Тегтер : Фотоөнер

Алматыда «Деректі фото» курсының екінші кезеңі өтті

Алматы төрінде «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Деректі фото» курсының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінде ұйымдастырылған үш күндік дәріске бірінші кезеңнен өткен 15 фотограф қатысты. Оларға деректі фото жанрының шебері, әлемдегі үздік 10 фотографтың бірі Серік Мұқышұлы дәріс беріп келеді. Бұл жолы бірінші кезең соңында берілген […]

Күнге құрмет

«Мен қазақ ұлтының көші-қон өмірі жайлы, осындай жақсы түсірілген фотосуретті көрмеппін». Серік Мұқышұлының «Күнмен бірге көшен ел» атты фотошығармасын көрген кезде менен дәл осындай тебіреніс толқып өтті. Серік Мұқышұлы 2011-2012 жыл аралығында қазақ малшыларының көшімен еріп, Шыңжаңның ең солтүстігіндегі Алтай аймағының тауы мен тасының, ойы мен қырының арасындағы көші-қон өмірлерін шынайы түсірген. Бүгінгі таңда қазақ […]

Қазақстандық фотосуретшілер тәуелсіздікке тарту жасады

Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы және Қазақстан авторлары қоғамы мен ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы-30» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге еліміздің егемендік алғаннан бергі тарихи оқиғаларды, ұлттық салт-дәстүрді, өңірлердегі тіршілікті назардан қалт жібермеген үздік фотожурналистердің туындылары қойылды. Шараның мақсаты – егемен ел ретіндегі отыз жыл ішінде фотосуретшілердің объективтеріне […]

Көкпар – жауынгерлік өнер

Қазақ салт-дәстүріндегі ұлттық ойындардың рөлі зор, сонымен бірге осы ұлттық ойындардың ішінде көкпар тарту ойынына тоқталсақ ол қазақ халқының пайда болуынан бастап күнделікті тіршіліктерінде етене тығыз байланысып кеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарын қай жағынан алып қарасақта спорттың нағыз түрлері. Осы ұлттық ойындар жастардың дене бітімі мен денсаулығы үшін өте пайдалы жағын ескере отырып, жас өспірім […]

Алматыда «Ұлтық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты халықаралық конференция өтеді

Алматыда 15-сәуір күні сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетіндегі Е.Шәймерденов атындағы аудиторияда (214 ауд.) Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толуына арналған «Ұлтық фотоөнер: тарихы және дамуы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді. Шараны «Фотоөнер» ҚБ мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журнлаистика факультеті ұйымдастырып отыр. Оған […]

Шындығатай

Алтайдың бауырында туып-өссек те біз баспаған жері көп әлі. Армансыз әр биігіне шығып, әр биігінен төменге көз тастаса шіркін. Осы жолғы бағытымыз – Шындығатай, Бұқтырма көлі. Тау басындағы көл ел арасында Шәңген аталып кеткен. Шәңген аталып кеткені — орыстың Шангин деген бір саяхатшысы ма, ғалымы ма сол көлді зерттеген көрінеді. Ал дұрысы Бұқтырма. Көл Шындығатайдан […]

Әлемдегі ең қымбат фотоаппараттар

Сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең қымбат заманауи камераларды ұсынамыз. Сандық камера Kodak DCS PRO SLR/C Толық өлшемді CMOS матрицасы 14 мегапиксельді жартылай кәсіби камера. ISO  ауқымы 6-дан 1600-ге дейін. Бұл камера қарапайым портреттік суреттерден бастап, бизнес пен жарнамаға арналған бірегей фотосуреттерге дейін кез-келген суретке түсіру үшін өзін дәлелдеді. Kodak DCS PRO SLR / C  камера моделі […]

Фотосуреттің ерекше бағыттары

Фотосуреттің даму тарихында көптеген жанрлар қалыптасты және уақыт өте келе басқалары пайда болды. Олардың барлығы классикалық жанрлардан басталады: натюрморт,пейзаж,сәулет,портрет, көше фотосуреті, репортаж және т.б. кейде кейбір фотосуреттер бірден бірнеше жанрға қатысты болуы мүмкін. Аэрофототүсірілім Атмосфералық ұшу аппараттарында(ұшақ , тікұшақ,дрон квадракоптер,ұшқышсыз) орнатылған кезде аумақты жүздеген метрден ондаған километрге дейінгі биіктіктен суретке түсіру. Сұлулық (beauty)- фотосурет Фотосуреттегі […]

Композиция түрлері

Фотосуреттегі композиция — бұл шығармаға бірлік пен тұтастықты беретін, оның элементтерін бір-біріне және суретшінің бүкіл жоспарына бағындыратын көркемдік форманың ұйымдастырушы компоненті. Ашық композиция. Ашық композиция орталықтан тепкіш, ол прогрессивті қозғалысқа ұшырайды немесе спиральды кеңейететін траектория бойымен сырғиды. Көбінесе бүкіл композиция сурет өрісін толтыратын көптеген тең орталықтардан тұрады.    Жабық композиция. Көрерменнің көзқарасы композицияның фокусынан перифериялық […]

Фотография жанрлары

Фотография жанрлары, негізінен алғанда: портрет, пейзаж, архитектуралық (сәулеттік) түсірілімдер, интерьер (ғимараттың ішкі көріністері), жанрлық фотография (тақырыптары: балалар, спорт, жануарлар т. т.), фоторепортаж сияқты түрлерге бөлінеді. Алайда, фотография өнерінің жанрларын осылармен ғана шектеуге әсте болмайды. Мәселен, қазіргі кезде ғылыми фотография, ғарыштық фотографиялар кең етек жайған. Сонымен қатар кей кездерде аталған жанрлардың өзара астасып, бір-біріне сіңісіп кететінін […]