Принтмедиа технологиялар колледжінің студенттері дипломдық жұмыстарын қорғады

Алматыда Принтмедиа технологиялар колледжінің 19 студенті «Фотограф» біліктілігі бойынша дипломдық жұмыстарын қорғады. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды.
Қорғау жұмыстарында комиссия төрағасы, “DTM-Print” ЖК директоры М.Т. Дүйсебеков, комиссия төрағасының орынбасары Е.Д. Калиниченко, басуға дейінгі процесстер бөлімінің меңгерушісі А.Е. Сулейжан, фотографиядан арнайы пән оқытушысы және диплом жетекшісі О.Е. Алхаров, өндірістік оқыту шебері А.А. Көптлеу, фотопублицист А. Әбдірайымұлы қатысып, жұмыстарды бағалады.
Еске салайық, фотографияға бағытталған бұл мамандықтар «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Принтмедиа технологиялар колледжі мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ашылғанын айта кету керек. Болашақ жас мамандар осы саланың мықты буынын қалыптастырады деген ойдамыз.