Атакентте Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының кітаптарының тұсаукесері өтті

 Атакентте Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының кітаптарының тұсаукесері өтті

Алматыдағы Атакент көрме орталығында «Ұлы Жібек жолымен» халықаралық кітап және полиграфия көрмесінде «Дарын» баспасының ұйымдастыруымен  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының  «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы», «Фотожурналист анықтамылығы» оқу анықтамалық сөздігінің тұсаукесері өтті.

Шараға белгілі фотоөнер майталмандары Серік Мұқышұлы, Оңғарбек Алхаров, пиар-менеджер Мәлік Кушмуханов, доцент, ғалым Аманқос Мектеп-тегі және студенттер мен жалпы оқырман қауым қатысты.

Оқырманға жол тартқан «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы» еңбегінде сонау адамның ең әуелі дыбыстық тілі емес, образ­бен ойлайтын графикалық бейнелі тілі, яғни сурет тілі шыққаны, одан фотографияның пайда болуы, фотоөнерінің әлемдік және отандық да­муы мен ұлттық фотоөнер тұлғаларының мақала-сұхбаттары және бүгінгі жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы қорғалған магистрлік дис­сертация, бакалавр дипломдық жұмыстары және колледж студенттерінің дипломдық жобалары еніп отыр. Авторлар жан-жақты зерттеулер мен ғалымдардың тұжырымдамаларын топтастыру арқылы талдаудан өткізіп, тереңдей байыптауға тырысады.

Аталмыш еңбек, фотография саласы бойынша түңғыш мемлекеттік тілде жарық көріп отырған жалпы-жинақ, жалпы фотоөнерге қызығушылық білдіретін қалың оқырман қауымға арналған. Еңбекті журналистика факультетінің аға оқытушысы Асылхан Әбдірайымұлы мен философия және саясаттану факультетінің аға оқытушысы Досжан Балабекұлы бірлесіп әзірлеген.

Шарада қазақ фотожурналистикасында алғаш рет Асылхан Әбдірайымұлының авторлығымен «Фотожурналист анықтамылығы» оқу анықтамалық сөздігінің тұсауы да кесілді.

Бұл анықтамалық фотожурналистерге арналған практи­калық нұсқаулық. Мұндағы тақырыптар белгілі бір жүйе бой­ынша түзілген, фотография туралы анықтама мәліметтерді, оның негізгі қағидаттары мен әдістерін қамтиды, фотопублицистиканың БАҚ-тағы жұмыс технологиясына баса назар аударады. Сонымен қатар бұл анықтамалықта отандық және әлемдік фотожурналистика туралы маңызды мәліметтері кел­тірілген.

Жиынға жиналған көпшілік кітап авторларына сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Мәнді, мағыналы шараға жиналған қауым, кітап авторларының қолтаңбасымен жаңадан жарық көрген туындыларды алып қайтты.

Әсет Құранбек,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *