«ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі

Бірлестік заңды тұлға, коммерциялық емес ұйым болып табылады. «ФОТОӨНЕР» ҚБ ресми 2010 жылы, республикалық БАҚ-ның белгілі, кәсіби фотожурналистері мен фотосуретшілерінің бастамасымен Алматы қаласында құрылған. Бірлестіктің құрылу мақсаты болып: Қазақстандағы фотосурет саласының халықаралық деңгейде дамуына үлес қосу, жас мамандарға қолдау көрсету, фотомұрағатты бүгінгі заманға сай ҚР-ның қолданыстағы заңдарына сәйкес жүйеге келтіру. Фотоальбомдар шығару, фотокөрмелер, фотоконкурстар өткізу, студиялар ашу. Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу.Съезд, конференция, форум, фотожәрмеңке және де басқа шараларға қатысу, ұйымдастыру.