Дипломдық жұмыс: «Қас – қағым сәт» фотожурналист С. Пернебаевтың көзімен

 Дипломдық жұмыс: «Қас – қағым сәт» фотожурналист С. Пернебаевтың көзімен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Г. Беласар

«Қас – қағым сәт» фотожурналист С. Пернебаевтың көзімен

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 Мамандығы 5В050400 – «Журналистика»

Алматы, 2018

Диплом тақырыбы:  «Қас – қағым сәт» фотожурналист С. Пернебаевтың көзімен

Жұмыстың көлемі:  50 бет.

Беласар Г. Дипломды жумыс

Жұмыстың мақсаты: зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстандағы  фотожурналистиканың  шеңберін кеңейту.   Бұқара  халыққа  фотожурналистика  саласының  маңыздылығы  мен  мәнін түсіндіріп беру. Қазақ фотожурналистикасына өзіндік қолтаңбасы қалған Сайлау Пернебаевтың шығармашылығын насихаттау.

Жұмыстың міндеттері:                                                                                                                           —  С.Пернебаевтың фото туындыларының  жанрлық қасиеті мен  көркемдік ерекшіліктеріне белгілі деңгейде ғылыми сараптама жасау.                                             —  С.Пернебаев фото туындыларындағы ұлттық ерекшеліктер мен образдарға талдау жасау.

Тірек сөздер:фотожурналистика,кескін,фотография,портрет, пейзаж, архитектуралық (сәулеттік) түсірілімдер,интерьер,фоторепортаж,басылым, суреткерлік,жанр.

Зерттеудің әдіс тәсілдері:  баяндау, сипаттау, салыстыру, талау әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ……………………………………………………………………………………  3 – 6

І ТАРАУ.

1.1. Фото суреттің өнер ретінде қалыптасуы және фотожурналистика жанрлары …………………………………………………………………………………. 6 -16

1.2.  С. Пернебаевтың фотожурналистік қызметі…………………………….  17 — 30

ІІ ТАРАУ.

2.1.  «Қас – қағым сәт» фотожурналист С. Пернебаевтың көзімен………. 30 — 42

2.2. С.Пернебаев фотоларындағы тақырыптық  ерекшеліктер мен жанрлы         сипаттар …………………………………………………………………………………..  42 – 52

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………..  52 — 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..   48-51

 

КІРІСПЕ

            Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан бастап қазақ фотожурналистикасының өркені өсе бастады. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі саналатын сол буын фотожурналистиканың дамуына ерен еңбек етті десек болады. Айталық олардың ішінде  Р.Дүйсенғалиев, С.Ақпанбетов, Б.Тілекметов, Н.Жұбанов сияқты т.б фототілшілер болды. Араға жылдар салып бұл буынның қатарына Қ.Мұстафин, С.Пернебаев, Ж.Бозымбеков, Ж.Пайызов, С.Бәсібеков, Д.Егізовтер келіп қосылды. Жоғарыдағы аты аталған фотожурналистердің  барлығы да сөз жоқ қазақ фотожурналистикасының дамуына шексіз үлес қоса білді деп айтуымызға болады.

Біз осылардың ішінде өзіндік шеберлік мектебі қалыптасқан қазақтың көрнекті фотожурналисті — Сайлау Пернебаевтың еңбектерін диплом жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырмыз. Ол қазақ фотоөнері үшін өлшеусіз үлес қосты. Оның басып өткен өмір жолы әлі талай аңызға, талай ғылыми тақырыпқа арқау болатыны белгілі. Өйткені оның фотожурналистік қызметі тұтас бір дәуірдің айнасы. Сондықтан да біз Сайлау Пернебаев шығармашылығын ғылыми жұмысымыздың тақырыбы ретінде қарастырып  отырмыз. Бұл тақырыптың зерделеу, зерттеу  жұмысын шамамыздың келісінше ғылыми баға беру бізге оңай түспейтіні анық. Сондықтан кейбір кемшіліктердің орын алуы заңдылық.

Қазақ фотожурналистикасының қалыптасуы мен дамуына  айрықша үлес қосқан Сайлау Пернебаев ұлттың қайталанбас  тұлғаларының бейнелерін тарихқа фотошежіре ретінде  қалдырды. Оның әр алуан тақырыптарды қамтыған және әр жылдардағы республикалық газеттер мен «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Труд» газеттерінде жарияланған 80-нен аса фототуындылары болды. Ол  үшін өмірдің өзі фотосурет еді десек те болады. Қас-қағым сәтті қалт жібермейтін фототілшінің тұтас өмір жолымен  шығармашылығы   естен кетпес естеліктер мен қыруар құнды фото суреттерден тұратын еді. Ғұмырының 40 жылдан астамын осы салаға арнаған Сайлау Пернебаев бір сәттің өзімен бүкіл ғұмырды баяндап берудің шын мәніндегі өнер екендігін мойындатқан суретші еді. Сондықтан оның тұтас шығармашылығын зерттеу аса өзекті мәселе саналады.

Диплом  жұмысымның  зерттелу  деңгейі. Диплом жұмысымды бастамас   бұрын  тақырыбымның  бастапқы  кезеңдері туралы, фотоөнерінің қалыптасу тарихына зер салдым. Оның теориялық және практикалық түйіндеріне назар аудардым. С.Пернебаев қызмет атқарған «Қазақстан мұғалімі», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») , «Қазақ әдебиеті» сынды мерзімді басылымдарда жарық көрген фото туындыларын пайдаландым.Сонымен   қатар халықаралық   газет-журналдар  бетінен   фотожанрлардың  орын алуы жайында социологиялық  зерттеу  жасауға  тырыстым.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен  міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстандағы  фотожурналистиканың  шеңберін кеңейту.   Бұқара  халыққа  фотожурналистика  саласының  маңыздылығы  мен  мәнін түсіндіріп беру көзделеді.

— С.Пернебаевтың фото туындыларының  жанрлық қасиеті мен  көркемдік ерекшеліктеріне белгілі деңгейде ғылыми сараптама жасау.

— С.Пернебаев фото туындыларындағы ұлттық ерекшеліктер мен образдарға талдау жасау.

Зерттеу жұмысының нысаны: көрнекті фотожурналист Сайлау Пернебаевтың қызметі мен шығармашылығына арналды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Сайлау Пернебаев  – қазақ  фотожурналистика жанрын барынша байытқан айтулы  суреткер. Оның шеберханасына  аса ыждағатпен үңілген сайын  терең тұңғиыққа, мол қазынаға  тап боласың. Фотопортрет, фотоочерк, фотоэтюд, фоторепортаж … Әр туындысы, әр фотосы  бір – бір әлем, көркемдікке тұнған көкжиек. Бұл оның нағыз шығармашылық жемісі. Қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы саналатын Ғабит Мүсіреповтен   бастап, республикамызға есiмдерi белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң портреттерi фотожурналист жасампаздығының  алтын арқауын құрайды.   Сол фототуындыдағы тұлғалар бейнелерiнiң қай қайсысы да альбомдық, открыткалық жиынтықтардан, безендiру нышандары ретiнде түсiрiлген қосымша иллюстрациядан гөрi басқашалау, өз алдына жеке-жеке көркем де кесек портреттер галереясын түзетiн еңбектер қатарына жатады деуге болады. Оларды түсiрген кезде автор нағыз хас  фотошеберге тән ұшқырлық пен фантазиясын үнемi сәттi тоғыстыра үйлестiрумен бірге белгiлi нысанды қамту нүктесiн дәл табады. Образдың көркемдiк шешiмiн айшықтай алатын, сол бейненiң барынша бедерлене түсуi үшiн негiзгi фонда қамтылар детальдарға Пернебаев  айрықша мән бередi. Былайша айтқанда  фото өнерiне қажеттi композициялық жинақтау тәсiлi мен жарықты ұтымды тым сәтті пайдалана бiледi. Диплом жұмысын жазу барысында оның шынайы суреткерлік қырына қаныға түстім. Оның кей фото туындыларына осы тұрғыдан баға бердік дей аламын.

Зерттеудің дерек көздері ретінде түрлі ғылыми әдебиеттер мен «Қазақстан мұғалімі», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері алынды.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, саралау тәсілдері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми маңызы.Фотожурналистиканың   шығармашылық  қызмет   түрі  ретінде қалыптасуы қоғамның   көзбен  көру  ақпаратын   қажет  етуден  туындады.  Оның  қызметтік  алаңы  мерзімді  баспасөз  саналады  және  ол  фотожурналистика   шығармашылығының    сипатын  анықтайды. Фотожурналистика  рухани  практикалық   қызмет  атқарады.  Фототілшілердің  басты  мақсаты  көру  техникасының фотоаппараттың   көмегімен  қоғамдық    өмірде  болып  жатқан  әр түрлі  жаңалықтар мен  оқиғалардың   әлеуметтік  – саяси  мәнін  ашып  көрсету.  Қоғамдағы  көрсетімдер  қызметінің  кез  келген  түрі   субъектінің объектіге  қатысымен  сипатталады. С.Пернебаев  шығармашылығында осы негіздер сан қырлы әлем ретінде көзге көрінеді. Сондықтан фотожурналистикадағы С.Пернебаевтың шығармашылығына үңілу, ол тұтас өнерге зер салу, қоғамға зер салу тұрғысынан өте маңызды деп білеміз.

Диплом  жұмысымның   құрылымы.  Кіріспеден,  бірінші  және екінші тараудан,  қорытындыдан  және  пайдаланылған әдебиеттер мен   сілтемелер   тізімінен  тұрады.

—————————————————————————————————

Көрнекті фотожурналистің тұтас жасампаздығының құнымен құдыреті жөнінде көзін көрген, жанына жақын жүрген адамдардың Пернебаевтың ғажайып әлемі туралы аз айтпағаны белгілі. Бұл турасында  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Рахымжан Отарбай мынадай толғамды ойын ортаға салыпты «Сайлаудың суреттері қазақ өнері мен мәдениеті үшін қызмет етсе деймін – Сайлау ағамен біз «Қазақ әдебиетінде» бірге қызмет жасадық. Шераға – басшымыз, Оралхан аға – орынбасары және Тұтқабай аға секілді талай үлкен тұлғалар бар газетте Сәкең – жай фотограф емес, ол – суреткер еді. Сайлау Пернебаев әрбір жалт еткен адамның құбылысын, көрінісін, табиғатын ұстай алатын. Сәкең азамат ретінде де көңілі дархан, ұғымы кең, түсінігі кеңқолтық жаратылған қазақ еді ғой. Қаншама ұлы тұлғаларды бейнеледі. Ол жай ғана бейнелеп қойған жоқ, сол уақытты кәдімгідей тоқтатты. Сыр-сымбатымен ұстады. Өзі айтушы еді, «Төле бидің жетінші ұрпағымын» деп. Ағаның әңгімесі, кейде қытығыңа тиетін әзілдері әлі күнге құлағымызда тұр. Әттең, бұл көрмені 75 жылдығынан бұрын бастау керек еді. Содан кейін ол кісінің мұрағатында қаншама қазақтың қымбат бейнелері қалды. Осының ізіне түсіп, арнайы комиссия құрып, кезінде орындай алмай кеткен сол бейнелерді тірілтсе деп ойлаймын. Ол өшуге тиісті емес қой. Неге десеңіз, бұл кісі қаншама ұлылардың көзін көрді, дәмдес болды, сапарлас болды, сырлас болды. Солардың бәрін бейнеледі. Міне, қараңыз, ұлы тұлғалардың жастық шағын бейнелеген суреттерін көріп, бір жасап қалдық. Енді осы суреттер қазақ өнері мен мәдениеті үшін қызмет етсе деймін.» демек қаламгер ілебізінің астарына үңілісек. Сайлау Пернебаевтың туындылары қасиетті қазақ өнерінің шежіресі, Дәуір айнасы сіпеті екені аңғарылады. Онда ұлтымыз өнер тарландарының келісімді кескін – келбетімен, ешікім бойлай бермейтін ерекше түнғиық әлемі жатыр десек болады. С.Пернебаев туындылары қазақ өнерімен мәдениетіне қызмет етуімен қатар белгілі денгейде зерттеліп ғылыми айналымға түсуі керек деп  білеміз.

Енді бірі С.Пернебаев қазақ фотожурналистикасына жаңаша леп әкелген,қазақ фотосурет өнерін жаңа бір белеске көтерген нағыз  суреткердің өзі еді. Оның асқан кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығы туралы өз әріптестерінің сөзімен айтар болсақ : « – Сурет өнерін, бұрын қайдам, енді-енді ғана ел бағалап, өнердің қызығына қанығып жатыр. Соның ішінде мына Сайлау Пернебаевты айтатын болсақ, ол жасынан-ақ үлкен тұғырға бірден көтерілген шабыт иесі еді. Өзі сүйген өнер – суреттің төңірегінде, биігінде бірден таныла бастады. Ол, әсіресе, тосыннан түсіретін этюд жанрын қатты меңгерді. Өйткені, оның оған жақын екенін біз сол қазақилығынан, қазақтың ғұрпын, салтын сақтағанынан-ақ, соны дәріптеп, елге жеткізсем екен деген оймен жүрген жан екенінен байқадық. Ал газеттің тапсырмасымен немесе өндіріс саласында, ғылым саласында түсірген суреттері өз алдына. Оны елдің бәрі түсіріп әкеліп бере алады. Ал этюд жанры – көркемдіктің символы. Оны кез-келген адам қас — қағым сәтте ұстай алмайды. Міне, Сайлаудың басқалардан ерекше болып көрінетіні де сондықтан. Әсіресе, мен өзім құрметтейтін бір жанр, осы – фотоэтюд. Осыны ол жетер жеріне шейін жеткізіп, дамыта білді және оны халыққа көрсете білді. Сонымен де ол Сайлау, сонымен де ол Пернебаев болып елдің көңілінен шыға білді. Сайлау жай ғана суретші емес, ол жүрген жерін ойын- күлкіге батырып жүретін әзілқой жігіт болатын. Оны тіпті «қалжыңның қасапшысы» десе де болады. Кез-келген жерде әзілімен, ойынымен елді «мақтамен бауыздағандай» етуші еді. Біз сол «бауыздаудан» ләззат алушы едік.», -деп жазады Нұрмамбет ҒИЗАТОВ.

Замандас әріптесі айтса айтқандай, С. Пернебаев шығармашылығы ұлттық болмысты  өзгеше қырынан тануға шақырады.Оның ең керемет аса көркем фотокартиналары ұлт санасындағы ғажайып дала эстетикасымен және  табиғат философиясымен астасып жатқанын аңғарамыз. С. Пернебаетың жасампаздығы туралы сөз болғанда, ол қызмет еткен басылымдарға тоқтамай өту мүмкін емес деп білемін. Ол  «Қазақстан мұғалімі», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан» сондай –ақ «Қазақ әдебиеті» сынды елімізге танымал газеттерде фототіліші болып абыройымен жұмыс атқарды. Енді осы басылымдардың тарихына аз кем  аялап өтсек : —  «Қазақстан мұғалімі»– аптасына бір рет басылым көретін апталық газет. Бастауыш және орта мектептердің мұғалімдері мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Аталмыш газеттің алғашқы саны  Қазақстан Халық ағарту комиссариатының органы ретінде 1935 жылғы 20 наурызда «Төте оқу» деген атпен жарық көрген . Газеттің алға қойған мақсаты мектептерге, мұғалімдерге, өз беттерінше сауат ашушы адамдарға іс жүзінде көмек беру. Әсіресе, оқу ісін ұйымдастыруда оқу-әдістемелік материалдарды жариялап, ауыл мектебінің хал-ахуалына ерекше назар аударды. 1939 жылдан «Салауатты болуға көмекші» деген атпен, латыншадан орыс графикасына көшуге байланысты 1940 жылдан «Жаңа жазу» деген атпен шықты. 1952 жылдың қараша айынан бүні бүгінге дейін  казіргі атымен шығып келеді. Біздің дипломдық жұмысымызға тұтас шығармашылығы арқау болып отырған, ардагер фотожурналист Сайлау Пернебаев өзінің еңбек жолын осы басылымнан бастағанын көре аламыз. Оның бүкіл саналы ғұмырына сәуле сыйлаған журналистік сапарының айғағы ретінде «Қазақстан Мұғалімі» 1962 жылы. 13 желтоқсан. № 51. 4- бетіне басылған «күміс қарын жайып сап, қыста келді керіліп.» деп аталатын фотосуретін атауға болады. Осыдан кейін С. Пернебаев қазақ фото журналистикасына жемісті еңбек ете бастады. Әр жылдары алуан тақырыпты негіз еткен фототуындылары өмірге келе бастады.

Айталық; «Еңбек сабағында»[6], «жақында оқытыла бастаған қоғамды тану тану пәні, халқымыздың батырлық күресін кең тануға мүмкіндік ашты.»[7],«он жылдықты бітірген оқушылар ауыл шаруашылығына барып жұмыс істеуге тілек білдірді.»[8],«Қазақстан Мұғалімі» 1963 жылы. 20 маусым, 25 №.  4 – б, «қуанды бұл ерлікке жастар ерен».[9]. «пленумның материялдарын оқып үйрену.»[10], «киіне қойшы бөпешім.»[11],«халық ағарту қызметкерлерінің республикалық кеңесіне қатысушылардың бір тобы»[12], « көңілді демалыс»[13]

« кезекті сабаққа әзірленіп тұрған оқушылардың бір тобы»[14]

«Балалар өмір гүлі»[15],«Абай операсынан дипломдық жұмыс қорғаған студенттер.»[16]

«Қазақстан Мұғалімі» 1962 жылы. 13 желтоқсан. №51. 4- бет «күміс қарын жайып сап, қыста келді керіліп.» сынды алғашқы адамдағы фотосуреттерінің өзі Пернебаев шеберлігінің өзгеше қырын танытты деуге болады. Жоғарыдағы фотосуреттерде сол заман өмірінің шежіресі шертілген, онда сол қоғамды құраушы топтардың ешқайсы қағыс қалмаған. Қарапайым еңбек адамдарының ерік – жігері, отансүйгіш өскелең ұрпақтың еліне деген жалынды махаббаты, қасиетті қазақ жерінің көркем  табиғаты, ұлттың өзіндік болмысы бәрі – бәріде Пернебаев зердесінен тыс қалмаған.

Фотожурналист айнала-төңiрегiндегi құбылыстарды қаз-қалпында “шыртылдатып” көшiре салатын тұрмыстық фотограф емес. Кәсiби қолтаңбаны тану да, ажырату да оп-оңай. Оны нағыз шебердiң ой көзiне шалынған кез-келген қас-қағымдық сәттердiң өзi-ақ айғайлап айтып тұрса керек. Шеберлiк сыры, мiне, осында. Оған айғақ – бiз бәрiн тiзбелеп, талдап, саралап көрсетпеген жұлдыздар өмiрiнен таңбалаған бiраз дүниелер – сырлы суреттер. Ал олар ондап емес, жүздеп саналады.

С. Пернебаев шығармашылығында шырайлы туындылардың денiн табиғат тамашалары құрайды. Бұл жерде оның объективiне iлiнген туған елiмiздiң әсем, көрiктi, сұлу саялары жөнiндегi фотоэтюдтерiнiң өзiнен-ақ жеке-жеке альбом-кiтаптар шығаруға болатынын айтар ек. Ол – келешектiң еншiсiнде. Тәжiрибелi фото журналист маңайына, айналасына үнемi ой көзiмен қарайды. Адам мен табиғатты бөлшектемей, бiр-бiрiнен ажыратпай тек ұтымды мезетте нысана объектiсi ретiнде қамтып қалуға ұмтылады. Көп жағдайда ол iзденiсi сәттi шығып жатады. өнер адамына қажетi де осы емес пе?

С. Пернебаевтың қазақ фотожурналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдыруға, оның кәсіби тұрғыдан өсуіне, шеберліктің мектебі болған тағы бір басылым «Қазақ Әдебиеті» газеті болатын.

«Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.

1940 — 1954 жылдары газеттің шығуы тоқтатылып, 1955 жылдың қаңтар айынан қайта шыға бастады.

«Қазақ әдебиеті» ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым. Апталық өнер сүйгіш оқырман қауымның эстетикалық талғамын тәрбиелеуде елеулі рөл атқарды.

Газет қазақ әдебиетінің жоғары идеялық көркемдік сапасын арттырып, көркем өнердің өмірді танытушылық рөлі мен эстетикалық-тәрбиелік мәнін арттыру үшін күреседі.Әдебиет пен өнердің халық өмірімен тығыз байланыста болуына көмектеседі. Газет беттерінде қазақ ақын жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-этнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын мақалалар; елдік елеулі мәселелер — қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жөнінде публицистік өткір ой-толғаулар, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жарияланады.

Сонымен бірге оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қолөнерінің келелі тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады.

С. Пернебаев 1981 жылдан ғұмырның соңына дейін «Қазақ Әдебиеті»газетін-де жұмыс істеді. Газеттің әр санында С.Пернебаев түсірген фототуындылар өз оқырмандарымен қауышып тұрды. Айтар оймыздың дәлелі ретінде :« көктем әуендері»[17]. «ынта»[18], «Бақыты балалық»[19], « термеші»[20]«Кітапханада»[21],«ғасыр құрдасы»[22],«Ардагерлер»[23]

«Эстония қаламгерлері Қазақстан жазушылар одағында»[24]  ,«Біздің замандас»[25],«бес қонақ»[26], «жазушылар».[27],  «қаламдас достар»[28],«Әшімғали Ақатаев»[29], «Әуез Мақұлбеков»[30]«Әкім Тарази, Қабдеш Жұмәділов, Дүкенбай Досжан»[31], «СССР азаматық авиациясына 60 жыл.»[32],«үлкен Алматының каналқұрылысында»[33],«Көктем тынысы»[34],«қаламнан қол босағанда» «жазушы Мұхтар Мағауин баласы Мадиярмен бірге»[35], «көктем иісі»[36],«Әди Шәріпов пен Сәкен Жүнісов»[37], «Н. Тілендиев пен Әншілер Б. Әшімова, Н. Нүсіпжанов »[38],«қазақстан жазушыларының шығармашылық үйінде демалушылар, ортада Ғабит Мүсірепов»[39],«фото репортаж» жем – шөп дайындау үшін бар мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз.[40],«жылқышының жылқы жылы»[41],«Ақпан»[42], «Балалы үй базар»[43],«шаңырақ көтерді»[44] «маусым»[45], «Ата мекенімді қимаймын»[46],«Бақытты балалық»[47],«Мұқағали Мақатаевтың кейбір суреттері. Жарияланбаған суреттерден»[48] «Қош келдің, қой жылы» [49],«Көктем тынысы»[50], «Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың ант беру сәті.»[51], «қазақ әдебиетінің ұжымы 1992 ж»[52],«Қазақстан парламентінің VІІ сессиясынан » [53], «Айдындағы ақ желкен»[54], «қыс аяғы ұзап барады — ау»[55]«Қ.Ә» 1992 жылы.9 қазан. № 41. 1 – бет «қимаймын өздеріңді қош деуге.»[56] «туған жеріне тәу еткен қандастарымыз»[57],«әже әңгіме айтыңызшы»[58] «Ермек Серкебаев 70 жаста »[59], «қаңтарылған қайықтар….»[60], «айдын көлдің бетінде құс еркелеп…..»[61], «Хамит Ерғалиев 80 жаста ….»[62]«Сымбат »[63], «жапырақ жауған күн»[64],«жаз —   жайлауда»[65], «Алматы. Қазақстан Республикасы ғылым академиясының үйі»[66], «қыста өтер [67]» «Алматы қаласы. М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының ғимараты »[68],« мейірім құшағында »[69]

С. Пернебаевтың қанатын қатайтқан тағы бір шеберлік мектебі, еліміздің аса беделді басылымы . «Социалды Қазақстан» газеті деп айтуға толық негіз бар деуге болады.«Социалды Қазақстан» газеті 1932 жылдың қаңтар айында «Еңбекші қазақ» газеті «Социалды Қазақстан» атына ие болды. Ал осы жылдың мамыр айында газетке Әйтеке Мусин редактор болып тағайындалды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының  бас кезінен бастап Кеңестер Одағында ауыр өнеркәсіп, колхоз құрылысы, халық мәдениеті жолында кең күрес басталды. «Социалды Қазақстан» газеті сол заманның үніне айналып, қазақ елінің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосты. Бірақ қазақ елі үшін қай кезде де елі мен жерінің тұтастығын қызғыштай қору мәселесі күн тәртібінен түсіп көрмеген. Әсіресе, 1932 жылдардағы ашаршылық, 37 жылдардағы репрессия ауыр да күрделі мәселе болды.Бірақ иығында ағартушылық парыз бен көп тепкіден жасыңқырап қалған халықтың рухын ояту міндеті қатар тұрған басылымның алдынан көп кедергілер ұшырасқан еді. Осы алмағайып кезеңде газеттің көкейіндегісін ашып айта алмай күмілжіген тұстары, қызыл қылыштың айбынынан тайсақтап, жүзін төмен салып, тек жаңа саясатты мадақтаған болып, кібіржіктеген кезеңдері де аз еместігін білгеніміз абзал.

«Социалистік Қазақстан» газеті 1937 жылдың мамыр айынан бастап «Социалды Қазақстанның» аты «Социалистік Қазақстанға» айналып, редакторлыққа Ж. Арыстанов сайланды. Ол бұл туралы кейін: «Менің ең алғашқы жұмысым газетіміздің атына түзету енгізу болып, «Социалды» деген ұғымның октябрьден басталған Қазақстандағы өзгерісті дәл бейнелей алмайтынын баяндап, бұдан былай газетімізді «Социалистік Қазақстан» деп атауға (1937-мамыр) өлкелік Комитеттің бюросынан рұқсат алғаным есімде»,- деп еске алады.

Бұдан соң «Социалистік Қазақстан» Ұлы Отан соғысы жылдары қазақ жауынгерлерінің соғыс кезінде қандай ерлік жасағанын, тыл еңбеккерлерінің соғыс жағдайындағы өмір-тынысын, олардың ерен-еңбектерін әрқашан үлгі етіп жазып отырды.

Әрине, соғыстан соң да оның беттері тың жерлерді игеру, бейбіт кезеңдердің ерен еңбектерін, қой басын елу миллионға жеткізу сияқты тағы басқа да сол кездердің елеулі табыстарын сөз етуден, насихаттаудан алдына жан салмады.

Бірақ қайтсек өз халқымыздың жыртығын жамай аламыз деген ой газет басшыларының ойынан ешқашан кеткен жоқ. Мысалы, 1959 жылдардан бастап бұл газет ұлтшылдық айыптаулардан есеңгіреп қалған ұлт зиялыларының естерін жиғызуға, оларды газет төңірегіне қайта топтастыруға үлкен қызмет етті.Бұл жылдардағы «Социалистік Қазақстанның» өсіп-өркендеуіне зор үлестерін қосып, басшылық жасаған редакторлары Құрманбек Сағындықов, Кеңесбай Үсебаев, Ұзақ Бағаевтар газеттің өз «бет-бейнесін» сақтауына зор еңбек сіңірді.

С.Пернебаевтың осы басылымда мындай фото туындылары жарық көрді:« майдан ардагерлерімен кездесу»[71],«Сабақ үстінде жаттығу»[72]

« жас музыканттардың Республикалық конкурсы »[73]

«Ансамбль аты – Қазығұрт қанаттары»[74],« талабыңа  нұр жаусын «тау гүлі»[75],«көктемнің күні жылға азық.»[76],« ақталған сенім»[77],«төл басы»[78],«Сайлау учаскесінде»[79],мол өнім»[80],«Жем – шөп қорын мол жасайық»[81],«Ана»[82]

С.Пернебаев қазақ фотожурналистикасына өзіндік қолтаңбасын қашап қалдырумен бірге өзінен кейінгі ізін басқан шәкірттерге үлгі – өнеге болды. Кейінгі толқын қазақ фотожурналистері үшін ол үлкен мектеп бола білді. Бұл турасында  белгілі фотожурналист Болат Омаралиев : «Ақмешіт апталығы» газетіне берген сұхбатында С.Пернебаевті өзіне өнеге тұтқаны жайында былайша сыр шертеді  «Жалпы, ұстада ұстаз болуы мүмкін. Бірақ шығармашылық адамда ол кездеспейді. Ақын, жазушыны тəрбиелеп шығара алмайсың. Оларда тек еліктеу ғана болады. Біз де сол еліктедік. Елімізде этюд түсіретін Сайлау Пернебаев деген фотограф болды. Үлкен газеттерде жұмыс жасады. Соған қатты еліктедім. Сөйтіп мен де табиғатты түсіре бастадым. Еркін шығармашылықпен айналыстым. Бұл – өнерге деген махаббат қой.» [03 Қазан 2016, 10:10   1379  0 Газеті: «Ақмешіт апталығы» газеті] .Фотожураналист ол өмірді сурет арқылы бейнелейтін суреткер. Шын мәніндегі фотожурналистің көзінен, қоғамдық өмірдің барлық болмысы мен табиғаттың тылсым сырлары тасада қалуы мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ.   

 

2.1 «Қас – қағым сәт» фотожурналист С. Пернебаевтың көзімен

 

Неткен шексіздік, неткен көркемдік…. Қас-қағым сәт бүкіл әлем, өз арнасына кейде сыйып, кейде сыймай толқығысы келетін  өмiр, сан мың түрлі сырға толы  тiршiлiк… Бәрi-бәрi… көз алдыңда сайрап жатыр. Сол күйiнде, қаз-қалпында. Сан  бояу-нақышымен, барша  бiтiм-болмысымен айшықталған. Қолыңа ұстап, бар назарыңды бұрып, байқалай көз тастайсың. Мiне, нағыз  өнердiң құдыретi осында жатыр.  Тарихтың қас-қағымдық мезетiн қалт жiбермей, объективке iлiндiру – үлкен шеберлiкпен қоса аса ыждағаттылықты, байқампаздықты талап етсе керек. Өткiр жанар, сергек сана, ұшқыр қиял ғана тамаша туындыларды өмірге  әкеледi ол тек әкеліп ғана қоймай, оны нағыз өнер туындысына, ертеңгі ұрпақ жадысында сақталар құнды жәдігерге айналдырады. Осы таным тұрғысынан  белгiлi фотожурналист С.Пернебаевтың  шығармашылық әлемi жан-жақты терең үңіліп, оның жасампаздығы жайында зерделі ой айтқың келеді.

Қас – қағым сәт шайқастағы жауынгер үшін өмір не өлім, бәсекедегі спортшы үшін жеңіс не жеңіліс. Ал қолына фотоаппаратын ұстаған фотограф үшінде оның маңызы аса зор деп айтуға болады. Пернебаев осы бір қас – қағым сәттің фотограф үшін келелі мәнге ие екенін терең сезінгендей, содан болар ол қашанда қас – қағым сәтті қалт жібермепті. Оның қас- қағым сәтті бейнелеген суреттерінің бір бөлімі балалар өмірін өзек етеді. Сайлау Пернебаев үшін балалардың жан әлеміндегі кіршіксізде нәзік болмыстар қас –қағымдағы хас сұлулықпен сүйспеншіліктің симолы сіпеті еді деуге болады.

«Қазақстан Мұғалімі» 1963жылы. 4 шілде.  № 27. 2 – бет «киіне қойшы бөпешім.». «бақытты балалық»

«Қазақстан Мұғалімі» 1964 жылы. 28 мамыр. № 22. 2 – бет «Балалар өмір гүлі»

«Қ.Ә» 1990 жылы. 6 шілде .№ 27 . 15 – бет. «Бақытты балалық»

«Қ.Ә» 1990 жылы. 16 ақпан. №7. 1 – бет «Балалы үй базар»

Оны  тәуелді қоғамда тәуелсіз өмірі сүрді деуге болады.  Ол жаны нені қаласа соны аппарат көзінен таса жібергісі келмеді. Жоғарыдағы фото картиналардан оның соншама мөлдірлікке, пәктікке жаны құштар екенін аңғару тым қиын емес. Осы  балалар тақырыбындағы  фотосуреттер арқылы өз қоғамына терең философиялық ой айтқандай. Ұлы Тагор сөзімен «балалардан үйренейік олар ешқашан болашақтан күмәнденбейді» деген тағылымды терең сезінгендей.

 

С.Пернебаевтың бұл тақырыптағы фотосуреттерін   негізінен  Фотосуреттеме мен фото портретке  жатқызуға болады. Зерделеп қараған адамға  оның қас –қағым сәтте түсірілгені сезіледі. Фотосуреттемелік көріністердің басым бөлігін адамға басқаша әсер беретін лирикалық туындыларға жатқызуға болады.

Көрерменге арналған фотосуретте автордың дауысы естіледі, оның интонациясы суреттермен беріледі. Осыдан, біз адамның жағдайы, фотожурналисті, алдымызға келіп, оның шындықты бейнелейтінін көреміз.

С. Пернебаевтың шығармашылығының бір бөлімі өз заманында өмір сүрген тұлғалардың портретінен тұрады. Сол портреттер оның шығармашылығын тың белеске көтерді.  Демек портрет жанры С. Пернебаев шығармашылығынан елеулі орын алады.

Көркем портреттің мақсаты адам кейіпкерін, ішкі дүниенің мәнін, оның эмоцияларын және батырлықтың жүрегін толтыратын ақыл-ойдың ашылуын білдіреді. Фотосурет жасау үшін адам саналы түрде және қасақана бейнелеуді білдіреді.

Көптеген жағдайларда фотограф кадрды жасау үшін тек қас – қағым  сәтте, секундтың бір бөлігін ұтымды пайдалана  білгені абзал. Өткен  уақыт пен сол мезеттегі болмыс қайтарылмайды. Қазіргі заманғы технологияның бізге силаған мүмкіндігі сол бірнеше сериялы кадрлармен қатар  түсіруді қолдану салдарынан қас – қағым сәтті түсіруді жеңілдетеді.   Шынайы шебер фотограф өз уақытында қайталанбас сәтті күтіп, суретке түсіруді біледі.

Бүкіл әлем қозғалыста. Айналасындағылардың барлығы өзінің жылдамдығы мен ырғағына ие. Фотограф үшін оған айналасындағы оқиғалардың жылдамдығын дұрыс бағалап, олардың ырғағына бейімделу өте маңызды.

С.Пернебаев фотопортреттері сан қырлы деуге болады. Онда қазақ жұртына таныс белгілі тұлғалар да, қарапайым еңбек адамдары да  кездеседі. Ол саяси науқандармен әлеуметтік ұрандарға толы сол дәуірдің өзінде де, ұлт ұпайын түгендеуге, ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт – санамен  қазақи болмысты фотоаппарат көзінен қалт жібермеуге тырысты. Өйткені ол сол қасиетті өнермен қаймағы бұзылмаған қазақ дәстүрінің ұрпақ санасында қайта жаңғыратынына шүбәсіз сенді деуге болады.

Осындай тақырыптағы фотопортреттерінің бірі «термеші» портреті деуге болады. «Қ.Ә» 1982 жылы 12 март. № 11. 11 – бет . портреттегі термеші сол кездегі Жамбыл облысы Талас ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі термеші Алтынбак Оразбеков екені жазылған. Ал терме өнері — қазақ халқының сөз маржаны , ақыл мен асыл өсиетті өн бойына тоғытқан меруерт өнер  саналады. Осындай жауһар өнерді жадында тұтқан өнерпазды фотокамерадан тыс қалдырмауды  ол өзіне мұрат тұтқандай. Фотосуретте термешінің басында құндыз бөрік, үстінде оюлы шапан. Қолында үкілі домбыра, домыраны толғай шертіп, асқақтата шырқай жөнелгенін көруге болады. Фотопортреттен термешінің эмоциясы айқын аңғаралады. Ол ғажайып әуеннің тұңғиғына бірге батып барады. Әсерлі әуенге балқыған термешінің жан дүниесі тіптен қопарыла түседі. Ол ұлттың қасиетімен қастерлі өнері туралы том – том еңбектер жазған жоқ, алайда ғасырлардан желісін үзбеген ұлы өнер мен ұлт болмысы жайлы өшпес фотокартиналар қалдырды.

С. Пернебаев өз мүмкіндігінше ұлт болмысын фотоапарат көзіне тыс қалдырмауға тырсты. Осындай керемет фотопортреттердің бірі «ғасыр құрдасы» деп аталады. Бұл фотопортрет [«Қ. Ә» 1982 жылы, 24 шілде. № 39. 1- бет «ғасыр құрдасы»] жарияланыпты. Портретте ғасырға жуық жасаған әжемен төрт – бес жастар шамасындағы екі балдырған бейнеленген. Басына ақ шылауыш тартқан ана екі немересіне (шөбересі болуыда мүмкін) әлде нені әңгімелеп отыр.  Баладардың жүзінде нұр ойнайды, олар әженің әсерлі әңгімесіне шөлі қанар емес. Социялистік қоғамның қолдан жасалған жасанды ағымдары қоғамдық санаға аса терең әсер еткен тұста да, С.Пернебаев дәстүрлі құндылықтарды белсене насихаттай алғанын көруге болды.  Өйткені ол бала күннен рухани уызға қанып өсті,  содан болар әжелердің «әлпештеу поэзиясы» оның жүрегінің түкпірінде өмір бойы  жаңғырып өткендей.

С.Пернебаев фото туындыларын біз жай ғана фото түсірілім емес, шынай өнер туындысы ретінде қабылдауға тиіспіз, үйткені оның көптеген фотосуреттері көркемдік қуатқа толы. Керемет эстетикалық құнға ие фото түсірлімдерді халықаралық сарапшылар шын мәніндегі өнер туындысы деп қарайды. Бұл жөнінде белгілі өнер танушы   Жан Митлер өзінің «Өнер шеберлігі » кітабында өнер туындысының негізгі компоненттері ретінде жіктеуді элементтерді  ұсынады: , сурет, түс, сызық, текстураның, пішін, пішіннің нысаны (нысаны) және кеңістік. Өз кезегінде, принциптері, яғни, жұмыс элементтердің қолдану және өзара іс-қимыл түрлі жолдары, оның пікірінше, бұдан өзге мыналарды атауға болады : балансы (тепе-теңдік), негізгі бұрыш бөлу (назар), үйлесім (гармония), алуан (эстрадалық), Градиент бітіру (градация), қозғалыс, ырғақ және пропорция. Митлер осылардың бәрі сәтті шыққан өнер туындысының қасиетті бірліктері деп қарастырады.

С.Пернебаевтың түрлі тапсырмалармен түсірілген фотопортреттерін қоспағанда оның өз дүние танымымен талғамына сай түсірген фотопортретт-інде, әр алуандылық пен тепе – теңдік,  жоғары үйлесімділік сынды басты  өлшемдермен принциптердің барлығы сақталған деуге болады.

Американдық зерттеуші және мұғалім Жан Миттлердің айтуынша, «өнер қандай да бір іс-әрекеттің үш негізгі сипаттамасымен сипатталуы мүмкін. Біріншіден, көркемдік шындықты бейнелейді және сол  шындықты ашып  көрсетеді; Екіншіден, объект нақты немесе жоқ екеніне қарамастан, ол көзді эстетикалық жағымды әсерге ие  етеді; үшіншіден, идеяларды, автордың ой желісімен сезімдерін түсіндіреді» . Өнердың  бұл анықтамасы көптеген басқада өнер заңдылықтарын анықтай алады, бірақ біз ол өнер туындыларының талдау өнер тәжірибесінде қолданылатын негізгі бағыттарын көрсететін  фактісіне  байланысты оны пайдалануға болады деп ұғынамыз . Сондықтан, кез-келген басқа өнер туындысына, ол кескіндеме, мүсін немесе басқа нәрсе сияқты фотографиялық суретке қойылатын талаптарды ұсынуға тура келеді. С. Пернебаев фото туындылары осы шартқа белгілі деңгейде жауап бере алады.

Сайлау Пернебев фото портреттерінің бір бөлімі  өзі  жасаған дәуірдің қоғамдық шындғын айтуға арналған. Оның бұл сипаттағы фтотпортреттеріне сол заман идеялогиясына сай  советтік өмірдің ең  белсенді күші саналатын қарапайым еңбек адамдары арқау етілген.

Осындай советтік заман тақырыбын бейнелейтін фотопорттреттерінің бірі «Қ. Ә» 1982 жылы . 5 қараша. № 45. 3 – 4 беттеріне басылған . фотофортреттің тақырбы  «Біздің замандас» деп аталады. Суретке : Шымкент обылысы Қызылқұм  ауданындағы «Талапты» совхозының озат шопаны Оңалбек Бегалиев түсірілген, фотопортреттен қарапайымда қайсар еңбек адамының тасқындаған күш жігері мен мұндалайды. Әрине фотожурналист өзі заманының шынай қоғамдық болмысын бейнелеуге күш салатыны табиғи.

 

2.2 С.Пернебаев фотоларындағы тақырыптық  ерекшеліктері мен жанрлық сипаттар

 

Белгілі бір обьектіні белгілеген журналист әр түрлі сатылардан өтеді. Мынадай мынадай деп нақты айтуғада болады, десек те, әр оқиға барысында әр түрлі жайттар болатындықтан ондағы кездесетін кедергілер де алуан түрлі болатыны айдан анық. Жанрмен жұмыс істейтін журналисте ерекше шыдамдылық пен ыждаһаттылықтың көрінісі көбірек табылады. Фотожурналиистиканың нәзік туыстарының бір де осы жанрлармен  жұмыс атқару болып табылады. Жанрлардың өз алдына бөлек мінез – құлқы, қыр —  сыры , қиындығы болады. Соның салдарынан кей- кейде фотожурналистің жумысы қиындап та жатады. Фотожурналистикада ең қымбат оқиға болса, оқиға белгілі- бір уақытта орын алып , белгілі уақытта аяқталатыны белгілі. Сондықтан фотожурналист үшін уақытта өз маңыздылығын дәлелдейді. Демек пунктуальдылықты серік ете алмаған фотожурналистің жұмысы қиынға түсетіні,  оның алдында көптеген кедергілердің  тұратыны сөзсіз.    Фотожурналист үшін туындайтын қиындықтардың шегі жоқ, десек те, төзімділікті жүрек төркініне орналастырып , шыдамдылықты шабытпен ұштастырған журналист үшін бір кезде қиындық деген артта қалатыны айтпай – ақ белгілі.

Әрине Сайлау Пернебаевтың фото шығармашылғы осы  бір жазылмаған заңнан аттап кете алмасы түсінікті еді. С. Пернебаев  фотопортреттерінен кеудесі орденге толған түрлі саладағы  еңбек  озаттарын кездестіруге болады.  Ол  заманда тұтас әдебиет пен өнерге, ақпарат – баспасөзге  жүктелген басты міндет советтік өмірді жырлау, қоғамның қозғаушы күші санлатын жұмысшы табының   белсенді бейнесін мадақтау болатын. Қазақтың беделді баслымдар-да ұзақ жылдар қызмет еткен С. Пернебаевтың тұтас фото туындысы сол бір жалпыға бірдей үдерістен оқшау  қалуы мүлде мүмкін емес еді. Енді бірі Кеңестік цензура еркін шығармашылыққа тұсау салып келгені тағы бар.

Автордың түсірілім кезінде басшылыққа алатын сыртқы себептерді түсіну, мазмұнды ресми мінсіздіктің деңгейін неғұрлым нақты түсінуге мүмкіндік береді, ол өзінің «хабарын» — эмоционалды, ақпараттылық немесе идеологиялық тұрғыдан қояды. Біз сөз етіп отырған сипаттағы фото туындылар осы көзқарасқа саяды деуге болады. Фотожурналистің түсірліміне әсер ететін сыртқы себептер  оның жасампаздығы өзіндік әсер жасайтыны белгілі. С. Пернебаевтың мына фотопортреттерін

«Әшімғали Ақатаев» айтуға болады [29]6 «Әуез Мақұлбеков»[30]

«Ардагерлер»[23]Осы заңдылықтың типтік мысалы ретінде алуға болады.

С. Пернебаевтың фотожурналлистикадағы тұтас жасампаздғының бір бөлімі қазақ ақын – жазушыларына араналған.оны тіпті қазақ әдебиетінің «фото шежіресі» десекте болады. Бұл шын мәнінде баға жетпес байлық есептелмек, Онда қазақ сөзөнерінің марғасқалары — Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин,Тахауи Ақтанов,Әлжаппар Әбішев, Қалижан Бекхожин ,Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Әди Шәріпов,Хамит Ерғалиев, Сәкен Жүнісов, Әкім Тарази, Қабдеш Жұмәділов, Дүкенбай Досжан, Мұқағали Мақатаев, Шерхан Мұртаза, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Мағауин, Әбiш Кекiлбаев,Қадыр Мырзаәлі, Тұманбай Молдағалиев сынды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің  әр жылардағы фотопортреттері сақталған. Сонымен бір Қазақстан  жазушылар одағында өткен салтанатты бас қосулармен мерейтойларда Пернебаев көзінен тыс қалмаған. Айтылған оймыздың дәлелі ретінде Сайлау Пернебаев әр жылдары түсірген бүгінде өшпес тарихқа айналып, бағалы мұраға бағаланған  мына фототүсірілімдерді айтуға болады: «Эстония қаламгерлері Қазақстан жазушылар одағында»,«Әкім Тарази, Қабдеш Жұмәділов, Дүкенбай Досжан», «қаламнан қол босағанда» «жазушы Мұхтар Мағауин баласы Мадиярмен бірге»,«Әди Шәріпов пен Сәкен Жүнісов», «Қазақстан жазушыларының шығармашылық үйінде демалушылар, ортада Ғабит Мүсірепов», «Әкім Тарази, Қабдеш Жұмәділов, Дүкенбай Досжан», « Мұқағали Мақатаевтың кейбір суреттері. Жарияланбаған суреттерден», «Хамит Ерғалиев 80 жаста »

Ондағы фотопортреттерге зер салсаңыз, қазақ сөз өнеріне сүбелі үлес қосқан. Әдебиетіміздің алтын алқасындай жарқыраған жауһар туындыларды өмірге әкелген. Үлкен дарын иелерінің дара болмыс бітімі, кесек тұлғасы. Өзгеше  жаратылысы бірден көзге ұрады. Сіз одан шығармашылық адамның шынайы болмысын аңғара аласыз. Олар тәуелді қоғамда тәуелсіз өмір сүрді. Ұлтың келешекке кемел тартуына, тамырын тереңге жіберіп  болашаққа бой созуына еңбек етіп тер төкті. Олар жасаған ұшан —  теңіз рухани байлық бүгінгі ұрпақтың бақытты өмірін жасады. Ал Сайлау Пернебаевтың фото портрет әлемі бізді олардың аса асқақ, тым терең жан әлеміне тіптен бір қадам жақындата түскендей. Бір фотосурет бір дәуірдің айнасы болалады. Ол тағы белгілі бір тарихи тұлғаның бар болмыс бітімін баяндапта бере алады деуге болады. “Абайдың суретi болмаса, бiз баба бейнесiн қалай елестетер едiк…”. Шындығы сол , таным – түсінігімізше  әрбіріміз  ой  — санамызға өзiмiзше сомдап, кескін -келбетiн өзiмiзше  шамалар едiк. Бұлай деп айтуымыздың себебі, күнi бүгiнге шейін  ұлтымыздың  не бір дара тұлғаларының  әрқайсымыздың жүрегiмiз бен жадымызда жатталған көзқанық бейнелері  оқта-текте күдiк келтiрiп қоятыны да жасырын емес. Әрине, нақты фотоның болмауынан…

Тарихи деректерге  сүйенер болсақ , Абай атамыз бар ғұмырында  екi ақ рет суретке түсiптi: оның ең  алғашқысы, яғни 1896 жылы, елу бiр жасында Семей қаласында Н.Г.Кузнецов түсiрген әйгiлi фото. Бұл күнде бүкiл әлемдi шарлаған ақын суретi негiзiнен екi ұлы – Ақылбай мен Тұрағұлдың ортасында отырған жерiнен ойып алынған. Атақты фотоның толық түпнұсқасы Семейдегi Абай мұражайында сақтаулы. Бұл фотопортрет біз үшін баға жетпес асылдың өзі саналмақ. Осы сурет арқылы ұлы Абайдың кемеңгер бейнесі мәңгілік өшпейтіндей болып ұрпақ жадында қалды. Бұл суреттің ғажайып ескерткіш екені жөнінде, әйгілі жазушы Мұхтар Мағауин «Абайдың суреті» атты Эссесінде « суреттің толық нұсқасы Абайдың екі жағында екі ұлы Ақылбай мен Тұрағұл бәрініңде жүзі байсалды. Ал атамның өңінен  даналық лебі шалқып тұрғандай, бір адам емес бүкіл алаштың даналығы» [«М.Мағауин шығармалар жинағы» 10 – том. 16 — б] деп жазады.

Фотопортрет кім көрінгенің көзіне іліне бермейтін тосын сәттерді қалт  жібермей кадрда ұстап қалуымен құнды деуге болады. С. Пернебаевтың аса сәтті түсірілген фотопортреттінің бірі Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың суреті болатын. Фотопортрет «Қ.Ә» 1991 жылы 22 ақпан. № 8. 12 – бет « Мұқағали Мақатаевтың кейбір суреттері. Жарияланбаған суреттерден» деп аталады. Бұл фото 1966 жылдың көкек айында түсірілген.

Ол шақта ақын отыз бес жаста еді. Нағыз бір отқа оранған,кемеліне келген шағы еді бұл уақыт. Фотопортретке көз тастар болсаңыз жаны нұрмен шуаққа оранған. Жүзі нұрға шомған ақын бейнесін көре аласыз. Бірінші фотода ақын қыр жағынан түсірілген ол шалқар шабыт үстінде отыр. Көркем  ойдың көкжиегіне батып барады. Ол өзгеше бір әлемде өлең құдіретінің қанатымен қалқып бара жатқандай. Бұл ақының көкті тілген жасындай нағыз жалынды шағы еді. Екінші бір суретте ақын телегей ойдың тереңін кешіп тұр. Аса бір сүйекті шығармасы оны осылай ұзақ – ұзақ ойға батыратын шығар – ау. Ол бейне дауыл алдындағы тыныштық сіпеті. Иә терең теңіз солай тыншып алып, жайбарақат жатып сосын буырқанбаушыма еді. Ақын бейне сол бір күйді басынан кешіп тұрғандай. Ақын шығармашлығын зерртеушілерде оны 1965 жылдан кейін өлеңді тіптен өндіртіп жазған деседі. Сол жылдары ақын шығармашылығының алтын дәуірі басталады. Үшінші бір фотопортретте ақын мынау әлемге шырқау, көктен көз салған мұзбалақ қыранға ұқсайды. Ол мына жарық әлемге тым – тым биіктен шола қарайды. Ол енді дүр сілкініп ұшатын тәрізденеді.

 

.

Асқар тауды, алқара көк аспанды, көгілдір көлді, жасыл жайлауды, табиғаттың көрсең көзің тоймайтын көркем көріністерін фотоға түсірмеу мүмкінде емес шығар. «Қазақ Әдебиеті» 1981 жылы 27 март №13 , 1 – бет « көктем әуендері»

«Қазақ Әдебиет» 1983 жылы 8 сәуір. № 14. 13 – бет «Көктем тынысы»

«Қазақ Әдебиеті» 1992 жылы. 13 наурыз.№ 11. 1- бет. «қыс аяғы ұзап барады — ау»

«Социялистік Қазақстан» 1977 жыл. 26 наурыз. № 71.  1 – бет «көктемнің күні жылға азық.»

«Қазақ Әдебиеті» 1992 жылы. 13 наурыз.№ 11. 1- бет. «қыс аяғы ұзап барады — ау»

«Қазақ Әдебиеті» 1996 жылы. 13 тамыз. №. 33. 1 – бет «айдын көлдің бетінде құс еркелеп…..»

«Қазақ Әдебиеті» 1990 жылы. 2 ақпан. №5. 1- бет «Ақпан»

«Қазақ Әдебиеті» 1996 жылы. 30 шілде  №. 31.1 – бет «қаңтарылған қайықтар….»

«Қ.Ә» 1996 жылы. 12 қараша  . № 46. 1 – бет «жапырақ жауған күн»

«Қ.Ә» 1996 жылы. 18 маусым  . № 25. 1 – бет «жаз —   жайлауда»

«Қ.Ә» 1996 жылы. 20 ақпан . № 8. 1 – бет « қыста өтер »

Ол қашанда төл табиғаттың  көркі көз сүріндіретін көріністерін фотоаппарат көзінен таса жібермейтін. Сұлу суретті өз жадында алып қалуға тырысатын, сол себепті оның фото пейзажаздарын көрген жан тамсанбасқа шарасыз қалады.

Фотожурналистиканың   шығармашылық  қызмет   түрі  ретінде қалыптасуы қоғамның   көзбен  көру  ақпаратын   қажет  етуден  туындады.  Оның  қызметтік  алаңы  мерзімді  баспасөз  саналады  және  ол  фотожурнал-стика   шығармашылығының    сипатын  анықтайды. Фотожурналистика  рухани  практикалық   қызмет  атқарады.  Фототілшілердің  басты  мақсаты  көру  техникасы  фотоаппараттың   көмегімен  қоғамдық    өмірде  болып  жатқан  әр түрлі  жаңалықтар мен  оқиғалардың   әлеуметтік – саяси  мәнін  ашып  көрсетуі.  Қоғамдағы  көрсетімдер  қызметінің  кез – келген  түрі   субъектінің объектіге  қатысымен  сипатталады.  Фотожурналистиканың   объектісі  журналистиканың   басқа  да  салалары – сөздік,  радио – телевизиялық    журналистикадағы  сияқты  табиғат  және  қоғам   болып  саналады.  Алайда, объектіні  бейнелеу  жөнінде  олардың  атқарар  қызметі  бір  болғанымен,  айырмашылықтары  да жоқ  емес.  Фототілші  шындықты  бейнелеуде  фотография  мүмкіндіктерін  тікелей  пайдаланады.  Ол  әлемде  болып  жатқан  жаңалықтар  мен  оқиғалардың  шындық  бейнесін   сөз  белгілерімен  ғана  емес,  сонымен  қатар  сурет  өнерінің көмегімен де   кескіндейді.  Фотожурналистикадағы   объект  нақты  шындыққа  бір табан жақын.  Оқырман,  көрермен  фотосуретте  бейнеленген  жайдың  тікелей  куәгері, оны  өз  көзімен  көргендей  әсер  алады.

Фотожурналистикадағы  объектіні  тіркеудің  тағы  бір  артықшылығы, құжаттық шындықты бүкпесіз  тура  сол  қалпында  көрсете  білуінде,  яғни  оқиғаның  уақыт  кеңістігіне  сай етіп  жүргізе  алатындығында.  Сондықтан да фотожурналисттерді  “шежіре”  деп  атауы  тегін  болмаса  керек.  Фотографияда  өмірде  болмаған  нәрсе  әсте болмайды.  Мұндай  фактілер  журналистиканың  өзге  салаларында да  әбден  болуы мүмкін.   Бірақ  ол  фотожурналистикада ерекше  мәнге  ие  болады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.А. Әбдірайымұлы, Фотожурналистика, университет баспасы. 2013ж

2 . Бакулина, О.А. Фотожурналистің шеберханасында [Мәтін] / OAKakulina. — Москва: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультеті, 2011. — 150 бет.

  1. Чибисов, К.В. Фотосурет тарихындағы мақалалар [Мәтін] / К.В. Чибисов // М .: Арт, 1987.- 255 б.
  2. Кирсанов Д. Веб-дизайн. СПб, 1999. 364 с.
  3. Журналистика [Электронды ресурс] Қол жетімділік режимі: http://maadaraan.tk/fotografiya.html, тегін. Тіркелген 05/15/2015
  4. Корона, Н.И. Фотожурналистика жанрлары [Мәтін] / Н.И. Ворон. — М.: Журналистика факультеті, 2012. — 145 б.

6.«Қазақстан Мұғалімі» 1963 жылы. 10 – қаңтар, № 2, 3 – б «Еңбек сабағында»[

7.«Қазақстан Мұғалімі» 1963 жылы. 31 – қаңтар, № 5, 1 –бет «жақында оқытыла бастаған қоғамды тану тану пәні қалқымыздың батырлық күресін кең тануға мүмкіндік ашты.»

8.«Қазақстан Мұғалімі» 1963 жылы.28 март, 10 – қаңтар, №13, «он жылдықты бітірген оқушылар ауыл шаруашылғына барып жұмыс істеуге тілек білдірді.»

9.«Қазақстан Мұғалімі» 1963 жылы. 20 маусым, 25 №.  4 – б, «қуанды бұл ерлікке жастар ерен».

10.«Қазақстан Мұғалімі» 1963жылы.  4 шілде.  № 27. 1 – б. «пеленумның материяладрын оқып үйрену.»

11.«Қазақстан Мұғалімі» 1963жылы. 4 шілде.  № 27. 2 – бет «киіне қойшы бөпешім.»

12.«Қазақстан Мұғалімі» 1963жылы. 15 тамыз. № 33. 1- бет. «қалық ағарту қызметкерлерінің респубыликалық кеңесіне қатсушылардың бір тобы»

13.«Қазақстан Мұғалімі» 1964жылы. 9 ақпан. № 2,  4 – бет. « көңілді демалыс»

14.«Қазақстан Мұғалімі» 1964жылы. 9 сәуір. № 15. 2 – бет « кезекті сабаққа әзірленіп тұрған оқушылардың бір тобы»

15.«Қазақстан Мұғалімі» 1964жылы. 28 мамыр. № 22. 2 – бет «Балалар өмір гүлі»

16.«Қазақстан Мұғалімі» 1964жылы. 18 маусым. № 25. 4- бет «Абай операсынан дипломдық жұмыс қорған студенттер.»

17«Қазақ Әдебиеті» 1981 жылы 27 март №13 , 1 – бет « көктем әуендері»

18.«Қ.Ә»1981жылы 12 маусым  №24 , 15 – бет . «ынта»

19.«Қ.Ә» 1981 жылы 23 қазан.  №43 .10 – бет.  «Бақыты балалық»

20.«Қ.Ә» 1982 жылы 12 март. № 11. 11 – бет « термеші»

21.«Қ. Ә» 1982 жылы , 2 шілде. № 27. 11- бет «Кітапханда»

22.«Қ. Ә» 1982 жылы, 24 шілде. № 39. 1- бет «ғасыр құрдасы»

23.«Қ. Ә» 1982 жылы ,29 қазан , № 44. 1 – бет «Ардагерлер»

24.«Қ. Ә»1982 жылы, 29 қазан, № 44. 2-3 бет «Эстония қаламгерлері Қазақстан жазушылар одағында»

25.«Қ. Ә» 1982 жылы . 5 қараша. № 45. 3 – 4 беттер. «Біздің замандас»

26.«Қ. Ә» 1982 жылы . 5 қараша. № 45. 14 – бет. «Беймезгіл келген «бес қонақ»

27.«Қ. Ә» 1982 жылы. 10  қараша. № 4 – бет « жазушылар»

28.«Қ. Ә» 1982 жылы 17 желтоқсан . № 51. 15 – бет  «қаламдас достар»

29.«Қ.Ә» 1983 жылы 21 ақпан. №3.  1- бет «Әшімғали Ақатаев»

30.«Қ.Ә» 1983 жылы 28 ақпан. № 4.  3 – бет.  «Әуез Мақұлбеков»

31.«Қ.Ә» 1983 жылы 28 ақпан. № 4. 4- бет «Әкім Тарази, Қабдеш Жұмәділов, Дүкенбай Досжан»

32.«Қ.Ә» 1983 жылы 11 ақпан. № 6, 1 – бет «СССР азаматық авиациясына 60 жыл.»

33.«Қ.Ә» 1983 жылы 1 сәуір. №13. 2- бет «үлкен Алматының канал құрылысында»

34.«Қ.Ә» 1983 жылы 8 сәуір. № 14. 13 – бет «Көктем тынысы»

35.«Қ.Ә» 1983 жылы 15 сәуір. № 15,  6 – бет «қаламнан қол босағанда» .«жазушы Мұхтар Мағауин баласы Мадиярмен бірге»

36.«Қ.Ә» 1983 жылы 22 сәуір. № 16. 15 – бет «көктем исі»

37.«Қ.Ә» 1983 жылы 6 мамыр, №18. 11- бет «Әди Шәріпов пен Сәкен Жүнісов»

38.«Қ.Ә» 1983 жылы 20 мамыр ,№ 20 . 10 – бет , «Н. Тілендиев пен Әншілер Б. Әшімова, Н. Нүсіпжанов »

39.«Қ.Ә» 1983 жылы 15 шілде, № 28 . 1 – бет  «қазақстан жазушыларының шығармашылық үйінде демалушылар, ортада Ғабит Мүсірепов»

40.«Қ.Ә» 1983 жылы 22 шілде , № 29, 3 – бет  «фото репортаж» жем – шөп дайындау үшін бар мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз.

41.«Қ.Ә» 1990 жылы. 26 қаңтар. №4. 1 – бет фоторепортаж «жылқышының жылқы жыл»

42.«Қ.Ә» 1990 жылы. 2 ақпан. №5. 1- бет «Ақпан»

43.«Қ.Ә» 1990 жылы. 16 ақпан. №7. 1 – бет «Балалы үй базар»

44.«Қ.Ә» 1990 жылы. 9 наурыз . 10 №. 1 –3 бет «шаңырақ көтерді»

45.«Қ.Ә» 1990 жылы. 22 маусым. №. 1 – бет «маусым»

46.«Қ.Ә» 1990 жылы. 6 шілде . №. 12 – бет. Мұстафа Өзтүрік  «Ата мекенімді қимаймын»

47.«Қ.Ә» 1990 жылы. 6 шілде .№ 27 . 15 – бет. «Бақытты балалық»

48.«Қ.Ә» 1991 жылы 22 ақпан. № 8. 12 – бет « Мұқағали Мақатаевтың кейбір суреттері. Жарияланбаған суреттерден»

49.«Қ.Ә» 1991 жылы 29  наурыз. № 13 . 1 – бет. «Қош келдің, қой жылы»

50.«Қ.Ә» 1991 жылы. 3 мамыр. №18. 1 – бет «Көктем тынысы»

51.«Қ.Ә» 1991 жылы. 13 желтоқсан . № 50. 2 – бет «қазақстан республикасының призденті Н. Ә. Назарбаевтың ант беру сәті.»

52.«Қ.Ә» 1992 жылы. 3 қаңтар . № 1.  2 – бет «қазақ әдебиетінің ұжымы 1992 ж»

53.«Қ.Ә» 1992 жылы. 17 қаңтар. №3. 3 – бет. «Қазақстан парламетінің VІІ сессиясыанан »

54.«Қ.Ә» 1992 жылы. 31 қаңтар. №4. 11 – бет . «Айдындағы ақ желкен»

55.«Қ.Ә» 1992 жылы. 13 наурыз.№ 11. 1- бет. «қыс аяғы ұзап барады — ау»

56.«Қ.Ә» 1992 жылы.9 қазан. № 41. 1 – бет «қимаймын өздеріңді қош деуге.»

57.«Қ.Ә» 1992 жылы. 23 қазан. №43. 15 – бет «туған жеріне тәу еткен қандастармыз»

58.«Қ.Ә» 1996 жылы. 9 шілде  №28. 1 – бет «әже әңгіме айтыңызшы»

59.«Қ.Ә» 1996 жылы. 16 шілде  №29. 1 – бет «Ермек Серкебаев 70 жаста »

60.Қ.Ә» 1996 жылы. 30 шілде  №. 31.1 – бет «қаңтарылған қайықтар….»

61.Қ.Ә» 1996 жылы. 13 тамыз. №. 33. 1 – бет «айдын көлдің бетінде құс еркелеп…..»

62.«Қ.Ә» 1996 жылы. 15 қазан . №. 42. 1 – бет «Хамит Ерғалиев 80 жаста ….»

63.«Қ.Ә» 1996 жылы. 29 қазан . №. 44. 1 – бет «Сымбат »

64.«Қ.Ә» 1996 жылы. 12 қараша  . № 46. 1 – бет «жапырақ жауған күн»

65.«Қ.Ә» 1996 жылы. 18 маусым  . № 25. 1 – бет «жаз —   жайлауда»

66.«Қ.Ә» 1996 жылы. 11 маусым  . № 24. 1 – бет «Алматы. Қазақстан республикасы ғылым академиясының үйі»

67.«Қ.Ә» 1996 жылы. 20 ақпан . № 8. 1 – бет «қыста өтер »

68.«Қ.Ә» 1996 жылы. 16 қаңтар . № 3. 1 – бет «Алматы қаласы. М.Әуезов атындағы мемлекетік академиялық драма театырының ғимараты »

69.«Қ.Ә» 1993 жылы. 9 көкек. № 15. 15 – бет « мейірім құшағында »

70.« Социалистік Қазақстан» 1975 жыл. 2 ақпан. № 28, 4- бет « майдан ардагерлерімен кездесу»

71.«Социалистік Қазақстан» 1975 жыл. 2 ақпан. № 28, 4- бет « майдан ардагерлерімен кездесу»

72.« Социалистік Қазақстан» 1975 жыл. 25 ақпан. № 47, 4- бет «Сабақ үстінде жаттғу»

73.« Социалистік Қазақстан» 1975 жыл. 30 наурыз. № 75. 4 – бет « жас музыканттардың Республикалық конкурсы »

74.« Социалистік Қазақстан» 1975 жыл. 21 май. № 118. 4 – бет «Ансамбль аты – Қазығұрт қанаттары»

75.« Социалистік Қазақстан» 1975 жыл. 4 қыркүйек. № 206, 4 – бет « талабыңа  нұр жаусын «тау гүлі»

76.« Социалистік Қазақстан» 1977 жыл. 26 наурыз. № 71.  1 – бет «көктемнің күні жылға азық.»

77.« Социалистік Қазақстан» 1976 жыл. 6 қараша.№ 276.  4 – бет . «Ана»

78.М.Мағауин шығармалар жинағы, 10 – том. 16 — б

  1. Вартанов А. Фото-журналистиканың көркемдік ресурстары. Автореферат. Канд. дисс. М., 1989ж

80.Равен Н.И. Газет және журналдағы фотожурналистика жанрлары // мерзімді басылымдардың көркемдік және техникалық дизайндары. М., 1980.

  1. Акчурин Д.Г. Фотожурналистиканың жанрлары / Сурет туралы ақпараттың ерекшеліктері // Журналистика жанрлары. Қазан қаласы, 1972 ж.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *