Әскери тікұшақтар
Тікұшақ – ауадан ауыр ұшу аппараты.Тік ұшақ ұшу физиканың қысым заңына негізделген.Қалақтары өте жылдам айналғанда ауаны бұрғылайды.
Қалақтары бұрқылау тифінде жасалған. Ауа бұрылғандатікұшақтың үстіндегі ауа қысымы астындағы ауа қысымынан азаяды, сол кезде жоғары ауа қысымы төмен ауа қысымына қарай ағады сол мезетте ұшақ жоғары көтеріледі. Оның көтерілген күші мен алға жылжу қозғалысы бір немесе бірнеше көтергіш қалақтары мен атқарылады кейде ол үшін кішкене қанаттарды пайдаланады. Тікұшақ тік ұшып қона алады, әр түрлі бағытта ұшады, сондай-ақ бір жерде әуеде тоқтап қалықтап тұра алады. Тікұшақтардың рульдік артқы қалағы бар бір қалақты, бір білікті екі көтергіш қалағы бар қос қалақты, ұзына бой және көлденеңінен орналасқан көтергіш қалақтары бар қос қалақты тұрлері болады.
Тікұшақтың жылдамдығы 350 км/сағ дейін (500 – 600 км/сағқа дейін ұлғайтуға болады) . Жүк көтергіші 40 тоннаға дейін.
Әскери тікұшақтар қолдану мақсаттарына байланысты ұрыстық тікұшақ, әскерді атыспен қолдаушы, сүңгуір қайыққа қарсы, танкіге қарсы, көліктік – десанттық және оқу – жаттығулық және басқаларға бөлінеді.
Суреттерді түсірген-Думан Құрманғалиев, photooner.kz