Антыңа берік бол, жас сарбаз

 Антыңа берік бол, жас сарбаз

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 06708 әскери бөліміндегі жас сарбаздар Отан алдында адал болуға ант берді.

Сайдың серке тасындай қаз-қатар тізілген жас сарбаздар Отан алдындағы жауынгерлік міндетін адал атқару үшін жиналғандар алдында ант берді.

Әскери ант қабылдаған сарбаздарды Қарағанды облысының Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Ботакөз Қазиева мен ауған соғысының ардагері интернационалист-жауынгер Полат Тұрлыбаев құттықтады.

– Сіздер бүгін нағыз Отан қорғаушы атанып, елін-жерін көздің қарашығындай сақтауға ант бердіңіздер. Алда әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, жігіттік мектептен өтесіздер. Бір жыл әскери борыштарыңыз абыройлы өтсін, – деді ардагер Полат Тұрлыбаев.

Аталмыш ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар түрлі әскери мамандықтарды меңгеретін болады. Жауынгерілк оқу-жаттығулар барысында шынығып, шымыр болып туған үйлеріне оралады.

– Мен, бүгін Отан алдында және оның заңды сайланған Президенті алдында адал болуға ант бердім. Бір жыл бойы әскери мектептің тәжірибесін әлі талай үйреніп, тәлімін алатын боламыз. Сондықтан өзіме және қарулас достарыма да ел қорғау жолында тек сәттілік тілеймін, – деді қатардағы жауынгер Сараев Бақдәулет.

Суретті түсірген-Думан Құрманғалиев

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *