Тегтер : Басты

Photooner.kz сайты жұмысын қайта бастады

Армысыздар ағайын, еліміздің фотосүйер қауымы! «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылу мақсаты:  Қазақстандағы фотография саласын дамыту болып табылады. Сондықтан қайта техникалық жөндеуден өткен photooner.kz сайты жаңа айдарларымен қауышып отыр. Мысалы, «Фотоқазына» айдарында «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері», «Қазақ фотошежірешілері» және «Ғасырдың көзі» атты фотоэнциклопедияларының  тарихи суреттерін ұсынады. Ал, «Суреттер сөйлейді» айдары бойынша әртүрлі фотожанрлардың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен қатар […]

Маңғыстауда «Шежірелі Маңғыстау» атты фото-экспедиция өтті

Елімізге белгілі фотосуретші Асылхан Әбдірайымұлы бастаған «Фотоөнер» ҚБ мүшелері Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды. 7-10 маусым аралығында өткен фото-экспедицияның негізгі мақсаты — әр өлкенің тылсым табиғатын, әдемі, көркем жерлерін, ұлттық өнерін, дәстүрі мен мәдениетін көрсетіп, шет мемлекетке таныту. «Фотоөнер» ҚБ мүшелері 4 күн ішінде Түпқараған, […]

«Жігер» сыйлығына байқау жарияланды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығын жариялады. Байқау мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарында өзіндік шеберлігімен көзге түскен жазба және электронды баспасөз құралдарында жұмыс істейтін жас тілшілерді қолдау. Шығармашылық ізденістерін шыңдауға жігерлендіру. Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру. Көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру. Сыйлық 4 номинация бойынша […]

Дөңгелек үстелде маңызды мәселе қаралды

Өткен жылы Алматыда Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің ұйымдастыруымен  «Фотографиядағы авторлық құқықтарды қорғау мәселелері» атты дөңгелек үстел өткен еді. Бүгінде бірлестік аталған жиынның нәтижесі ретінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. Нығматулин мырзаға, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының   бірінші орынбасары Б.К. Байбек […]

«Ұлы даланың Түркістаны» республикалық фотоэкспедициясы

2019 жылдың 12 маусымында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция өтті. Мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау. Аталған фотоэкспедиция Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен және аудан, қала әкімдіктерінің қолдауымен өтіп отыр. Республикалық деңгейдегі экспедицияға […]

Биік таулар, биікпін деп шіренбе

Бағындырған сені де бір қазақ бар… Анау Арктикадағы ақ аю Өр Алтайда бар десе, сенер ме едіңіз? Әй білмеймін. Оны қойып теріден киім киіп, үңгірлерді мекен ететін жабайы адамдар бар деседі әлі күнге.       Қытай. Алтай қаласы. Кешкі астан кейін қонақ үйге жайғастық. Не заманда есік қағылды. Аштым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем […]

Бөкеевтер әулеті және құнды суреттер тарихы

Қазақтың біртуар ақыны, Жәңгір ханның немересі Шәңгерей Бөкеев қазақтан шыққан тұңғыш фотограф екенін біреу білсе, біреу білмейді. Әлемде фотография өнерінің пайда болғанына 180 жыл толса, осыдан 120 жыл бұрын Шәңгерей өзінің фотоаппаратымен тұңғыш суреттерін түсірген. Бұл кезде әлемде көптеген халықтар фотоөнердің не екенінен мүлдем бейхабар еді. Әдетте «қазақ­тар фотоөнерді Екінші дүниежүзілік соғыс­тан кейін игерді» дейтін […]

Фотографтар өз құқықтарын білуі керек

Алматыда Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің ұйымдастыруымен  «Фотографиядағы авторлық құқықтарды қорғау мәселелері » атты дөңгелек үстел өтті. Фотографтар басқосуы фотографиядағы авторлық құқыққа қоғамның өркениетті қарым-қатынасын қалыптастыру және фотоөнім авторлары қауымдастықтарына Қазақстан Республикасы авторлық құқықты қорғау жөніндегі заңнамаларын түсіндіріп, ақпараттандыру мақсатында өтті. […]