Мерей Қайнарұлы филиал төрағасы болып сайланды
«Фотоөнер» ҚБ-нің белсенді мүшесі, «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.
Мерей Қайнарұлы Қазақстан журналистер одағының мүшесі, суретші, фотожурналист, журналист, жазушы. Бірнеше әдеби бәйгелердің жүлдегері.