Студенттердің кітап әлеміне қызығушылығын оятты

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жүз жылдығына орай жарық көрген «Әбенің әлемі» атты кітаптың таныстырылымы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтті. Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырған шарада журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайұлы алғысөз сөйлеп, кітаптың мән-маңызына тоқталды. Шара барысында кітаптағы суреттерден көрме қойылып, олардың тарихы туралы студенттерге мәлімет берілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына ықпал ету болды. Қатысушылар шараны жоғары бағалап, осындай мәдени басқосуларды дәстүрлі түрде өткізу қажеттігін айтты.
Әсем АСҚАРҚЫЗЫ, журналист