Серік Мұқышұлы «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды

 Серік Мұқышұлы «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды

ҚХР-ның «Алтай қазақ этнофотография қоғамының» төрағасы Серік Мұқышұлы Қазақстан фотоөнеріне сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды. Құттықтаймыз!

***

Әлемдегі он үздік фотографтың қатарындағы қазақ

Әлемдік түрлі деңгей­де­гі фото бәйгелерді ұйым­дас­ты­ра­тын «Sente.antu cup» сайты өткен жы­лы «Әлемдегі ең үздік 10 фо­тографты іздейміз» атты ха­лық­­аралық байқау жариялайды. Оған АҚШ, Ресей, Қытай, Италия, Испания сынды әлемнің 43 елінен 100 мыңнан астам үміт­кер қатысады. Осыншама көп шығарма бәсекеге түскен бәй­геде суырылып алға шық­қан 20 фотографтың ішінде Қы­тай­дың Шыңжаң өлкесі Алтай айма­ғын­да тұратын қандасымыз Серік Мұқышұлының да есімі аталады. Алғашқы 20 деп отырған се­бебіміз жарыс «Әлемдегі ең үз­дік 10 фотограф» және «Әлем­де­гі үздік 10 фотограф» болып екі аталым бойынша өтеді. Серік Мұ­қышұлы соңғы аталым бойын­ша марапатталады.

Фотографтың өзі бұл бай­қау­дың өзге байқаулармен са­лыс­тыр­ғанда шарттарының қатаң әрі қатысушылар саны мен сый­ақысы да көп болғаны себепті осы жетістікке қол жеткізудің өзі үлкен белес екендігін айтады. «Бәйге шарты бойынша бір қа­ты­су­шы тек бір мазмұнды баяндайтын 30 сурет ұсынуы тиіс екен, ал оның ішінде біреуі нашар түсірілген, яғни кәсіби деңгейі төмен болса басқа фотоларыңыз қанша керемет болса да келесі айналымға өтпейді», дейді Серік Мұқышұлы. Айтса айтқандай, бұл байқауда ең үздік атанған фотографтардың әрқайсысына 1 млн юань сыйақы берілген. Жарыс деңгейінің қаншалықты екендігін осыдан-ақ көре бе­руге бо­латын шығар. 2017 жылы бас­тал­ған бұл жоба енді жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Біз Серік Мұқышұлымен әң­гімелесу барысында оның ха­лық­­аралық бәсекеде қазақ атын шы­ғарумен қатар өзі тұрған облыс­та тұңғыш рет фото саласына байланысты қоғамдық ұйым құрып, оған қандас бауырларын тартып, қазақ азаматтары көп бара бермейтін фото өнеріне баулып келе жатқанын білдік. Еңбек жолын банк қызметкері болып бастаған оны тумысынан жаны қалап, аңсары ауған фото түсіруге қызығушылық қаншама жылдарын сарп етіп, көз майын тауысып оқыған мамандығын, қыз­метін біржола тастауға мәж­бүр етеді. Әрі қарайғы жол Серік­ті тек жеке шығармашылық қа­на емес, осы саладағы іргелі істердің қызығы мен шыжығына бастай береді.

Қырықтан аса елдің фото­граф­тары қатысқан додада есі­мі аталып, қазақтың мерейін асыр­ған қандасымыздың басқа да же­тіс­тіктері аз емес, әрине. Ол 2013 жылы Шыңжаң көлеміндегі ең ірі фото байқаудың қола меда­лін ал­са, 2014 жылы «Жұңго эт­но­­фотография» қоғамы мен Бі­ріккен Ұлттар Ұйымының бір­лесіп өткізген «Адамзатқа үлес» атты халықаралық этнофото байқауында «Деректі фото» ата­лымы бойынша жүлдегер атан­а-
­ды. Бұдан да басқа ҚХР жә­не халықаралық конкурстарда жүлдегер болып, ірі көрмелерге фот­олары қойылған фотограф қа­зір өзі құрған «Алтай қазақ этнофотография қоғамының» төрағасы.

Фото: Олжас Жақыпбеков

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *