Фотожурналист анықтамалығы: Ә

 Фотожурналист анықтамалығы: Ә

ӘЙНЕККӨЗ (обьектив) – арнайы оптикалық шыныдан немесе пластмассадан жасалған линзалы элементтер жиыны. Оптикада ол жинау объективіне балама ретінде қарастырылады, де­ генмен ол басқа көрініске ие болуы мүмкін, мысалы, «камера обскурасын»қараңыз. Әдетте объектив аберрацияны өзара өтеу үшін есептелген және раманың ішінде бір жүйеге жиналған линзалар жиынтығынан тұрады (кейбір линзаларда – айналардан).

ӘЙНЕККӨЗ ТҮРЛЕРІ фокустық ара қашықтығы мен көрініс алаңының бұрышына қарай; 1. Аса кең көлем ді (балық көзі,фишай). 2.Қалыпты (портреттік). 3. Ұзын фокусты. 4. Аса ұзын фокусты (телеобьектив) болып бөлінеді. Сонымен қатар фокустық ара қашықтығы тұрақты (фикс) және ауыспалы(репортажды) түрлері бар. Ал макрообъектив – бірнеше сантиметрден шексіз қашықтықтыққа дейінгі диапазонды түсіруді қамтамасыз ететін объектив. Ол суретті 1:2 (табиғи өлшемнің жартысы) немесе 1:1 масштабта (табиғи өлшем­
де) алуға мүмкіндік береді. Әйнеккөз фотоаппарат корпусына құрсаудағы бұрандалы немесе байонетті.

ӘЙНЕККӨЗДІҢ ЖАРЫҚ КҮШІ – объективтің максималды ашылуы (диафрагмалық санның минималды өлшемі). Мұндай әйнеккөздің (объектив) пленкаға жарықты көп мөлшерде өткізеді. Жарық қуаты жоғары әйнеккөз (объектив) жарық жеткіліксіз жерлерде қысқа выдержкаларды қолдануға мүмкіндік береді.

ӘЙНЕККӨЗДІ ТАҢДАУ – сапалы объективтің түсі аздап көгілдірлеу немесе күлгіндеу тартып тұрады. Сондай-ақ объективтің іші терең құдықтың түбіндей қап-қара болып тұруы шарт. Сапасыз өнімнің объективінің іші бұлыңғыр тартып тұрады. Бұған сіз бірнеше фотоаппаратты салыстыру арқылы оңай көз жеткізесіз. Бұдан кейін объективтің жарық күшін өткізу мүмкіндігін көріңіз.

Асылхан Әбдірайымұлы

Мәтін «Фотожурналист анықтамалығы» кітабынан алынды

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *