Суретті түсірген-Досжан Балабекұлы
Тегтер : Фотоөнер
Суреттерді түсірген-Ернұр Манапханұлы
Құрметті photooner.kz сайтының оқырмандары! Бүгінгі күннен бастап, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ұстазы Асылхан Әбдірайымұлының «Фотожурналистика» оқулығы негізінде бірқатар фотографияға арналған ғылыми-танымдық мақалаларды ұсынуды бастап отырмыз. *** Кіріспе Адамзат өмiрiн мәндi де сәндi етуге зор септiгiн тигiзген жаңалықтардың бiрi – фотография. Фотография 1839 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келдi. Яғни сол күнi Париж Ғылым […]
Армысыздар ағайын, еліміздің фотосүйер қауымы! «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылу мақсаты: Қазақстандағы фотография саласын дамыту болып табылады. Сондықтан қайта техникалық жөндеуден өткен photooner.kz сайты жаңа айдарларымен қауышып отыр. Мысалы, «Фотоқазына» айдарында «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері», «Қазақ фотошежірешілері» және «Ғасырдың көзі» атты фотоэнциклопедияларының тарихи суреттерін ұсынады. Ал, «Суреттер сөйлейді» айдары бойынша әртүрлі фотожанрлардың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен қатар […]
Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы
Сүлейман Демирел университетінің студенті Айдана Әлібекқызының «ҚАЗАҚ ФОТОЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» атты дипломдық жұмысына Пікір Қазақ фотоөнері тарихы сонау 1839 жылы Луи Жак Манде Дагердің қара қобдишасынан бастау алатын әлемдік фотоөнер тарихымен бірге дамып келеді. Бұл салаға өмірін арнаған қайраткер фотожурналистер: Рысқали Дүйсенғалиев (1916-2006), Петр Редько (1906-1970), Бекмұхамбет Тілекметов (1925-1970), Жүнісбек Пайызов (1930-2000), Қайрат Мұстафин (1932-2007), […]
ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде «Қазақ университеті» баспасынан «Қазақ фотошежірешілері: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедиясының тұсаукесері өтті. Тың туынды қоғам санасын фото арқылы мемлекеттік мүддеге, ұлттық мұратқа, эстетикалық талаптарға жұмылдыра білген қайраткерлердің шығармашылығы және ұлттық фотоөнер тарихын жан-жақты баяндайды. Кітапты құрастырушы Асылхан Әбдірайымұлы бұл басылымды жарыққа шығаруға атсалысқан ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановқа ризашылығын білдірді. Шарада Журналистика […]
Сонау кеңестік заманда түсірген бір фотосуреті ТМД кеңістігінде кеңінен таралып, сан мыңдаған газет-журнал «беташар бетіне» жариялап, жарқыратып жібергенде, халық осы суреттердің авторы қазақтан шыққан қарапайым журналист екенін білгенде, фотоөнердегі қазақ азаматының шеберлігіне талай мәрте қошемет білдірген еді. Бұл қазақ фотоөнерінің атасы әрі журналист – Нұрғожа Жұбанов болатын. Журналистік қабілеті өз алдына, ол қазақ фотожурналистикасының тұңғыш […]
2018 жылдың аяғында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Ғасырдың көзі» атты фотокөрмесі өткен болатын. Қазақ фотожурналистикасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның жарты ғасырлық фотошежіресін жасаған Рысқали Дүйсенғалиев, фотоөнердің майталман шебері Нұрғожа Жұбанов, қазақ спорт фотожурналистикасының негізін қалаушы Дендербай Егізовтың өнер жолы мен шығармашылығына арналған фотокөрме […]
Алматыда «Алмалы жұмақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «National Geographic Qazaqstan» фотожурналисті Дмитрий Ругистің ел тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Қазақстандықтар» атты фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Шараға фотографтың достары мен өнеріне тәнті көрермендері, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсенбаев, «Фотөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы директоры Бақтияр Қожахметов және тағы басқа танымал азаматтар қатысты. Аталмыш […]