ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІ — ФОТООБЪЕКТИВ НАЗАРЫНДА

 ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІ — ФОТООБЪЕКТИВ НАЗАРЫНДА

Түркістан облысы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде тіл мектебі және әлеуметтік даму бөлімінің ұйымдастыруымен фотограф Нахып Шинтемировтың фотокөрмесі  өтті.

Басты мақсат – «Түркістан қаласы — түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы» аясында туризм саласын фото арқылы насихаттау.

Нахып Шинтемиров – Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің фототарихын жасаушы, өңірге танымал фотограф.

Аталмыш көрмеде көне шаһардың тарихи көріністері мен бүгінгі Түркістанның жаңа келбетін таспалап жүрген фотографтың таңдаулы фотосуреттері мен туған өлке пейзаждары студенттер назарына ұсынылды.

Жиында журналист, композитор, профессор  Бекжігіт Сердәлі «Мобилография — фото өнеріндегі жаңашыл бағыт», ал медиа сарапшы, ғалым Молдияр Ергебеков «Диджитал дәуір және фотография өнері» тақырыптарында  баяндамалар оқыды.

Фотокөрме соңында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басшылығы Нахып Шинтемиров пен Бекжігіт Сердәлі және Молдияр Ергебековті алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *