«Алтын жебе» оқу-жаттығуы

ҚР Қарулы Күштерінде «Алтын жебе-2020» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеру жалғасуда.
Атырау гарнизонының жеке құрамы жауынгерлік дабыл бойынша көтерілді. «Алтын жебе-2020» арнайы операциялар күштерін кешенді тексеру шеңберінде әскери қызметшілер марш лақтырып, қоян-қолтық ұрысқа шықты. Армиялық тактикалық оқ атулар өткізіліп, күндізгі және түнгі уақытта артиллерия атысын түзету және армиялық авиацияны бағыттау жөніндегі міндеттерді орындады. Сондай-ақ, олар әскери топография, диверсиялық іс, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, медициналық дайындық бойынша арнайы нормативтерді тапсырды.
Сонымен қатар, Семей гарнизонында арнайы бөлімшелерді тексеру аяқталды. Түнгі уақытта 300-ден астам әскери қызметші дабыл бойынша көтерілді. Олар жауынгерлік мақсаттағы аймаққа он шақырымдық шеру жасады. Онда күштер мен құралдарды қолдануды ұйымдастыру мәселелері пысықталып, арнайы оқу-жауынгерлік міндеттер орындалды. Әскерлердің әрекеттерін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен радиотехникалық құралдар басқарды.
Өңірлердегі тексерудің негізгі кезеңдері Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың жеке бақылауында.
Суреттерді түсірген-Думан Құрманғалиев, photooner.kz