БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ
2021 жылдың 15-сәуірінде сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е.Шаймерденов атындағы аудиторияда Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толған мерейтойына арналған «ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.
«Ұлттық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияда Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығына арналған кітап және фотокөрмесі ұйымдастырылады. Конференцияға Асылхан Әдірайымұлының әріптестері, шәкірттері, фото-журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, Журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысады.
Қосымша ақпарат: Асылхан Әбдірайымұлы 1960 жылы 15 маусымда Түркістан қаласында дүниеге келген. Әр жылдары еліміздің белді басылымдарында қызмет еткен.
2010 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті жанынан «Фотопублицистер клубын» құрып, одан соң қоғамдық ұйым ретінде тіркелген «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2010 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде ұстаздық етеді.
Марапаттары:
2006ж. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. 2007ж. ҚР Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері. 2018ж. БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында алғаш рет өткен «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты Халақаралық фотокөрмеде үздік фото туындылары көрсетілгені үшін, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы табыстаған сертификат иегері.
Еңбектері:
«ФОТОЖУРНАЛИСТИКА» Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. 2013 ж. «ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ» фотоальбом құрастырушысы, «Өнер» баспасы. 2013 ж. «ФОТОЖУРНАЛИСТИКА» Оқу құралы. 2 басылымы. «Қазақ университеті» баспасы. 2016 ж.«ҒАСЫРДЫҢ КӨЗІ» фотокітап-альбом. Құрастырушы, «Мереке» баспасы. 2017 ж. «ҚАЗАҚ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ», «КАЗАХСКИЕ ФОТОЛЕТОПИСЦЫ» Фотоэнциклопедия. Құрастырушы-автор, «Қазақ университеті» баспасы. 2018 ж. «ФОТО ІСІ», «ФОТОДЕЛО» қазақ және орыс тіліндегі оқу құралы, ҚР Білім және ғылым министрінің «ТаIap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. 2020 ж.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049
Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861
Конференцияның жеке идентификаторы: 255 561 2377