Дипломдық жұмыс: Қазақ фотожурналистикасының қалыптасу эволюциясы

 Дипломдық жұмыс: Қазақ фотожурналистикасының қалыптасу эволюциясы

«ҚАЗАҚ ФОТОЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ»

Кіріспе

1 тарау. Әлемдік және отандық фотожурналистиканың пайда болу және даму үдерістері.

1.1 Фотография тарихы

1.2 Фотоаппарат түрлері әйнеккөздің негізгі қасиеттері

1.3 Фотожурналистиканың пайда болуы мен даму тарихы

1.4 Фотожурналистиканың кәсіби әдебі мен ережелері

1.5 Фотожурналистиканың жанрлары және жаңа түрлері

1.6 Шетел баспасөзінің фотожурналисттер ұйымы

2 тарау. Отандық фотожурналистиканың қалыптасу кезеңдері мен

өсу эволюциясы

2.1 Қазақстандағы тұңғыш фотостудия

2.2 Қазақстандағы фотоодақтар мен ұйымдар

2.3 Кеңестік кезеңдегі Қазақстандық фототілшілер

2.4 Сандық фотоаппаратты алғаш игерген фототілшілер

 

3 тарау. Қазақ фотожурналистикасының жанрлық ерекшеліктері

3.1 Фотожурналистиканың жанрлары және жаңа пішіндері

3.2 Қазақстанның алғашқы фотокореспанденті Ш. Жұматов

3.3 Ш.Жұматовтың фотокорреспонденттік суреттері

 Қорытынды

Glossary

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналистика басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жүмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші — әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек.

Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті — оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық  қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жұмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және шығармашылық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасканда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объективті түрде, жан-жақты әрі дәл де, анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан ең алдымен өмірдегі жайларды деректі фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет. Ал кездейсоқ, бірен-сараң ғана фактіге сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан мәселенің зандылығына назар аударып, шындықты көре білу, өмірде жақсылықты таңдай білу және құбылысты дұрыс бағалай білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау — журналистің басты парызы.

Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚҚА көрсетіп жазу, айту жөн.

Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе қалған жағдайда, өз қатесін өзі мойындап, оқырмандардан кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып, кешірім сұрауға арсынбау керек. Және қателігіңді дер кезінде түзете білу де мәдениеттілік. Журналистің қателігі оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін газет-журналға, радио мен телевидение атына кір келтіретінін ойлау керек. Сондықтан фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу журналисті жарға жығады. Әр нәрсені өз атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет. Бұл орайда жауапкершілік пен адалдықты есте ұстаған жөн . Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп, халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті. Ал, тоқмейілсу, өзіне-өзі риза болушылық және мақтаншақтық журналисті тоқырауға ұшырататын қылық болып табылады. Әрі бұл адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа көлеңке түсіретін жайт.

Объективтілік дегеніміз — шындықтың нағыз өзі деген сөз. Журналистің тағы бір ұстанатын принципі жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес. Әртүрлі жанрда жазатын журналистің өз дүниесінің әркез нанымды шығуына күш салуы бұлжымас талап. Кейде тәжірибе немесе білімнің жетіспеуі салдарынан кейбір жазған дүниенің нанымдылығы аз болып шығатын кездері бар. Кейбір құбылыстарды жазғанда журналист сол өзі айтқан ойларын оқырманға дұрыс жеткізе алды ма, жоқ па соны байқау керек. Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екі ұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ па, соған көз жіберген жөн. Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі мүмкін. Соның бәрінде ең ортақ ой-пікірлер арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер оқыса да жатсынбайтын болғаны жөн. Бәрінің де ойынан шығып, бәрінің де көкейіндегісін қозғайтындай мақала болса, журналистің табысқа жеткені. Сондықтан да журналист барлық саладан  хабары бар, эрудициясы жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде бейнелегенде ылғи жоғарыда айтылғандай объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет. Мұндай жағдай оған абырой мен бедел әкелмек.

Жасыратыны жоқ, осыған дейін лауазымды қызметте жүрген азаматтардың айналасында өзге ұлттың фотосуретшілері болды. Соған қарап отырып, фотосурет өнерін шебер меңгерген қазақ азаматтары биліктегілердің жанында неге жүре алмайды, әлде бұл өнерді жан-жақты, терең меңгеруге шамамыз жетпей ме?. Бұған елімізде жоғары білімді кәсіби фотосуретшілер даярлайтын оқу орындарының жоқтығы да себеп болды ма екен? Әйтсе де, замана көшінен қазақ қалмауы керек қой. Айталық, Иосиф Будневич қаншама жылдар Елбасының жанында жүріп тамаша суреттерді өмірге әкелді. Мұндай өнер қазақтың да қолынан келеді екен.

Өкінішке қарай, одақ немесе ұлттық агенттік ретінде құруға Әділет министрлігі әлі рұқсат берген жоқ. 2010 жылы 19 тамызда әл-Фараби атындағы университеттің журналистика факультетінде «Фотоөнер қоғамдық бірлестігін құруға Әділет министрлігі рұхсат берді. Оның жарғысы бар, мақсат-міндеті айқындалған. Ортақ мүдде — саланы дамыту. Айталық, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Алматыда басталып, Астанада жалғасып, шымкентте аяқталған фотокөрме ардагерлердің де, орта буынның да, жастардың да басын қосты, жігерін жаныды, рухын көтерді. 28 азаматтың қолтаңбасын жалпы жұртшылық көзбен көрді, өз бағаларын берді. Тіпті Қытайда тұратын қазақ фотосуретшілері де тұңғыш рет Атамекенінде өткен көрмеге куә болды. Ендігі жерде түрлі туристік бағыттағы альбом шығару, жас мамандарды оқытатын курстар ашу, осы арқылы фотосуретші деген диплом беру секілді қабат-қабат шаруалар күтіп тұрғаны рас.

www.photooner.kz “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлес­тiгiнiң ресми сайты.

Мақсаты:

– Қазақстандағы фотография және фотопублицистика саласының мемлекеттiк тiлде дамуына үлес қосу;

– республика аумағындағы аймақтармен, шетелдердегi қазақтiлдi фотосуретшiлер және фотожурналистермен сайт арқылы байланыс орнату, тәжiрибе алмасу.

Мiндетi:

– фотодәрiстер өткiзу;

– фототехникалардың жаңа түрлерiмен таныстыру;

– фото әлемiндегi жаңалықтар мен мақалалар жарияланып отыру;

– Орталық фотомұрағат құру.

Қазiргi күнi елiмiздегi мем­ле­кеттiк тiлде фотография, фотожурналистика саласына арналған алғашқы сайт болғандықтан бұл жобаның маңыздылығы өте жоғары. Фотоөнер туралы қазақша ақпарат тарататын, мағлұмат алатын тұрақты басылымдар мен интернет-ресурстар жоқ болғандықтан қазақтiлдi әуес­­­қойлар жоғары деңгейде iздене алмай жүр. Сайт ар­қылы фотоәуесқойларға, кә­сiпқой болғысы келген жастарға көмектесу көзделген. Фото саласына байланысты қа­зақ ­тiлдi орта ендi қалыптасып келе жатқанын еске­рiп, осы бос кеңiстiктi тол­тыруға атсалысу керек.

Осы орайда қазақ фотосуретшілерінің жұмысына алғашқы болып жанашырлық білдірген еліміздегі «RBК» банкі АҚ. Бұл ұлттың ортақ мүддесі болғандықтан мемлекеттік құзырлы орындар да маңызды мәселеге бейжай қарамағаны дұрыс болар еді. Қолдау қашан да қажет. Әсіресе, фотоөнер саласында оқулықтар шығару — күн тәртібіндегі мәселе. Фотографияда қоғамда болып жатқан оқиғаларды сурет арқылы тарих бетінде қашап қалдырумен бірдей. Мәселен, Еуропаның көптеген елдерінде фотокөрмелерге ел басшылары, салаға қатысы бар құзырлы орындардың өкілдері келіп, қуанышқа ортақтасып жатады екен. Өйткені олар өздері атқарып жүрген қыруар шаруаны фотосуретшілер қалай көрсетіп жүргенін тамашалауға ынтық көрінеді. «Бүгінгі сурет — ертеңге тарих» дейтін болсақ, сурет өнерінің сыры бөлектігін байқаймыз. Қытайлықтар «Бір сурет мың сөзге татиды» дейді екен. Бұл пікірдің дұрыстығына ешкім күмән келтіре алмайды. Тіпті кейбір шетелдерде атақты адамдарды аңдып, қомақты қаражат табу үшін осы мүмкіндікті барынша пайдаланатындар бар. Барға қанағат етіп жүрген фотосуретшілерді ендігі жерде журналистермен тең дәрежеде дәріптеген орынды болар еді.

Қазаққа фотоөнерді тұңғыш алып келген — Шәңгерей Бөкеев. Ал өмір қауырт өркендеген екінші дүниежүзілік соғыстан соң фотоөнерін елімізде қанат жайдырған азаматтардың бірі — Рысқали Дүйсенғалиев, Бекмұманбет Тілекметов, Жүсібек Пайзов, Батр Ретко, одан бері Сиезд Бәсібеков, Сайлау Пернебаев, Дендербай Егізов, Алашыбай Есмағамбетов, Нұрғожа Жұбанов, Қайрат Мұстафин, Рахымбай Ханалы секілді ардақты ағаларымыз ұлттық өнерді ұлықтап, фото арқылы тарихымызды түгендеуге барын салды. Сондықтан осы кісілер туралы кітап шығарса өте дұрыс болар еді. Соңғы 10-15 жылда фотосуретшілердің жас буыны өсіп шықты. Олардың да дүниелерін түгендеу де өз алдына әңгіме. Олардың ізін басатындарды шеберлікке баулу да — үлкен жұмыс.

Соңғы кездері түрлі жарыстар мен жиындарға шет тілін білетін фотосуретшілерді жиі шақыратын болды. Осыған байланысты болашақ фотосуретшілер өздеріне жол ашу үшін шет тілін меңгергені жөн.

Қытайда бір салада ұзақ жыл тер төккен азаматтарға профессор атағын береді екен. Осындай құрметке бөленген азамат — Түсіпбек Сләмқұлұлы. Сол кісінің оқулыққа бергісіз «Фотографияның жүз сұрағы, жүз жауабы» атты кітабын аударып, қазақша шығаруға рұқсатын алып шығару жолдары қарастырылуда. Түсіпбек ағамыз ұзақ жыл табиғат көріністерін үкімет тапсырысымен түсіреді. Далада апталап, айлап жүретін фотосуретшіге барлық жағдай жасалған, көмекшілер бөлінеді. Жергілікті әкімшіліктегілер суретшінің көлігін даярлап, жататын жерін ыңғайлап, ас-суын көтеріп, сәтті сурет түсіруге барынша жағдай жасайды екен. Осындай үрдісті, тәжірибені үйрену керек сияқты. Ал кәсіби тұрғыда түсірілген сурет ел құндылығына айналары даусыз.

Ендігі жерде еліміздің көрікті жерлерін, даңқты азаматтарымыздың тойларын тапсырыспен түсіріп, альбомдар шығаруды да жолға қойса дұрыс болары сөзсіз. Осылайша мықты мамандар даярлап, олардың тізімін құзырлы орындарға ұсынып, нағыз тәжірибелі фото мамандарды биліктегілердің жанына да жіберіп отыруды көздеген қоғамдық бірлестік таяу жылдары өз жұмыстарының жемісін көретіндіктеріне кәміл сенімді.

 

Бұл диплом жұмысында фотожурналистика қазақ фотожурналис-тикасының өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық фотожурналистиканың терең тамырлары айқындалады. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі фотожурналистика ғылыми жүйеленеді. Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ фотожурналис-тикасының тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі, бейнелеуіш құралдары жекелеген фотожурналистер шығармашылығы негізінде ашылады.

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі — сурети өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сурет арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сурет.
«Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сурет арқылы тысқа шығару – сурет шығару болады. Шығарма дегеніміз — осылай шығарған сурет…» — деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов.
Фотожурналистика да — сурет өнерінің үлкен бір саласы. Ол — көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.

Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың фотожурналистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы бағдаршамы іспеттес. Ұлттық фотожурналистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: «…Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?» [2,38 б.] — деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін «бойына сіңірген қазақ фотожурналистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білуде. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ фотожурналистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда — фотожурналистика белгілі бір кезеңдегі болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға» әкеледі. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне осы сауалдардың бәріне фотожурналистика шығармаларынан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе — ол фотожурналистика өнері.

Фотожурналистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан фотожурналистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға берілді. Қазақ фотожурналистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Зерттеудің зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды. Біріншіден, қазақ фотожурналис-тикасы тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі туды. Екіншіден, кеңестік кезеңнің өзіндегі қазақ фотожурналистикасына бүгінгі тәуелсіздік ұстанымдары тұрғысынан қараудың да кезі келді. Оның үстіне қазақ фотожурналистикасының ұлттық қоғамдық-саяси ойымызды қалыптастырудағы маңызын ашу арқылы қазақ халқының әлемдік рухани ортадағы орнын айқындаудан да тақырыптың өзектілігі көрініс табады. Сондай-ақ бүгінгі дүниедегі қат-қабат өзгерістер заманында фотожурналистиканың орасан зор мәнге ие болып отырғандығы да көпшілікке белгілі. Ал оның өз алдына дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды. Мұның өзі — тақырыптың зәрулігінің басты себебінің бірі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ фотожурналистикасының зерттелуі жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі ретінде фотожурналистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған бағытта жүргізіліп келді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Панфилова Н. Д., Фомина А. А. Москва: Искусство фотографии, 1985. 365с.
  2. Козыбаев С. К. Алматы: Словарь справочник, Масс – медиа. Академия журналистики Казахстана, Алматы,  2007 .
  3. Исақов Ә. А.:Көркемдеу құралынан, күрделі салаға .Алматы, 2000.
  4. Хокинс Э. Эйвон Д. Мир, фотография, техника и искусство. Перевод с англиского. Под ред. А.  В. Шеклейна. Москва 1986. 279 с.
  5. Литвинов Н.Н. Я люблю цифровую фотографию. Учебное пособ. М.: 2002, 448 с.
  6. Тілекметов Б. Жидебаев Ә. Фотосурет түсіруді үйрен. Алматы, 1962.
  7. ИТАР – ТАСС. М.: 2004.
  8. Курский Ф. Техника и технология фотосъемки. Легкая и пищевая промышленность. Москва: 1998.
  9. Килпатрик Д. Свет и освещение. М.: Мир, 1998.
  10. Престон – Мэфем К. Фотографирование живой природы. Москва: Мир,1985.
  11. Лэнгфорд М. Теория и практика фотографии. Формат chm Москва: 2004.
  12. Эрл М. Фотография. М.: Мир,1998.
  13. Березин В. М. Фотожурналистика. Учебное пособие для вузов. Рудн. Москва: 2009.
  14. Қыстаубаев К. Композиция негіздері. Алматы, 2009.
  15. Русско – казахский словарь: — Алматы. Арыс, 2007.
  16. Кәкен Б. Қазақтың інжу Маржан мекендері. Фотоальбом . – Aлматы: Елнұр, 2012.
  17. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері Алматы: Жеті жарғы, 2010.
  18. Козыбаев С. К, Нода Л. П, Рожков А. В. Журналистика Казахстана. Энциклопедия. Алматы: Экономика, 2006.
  19. Тәжімұрат М. Шәңгерей. Алматы: Өлке, 1992.
  20. «Жас Алаш» газеті. Фотоөнер арнайы беті. 2007-2012 жылдар.
  21. А. Абдырайым Фотожурналистика. Оқу құралы. 2013.116 б. (КазГу баспасында сатылады – 1500 тг)

 

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *