Асқар Бумага Canon-ның Қазақстандағы алғашқы амбассадоры атанды
Canon компаниясы қазақстандық фотограф Асқар Бумагамен визуалды оқиғаларды жасауға деген құмарлықтарымен бөлісуге ниетті әлемнің ондаған үздік фотографтары мен видеографтардың басын қосатын Canon амбассадорлары бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы жариялады. Canon амбассадорларының жарқын және шабыттандыратын бағдарламасы бүкіл әлем бойынша әртүрлі жастағы фотографтар мен видеографтарды іздеп тауып, оларға көмек көрсетеді. Асқар Бумага — Canon брендінің амбассадоры болған Қазақстандағы алғашқы фотограф.
Canon өз амбассадорларын таңдауда өте мұқият қарайды. Фотосуретке деген сүйіспеншілік пен ортақ құндылықтар фотограф пен брендті біріктіреді. Сондай-ақ фотографтың өз жұмысында қолданатын техникалық дағдылар, бірегей идеялар мен шығармашылық әдістер де өте маңызды. Шабытын ашу, жаңа биіктерді бағындыру, саланы дамыту және адамдарға өз шығармашылықтарын шыңдауға мүмкіндік беру – компания мен амбассадорлықтың маңызды құндылықтары.
«Canon Қазақстанда 20 жылға жуық уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді және осы жылдар ішінде компанияның өнімдері кәсіби фотографтарға өздерінің шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесуде. Біз Асқар Бумаганың Қазақстандағы алғашқы Canon амбассадоры болғанына өте қуаныштымыз. Оның фотосуретке деген құштарлығы мен таңғажайып оқиғалар кескінін жасаудағы ерекше дарыны бізге фотографтардың жаңа буынын Canon техникасымен бірегей контент жасауға шабыттандыруға көмектесетініне сенімдіміз», — деп атап өтті Canon CEE Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Әзиз Ниязов.
Асқар Бумага – үйлену тойларының кәсіби фотографы және ол фотосурет саласына «қызмет» ұғымын алғаш енгізгендердің бірі. Ол үйлену тойының бірегей фотосуреттерін жасаумен танымал және оның жұмысы эмоция мен ерекше атмосфераға толы.
Асқар өзінің кәсіби еңбек жолын Энергетика институтының (АЭУ) Инженерлік Кибернетика факультетіне түсіп, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алған уақыттан бастады. Университетті бітіргеннен кейін ол энергетика саласындағы кәсіби жолын жалғастырды. Зауытта бес жыл жұмыс істеді.
Энергетикадағы табысты мансабына қарамастан, Асқардың шығармашылық салаға әрдайым бүйрегі бұрып тұрды. 13 жасынан бастап ол фотосуретке қызығушылық танытты, бірақ ол ұзақ уақыт бойы бұл салаға мән бермеді. Бір кездері ата-анасы оған 36 кадрлық камераны сыйға тартқан, содан бері ол айналасындағылардың бәрін суретке түсіріп, тіпті камераны мектепке құшақтай келетін. Демалыс уақытында жергілікті фотостудияда құжаттарға 3х4 фотосуреттер жасап, қосымша жұмыс істеген.
Үйлену тойына сыйға тартылған алғашқы камера оның фотограф ретінде қалыптасудағы алғашқы бастамасы болды. Тойға сыйға тартылған Canon 50D фотоаппараты оның өмірінде тағдырлы рөл атқарып, фотосуретке деген көзқарасын өзгертті. Бірте-бірте жай ғана хобби өмірінің бар мағынасына айналды. Қазіргі уақытта ол Canon R6 камераларын және кейде пленкалық камераларды пайдаланады.
«Canon компаниясының амбассадоры болу – үлкен құрметпен бірге, үлкен жауапкершілік. Мен фотосурет саласының әлемдік көшбасшымен бір бағытта жүргеніме қуаныштымын. Менің фотосурет – ол уақыт машинасы деген философиям, менің жұмысымда да, Canon миссиясында да көрініс тапты. Мен үйлену тойларын суретке түсіргенде немесе love story жасағанда, мен жай ғана сәттерді түсіріп қана қоймаймын, мен мәңгілікке көпір саламын. Осы фотосуреттерді немерелеріңізбен немесе шөберелеріңізбен көріп отырған тұста, сіздерді өткенге сапар шектіріп, бақытты сәттеріңізбен бөлісуге мүмкіндік береді деп сенемін», — дейді Қазақстан Республикасындағы Canon амбассадоры Асқар Бумага.
Canon мен Асқар Бумаганың ынтымақтастығы Қазақстандағы фотосурет саласын дамыту жолында жаңа мүмкіндіктерге толы жемісті қызмет болатыны айқын.