Ұрыста тәуекел ету де – ерлік
«Сарышаған» полигонында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері 06708 әскери бөлімінің артиллерист-жауынгерлері артиллериядан оқ ату оқу-жаттығуын бастап кетті.
Жауынгерлкік даярлықтың жоспарына сәйкес жеке құрам біріктірілген еснтоп құрамында артиллерианың көрсетілім атысын өткізді, әскери көлігінен 9 — П 140 220 мм Ураган зеңбірігіене оқ жаудырды.
Артиллериядан оқ ату жаттығуына командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Жанібек Мамбетов жетекшілік етті. Оқу-жаттығудың өту барысы командалық бақылау бекетінен қадағаланды.
Атыс алаңына жайғасқан 1-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионының артиллерист-жауынгерлері берілген тапсырмаларды орындауға дайын тұрды. Белгіленген уақытпен берілген пәрмен бойынша артиллерист-жауынгерлер артиллериядан оқ атты.
Бастысы – артиллериядае оқ ату жаттығуының көрсетілім атысы күткен нәтижені көрсетті. Артиллерист-жауынгерлер тарапынан ешқандай ауытқушылық болған жоқ.
Осы ретте 1-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионының жеке құрамы асқан жауапкершілік танытқандығын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, батарея командирлері атыс кезінде бір-бірімен тез арада тіл табысып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап шықты.
Думан Жұмашұлы,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы-лейтенант
Суреттерді түсірген автор