«Ауыл нақыштары» республикалық фотобайқауына жұмыстарды қабылдау жалғасып жатыр

 «Ауыл нақыштары» республикалық фотобайқауына жұмыстарды қабылдау жалғасып жатыр

«Ауыл нақыштары» — «Ауыл» партиясының қалың көпшілікке арналған, ел өмірінің тыныс-тіршілігін, ауыл азаматтарының ажарын айшықтайтын жарқын жобаларының бірі. Бұл туралы photooner.kz сайты Ауыл партиясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл ашық байқау еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіби және әуесқой фотосуретшілерге арналған. Фотобайқаудың мақсаты – фотосуреттер арқылы ауыл мәдениетін насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлер мен туған табиғаттың түрлі көріністерін айшықтау.

Міндеті:
— талантты шығармашылық жандарға қолдау көрсету;
— ауылдың өмір салтына, салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
— фотографиялық бейнелер арқылы мәдени мұраны қадірлеу.

Байқау онлайн форматта өткізіледі: қатысушылар партияның ресми сайты арқылы фотосуреттерді жүктейді. Жұмыстарды кәсіби қазылар алқасы тақырыпты ашу, фотоөнердің жаңа қырларын көрерменге жеткізу, адамның ішкі сезім сырларын жеткізу және де басқа да критерийлердің сәйкестігіне сай бағалайды.

Өткен 2023 жылы байқауға Қазақстан барлық өңірлерінен 122 адам қатысып, 500-ге жуық фототуынды ұсынылған болатын. Фотобайқау жеңімпаздарын марапаттау шарасының аясында Астана қаласында өткен арнайы фотокөрмеге осы фотосуреттердің ең үздіктері таңдалып алынды. Биылғы фотокөрме ұлан байтақ еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттарды таныту үшін ұйымдастырылған осы үлкен шараның жалғасы болып табылады.

ЕРЕЖЕ

Фото: auyl.kz

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *