Әскери қызметшілер дезинфекциялық жұмыстар жүргізуде

 Әскери қызметшілер дезинфекциялық жұмыстар жүргізуде

Қарулы Күштердің биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметшілері Нұр-Сұлтандағы дезинфекциялық жұмыстардың екінші кезеңін бастады. Вирустың таралу қаупі әлі де сейіле қоймаған жағдайда карантиндік шаралар мен санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз ету маңызды екені белгілі.

Әскери қызметшілердің алғашқы тәуліктегі міндеті адамдар жаппай жиналатын орындар мен қала нысандарын өңдеу болып табылады. Сонымен қатар, олар Тұңғыш Президент саябағы мен ботаникалық бақты өңдейді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын карантиндік шараларды сақтауға шақырған болатын. Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде шұғыл түрде 16 санитарлық өңдеу тобы құрылды. Олар бір аптадан астам уақытта аймақтарда қоғамдық орындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеуді жүзеге асырады.

 

Суреттерді түсірген — Думан Құрманғалиев, photooner.kz

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *