Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотокөрме

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотокөрме

9 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әл-Фараби» кітапханасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне орай  «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ: 30 ЖЫЛДАҒЫ 30 СӘТ» атты танымал отандық фотожурналистер мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті студенттерінің шығармашылық фотокөрмесі ашылды.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Ескелді ауылы, Талдықорған. 1992 жыл. Фото авторы Рахымбай Ханалы

Аталмыш шараның мақсаты – егемен ел ретiндегi отыз жыл уақыт аралығындағы объектив нысанына iлiнген мемлекеттiк, қоғамдық, саяси, мәдени және рухани маңызы бар сәттер мен оқиғаларды ел назарына ұсыну, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу.

Белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, Мұстафа Өзтүрік (Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман). Алматы, 1994 жыл. Фото авторы Рахымбай Ханалы

Алғашқы сөзді филология ғылымдарының кандидаты, журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев бастап, ҚР еңбек сіңірген артисі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, актер Айдос Бектемір, актер, Қазақстанның халық әртісі, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Ықтымбаев, Алматы қалалық әкімдігінің бөлім меңгерушісі, қоғам қайраткері Жанна Мағұлова, композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Бейбіт Дәлденбаев, Газ құбыры компаниясының президенті, кәсіпкер Бақытбек Манапов,  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры музейінің жетекшісі Наргиз Тамабекқызы, ҚР мәдениет қайраткері, әнші Бауыржан Құмарбеков құттықтау сөздерін айтты.

Көрме аясында Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың университетке арнайы сапары кезінде сол кездегі ректор Ө.А. Жолдасбековтің жаңадан салынып жатқан университет ғимараттарының макетімен таныстырып тұрған тарихи суретінің авторы, ардагер-фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлы өз қолтаңбасымен ҚазҰУ ректорының атына сыйға тарту етті. Сонымен қатар Қалиғұмар Қабдешұлының «Суреттерде жартығасырлық шежіре» және «Өмірім мен өнерім» атты фотокітаптарының тұсаукесері өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған көрмеге фотосуреттері қойылған авторларға, студенттерге Журналистика факультеті деканы атынан Алғыс хаттар табысталды.

Фотокөрмеге басқа да белгілі қоғам қайраткерлері, жазушы, қаламгерлер, танымал фотографтар, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Асылхан Әбдірайымұлы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультетінің аға оқытушысы,

көрме ұйымдастырушысы

P.S. Басты беттегі фотосуерт:

Айтыс. Республика сарайы.  (Солдан оңға қарай) Исраил Сапарбай, Сәкен Иманасов, Тұманбай Молдағалиев, Шерхан Мұртаза, Мұхамеджан Қаратаев, Тұрсынбек Кәкішұлы, Жәнібек Кәрменов, Фариза Оңғарсынова, Бердібай Рахманқұл, Нығмет Ғабдуллин, Жүрсін Ерман. Алматы, 1990 жыл. Фото авторы Қалиғұмар Қабдешұлы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *