Алатауды аралағанда… /Тайны горизонтов Алатау/Secrets of the Alatau horizons» фотоальбомының тұсаукесері өтеді. Кітап «Дарын» баспасынан жарық көріп отыр, — деп хабарлайды photooner.kz.

Бұл фотожинақ арқылы оқырман фотосуреттерді эстетикалық, аксиологиялық таным тұрғысынан танып, ақпараттық, географиялық көріністерге куә болады. Табиғаты көз тартатын еліміздің асқақ Алатауы мен қарлы шыңдары, өзен-көлдері ‒ біздің өмір-сүретін экожүйеміздің ең негізгі бөлшегі. Сондықтан бұл жерде біз сүйсінетін сұлулық та, қауіпті табиғи құбылыстары да қатар жүреді. Автор Алматы мен Жетісу облысындағы таулы аймақтардың (Іле, Күнгей, Теріскей, Жетісу Алатауының) келбетін шынайы суреттеуге тырысады.

Фотография мен философияның өзара байланысын көрсететін фотоальбом Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философия, эстетика, медиа және қоғам, фотография, география, туризм салаларына қызығатын көпшілік оқырманға арналады.

Бұл туындыда автор Досжан Балабекұлының 12 жылдан аса түсірген фотосуреттері еніп отыр. Қазақ тау жүйесін екі сөзбен «Алатау» және «Қаратау» деп екіге бөліп ажыратады. Қазақ үшін екі тау жүйесінің де алатын орны ерекше. Қазақ тіршілігі дала табиғатымен де, тау табиғатымен де үндесіп жатыр. Оны қыс қыстауындағы, жаз жайлауындағы тіршілікпен байланыстырсақ та болады. Қазақ дүниетанымында таудың орны ерекше болған. Досжан Балабекұлы осы қасиетті сөзден бастап, оның географиялық дүниетанымын фотография тілімен суреттейді.

Автор еңбекте өзіне үнемі қолдау білдіріп келе жатқан анасы, биолог ұстаз Жеңіскүл Беркімбаеваға ерекше алғысын білдіре отырып, әр түрлі сапарларда сапарлас болған ағайынға ризашылығын жеткізеді. Сондай-ақ, автор алғашқы көлемді еңбегін марқұм педагог-ұстаздар, атасы мен әжесі Балабек Беркімбаев пен Шолпан Балабекованың рухына арнайды.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпарат және коммуникация департаментінің директоры-Баспасөз хатшысы Қаншайым Байдәулет, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпарат және коммуникация департаменті директорының орынбасары Алмат Исәділ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының меңгерушісі Әсет Құранбек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының профессоры Жақыпбек Алтаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің профессоры  Кәкен Қамзин, Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым, «Ана тілі» ұлт газетінің Бас редакторының орынбасары Берік Бейсенұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС интернет редакциясының басшысы Гаухар Түстікбаева, «Qazaq universiteti» газетінің Бас редакторы Гүлнар Тәжиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасының басшысы Мұрат Қасенов, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Бауыржан Әбішев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазавиаорманқорғау» РМҚК ұшу өндірісі бөлімінің басшысы Якубжан Ибргимов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің басшысы Бекзат Байшалов, «Дарын» баспасының директоры Жанат Бекетан және т.б. қатысады.

Сондай-ақ, шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және жас ғалымдар, БАҚ өкілдері, фотожурналистер қатысады.

Ұйымдастырушылар:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасы.

Күні мен уақыты:

2025 жылдың 24 сәуірі, 11:00 – 13:00

Өтетін орны:

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

География және табиғатты пайдалану факультеті,

Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтықтан

зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасы.

 Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71

Байланыс үшін:

Зейнуллин Райымбек Бақытжанұлы (+7 708 239 29 71)

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *