«Фотоөнер» бірлестігінің ардагері Амангелді Мутигуллин дүниеден өтті

 «Фотоөнер» бірлестігінің ардагері Амангелді Мутигуллин дүниеден өтті

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ардагері Амангелді Мутигуллин дүниеден өтті.

Амангелді Мутигуллин 1957 жылдың 15 қазанында Исатай ауданының Забурын ауылында дүниеге келген. Ол 1975–1978 жылдары В.П.Чкалов атындағы Егорьев азаматтық авиация техникалық училищесінде орта арнайы білім алған.

1978 жылдан 2000 жылға дейін Атырау әуе кәсіпорнында авиатехник және бортмеханик болып еңбек етті.

2000 жылдан бастап өз өмірін фотожурналистикамен байланыстырды.

«Прикаспийская коммуна» облыстық қоғамдық-саяси газетінде 2003 жылдан 2012 жылға дейін еңбек етті, ал бұған дейін бірнеше жыл бойы «Ақ Жайық» газетінде жұмыс жасаған.

«Прикаспийская коммунада» оның шығармашылық қабілеті толық ашылды. Сол кезеңдегі бас редактор Виктор Шигаев оның жазушылық дарынын қолдап, Аманның қаламынан шынайы туындылардың дүниеге келуіне мүмкіндік берді.

Аманның әр фотожұмысы өзіне тән ерекше көзқарасымен, кәсіби шеберлігімен ерекшеленетін.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің көрмесінде фотосуреттері қойылып,  бірлестіктің фотошежіресіне еңбектері енген.

2012 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Аман Мутигуллин «Атырау өңірі энергетигі – Энергетик Прикаспия» газетінің бас редакторы және Атырау энергетика кешенінің баспасөз қызметінің қызметкері болды.
Ол энергетика саласының тыныс-тіршілігін шынайы әрі жан-жақты көрсетіп отырды.

Мемлекеттік және кәсіби марапаттардың иегері болды. Солардың ішінде – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалі, халықаралық шығармашылық байқаулардың I және III дәрежелі дипломдары бар. Олардың қатарында «Каспий – достық теңізі» және Егорьев авиациялық техникумының 100 жылдығына арналған конкурстар да бар.

2025 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Аман Мутигуллин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұжымы Амангелдінің отбасына қайғырып, көңіл айтады!

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *