Фотосапар мәресіне жетті

 Фотосапар мәресіне жетті

Алматы облысы, Кеген ауданында тұңғыш рет «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты үш күндік фотосапар өтті, — деп хабарлайды photooner.kz.

Алматыдағы Райымбек батыр кесенесі 

Фотосапардың бастамашысы танымал фотограф, фотопублицист Асылхан Абдрайым бастаған республикалық «Фотоөнер» бірлестігі мен Нұрбақыт Молдахметұлы басқаратын аудан әкімдігі мен халқы.

Фотосапарға елімізге танымал фотографтар мен фотожурналистер қатысты. Олар ұстаз, ғалым, фотосапар жетекшісі Сағатбек Медеубекұлы бірлестік төрағасы Асылхан Абдрайым, ардагер фототілші Нұрманбет Қизатұлы, халықаралық фотосуретшілер Ернұр Манапхан мен Әкбар Үркінбай, фототілші, журналист Дәурен  Мұхамеджанов, фотожурналист, жас ғалым Досжан Балабекұлы, фотограф, мобилограф Айым Бахыбек болды.

Қызылтөбе

Қызылтөбе

Үш күнге созылған фотосапар Алматы–Көртоғай–Қызылтөбе–Қайқы асуы–Ақшоқы–Қызыларасан–Құмтекей–Қарқара–Ереуілтөбе-1–Ереуілтөбе-2–Балбал–Мыңжылқы; Мыңжылқы–Жуантөбе-Кеген–Бөлексаз–Шырғанақ–Талды–Екіаша–Кеңсу–Орта Меркі–Жалағаш–Көлбастау–Саты–Көлсай; Көлсай–Қарабұлақ–Жалағаш–Ағанас–Қоржынбайдың еспесі–Көртоғай шатқалдары–Алматы бағыттарын қамтыды.

Көк жүзінен көрініс — Кеген ауылы мен өзені

Фотосапар қатысушыларын Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркінбек Қалқаев, «Қарақара» аудандық газетінің Директор-Бас редакторы Ғайни Бейқұтбай қарсы алып, мәжіліс залында кездесу өткізді. Шарада өлкетанушы-ғалым Сағатбек Медеубекұлы сөз алып, Кеген ауданының тарихи, мәдени, туристік орындары туралы баяндама жасады. Тағылымды баяндамадан кейін «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Абдрайым сөз сөйлеп, қатысушы топпен таныстырып, әкімдікке кітап пен Досжан Балабекұлының «Көлсай»  фотосуретін тарту етті. Сондай-ақ, кездесуде суретші-өлкетанушы ұстаз Болат Сәрсенбаев, ардагер фотожурналист Нұрманбет Қизатұлы, аудандық Ақсақалдар алқасының  төрағасы Сабыр Досымбеков сөз алып, фотосапарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тікұшақ терезесінен көрініс — Кеген ауылы, Кеген өзені, Сарытау (Үйсінтау)

Заңғар биіктен көрініс — Кеген өзені

Ақтас тауы

Ақтастыдағы Тодо бичик жазуы 

Қызыл арасан

Кегендегі мәжілістен соң фотосапар көрсетілген жоспар бойынша сәтті өтті.  Фотосапарға қатысушылардың жұмыстарын осы сайтта жеке ұсынамыз.

Ілебасы ЕреуілтөбеТікшұақ терезесінен көрініс — Қарқара ауылы

Қарқара жайлауы

Құмтекей

Мыңжылқы бал-бал тастары

Ереуілтөбе-2

Жуантөбе

Сарытау (Үйсінтау)

Дала гүлі

Қасиетті Әділбектің ақ шоқысы

Маяк төбесінен көрініс:  Екіаша жайлауы

Бестөбе су қоймасы

Ұстаз, ғалым, фотосапар жетекшісі Сағатбек Медеубекұлы 

Фотограф, мобилограф Айым Бахыбек ардагер фототілші Нұрманбет Қизатұлымен сұхбаттасып тұр

Маяктан төмен түсіп келеміз. Алдымызда Кеңсу аңғары

Кеңсу ауылы

Кеңсу аңғары

Шырғанақ ауылы маңында өсіп тұрған өзі аттас бұта

Кеңсу өзені бойында…

Фототілші, журналист Дәурен  Мұхамеджанов Жайдақбұлақта фототүсірілім жасауда

Фотосапар мүшелерін алып жүрген Кеген ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркінбек Қалқаев пен суретші-өлкетанушы ұстаз Болат Сәрсенбаев  Жайдақбұлақ ауылы маңында 

Халықаралық фотосуретші Әкбар Үркінбайдың сәтті кадр іздеп тұрған сәті 

Орта Меркі

Жайдақбұлақ ауылы

Орта Меркі асуынан көрініс

Шет Меркіге келіп жеткен фотосапар құрамы 

«Жергілікті халық соңғы кездері көптеп «мото» мініп жүр», —  дейді Еркінбек Қалқаев

Шүнкеней батыр (1800-1885) күмбезі. Тоғызбұлақ ауылы, Кеген ауданы

Топ құрамы Шүнкеней батырға құран бағыштап қайтты

Күнгей Алатауы табиғатындағы — Тоғызбұлақ ауылы

Тоғызбұлақтан соң Жалағаш (бұрынғы Жалаңаш) ауылына беттедік

Ан-2 ұшағынан көрініс — Жалағаш ауылы 

Биыл ауданда шөп жақсы шыққан екен

Ұстаз, ғалым, Сағатбек Медеубекұлы  мен Кеген ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркінбек Қалқаев әңгімелесіп тұр

Экспедиция көлігі Далашық тауына қарай жылжып барады 

Қарабұлақ ауылы

Саты ауылы

Саты ауылы маңындағы ежелгі құрбандық шалу рәсімі орны мен таңбалы тастар. Төменде Шелек өзені ағып жатыр

Саты ауылы

Көшкентау. 2018 жылы осы «Малабек шоқысы» аталатын таудың басым бөлігі төмен жылжып, әйгілі Көлсайға баратын жолдың біраз бөлігін басып қалған. Аздаған күндерден кейін тау көшкіні тоқтап, жол қайта салынған болатын

Халықаралық фотосуретші Ернұр Манапхан төменгі Көлсайдың табиғатын фотоға түсіруде.

Жоғарғы Көлсай

Ортаңғы Көлсай

Таңмен таласа Қарабұлақ ауылындағы жотаға Болат Жапсарбайұлымен бірге көтеріліп, фото түсіруге шықтық 

Қарабұлақ ауылы мен Күнгей Алатауы

Қарабұлақ ауылынан ағып өтетін өзі аттас өзен 

Фотосапар құрамын Қарабұлақта ауыл әкімі Рүстем Жеңісұлы мен «Demalike.tour» компаниясы күтіп алды

Қарабұлықтағы әулие терек

Қарабұлақ: Әулие теректің бастауы

Қарабұлақтағы таңбалы тас

Қарабұлақтың каньоны

Фототілші, журналист Дәурен  Мұхамеджанов түсірген фотосуретін топтың мобилографы Айым Бахыбекке көрсетіп тұр

Табиғат аясында еркін әңгімелескенге не жетсін!

Ақай Нүсіпбеков мектеп-гимназиясысындағы музей

Жергілікті өлкетанушы, суретші Болат Сәрсенбай баяндап беріп жүрді. Болат Жапсарбайұлы екі кітаптың авторы, 300-ден аса мақалалары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген. Фотосапарда бізге өзінің «Үш қиян» баспасынан жарық көрген «Өлке тарихнамасы» (Кеген ауданының 100 тарихи киелі орыны) кітабын сыйға тартты

Сапар жетекшісі Сағатбек Медеубекұлы мен Жалағаш ауылдық округінің әкімі Айгүл Садирова

Соңғы кездері «Қара каньон» аталып кеткен жер, бұрыннан Көртоғай деп аталады. Фотосапар аясында осы жерге арнайы тоқтадық. Болат Жапсарбайұлы бізге каньондағы бір қарағанда аңғара бермейтін бейнелерді көрсетті. Таң қалдық! Қоржынбайдың еспесі

Суреттерді түсірген — Досжан Балабекұлы

Кеген ауданы, Алматы облысы  

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *