Тегтер : Фотография

Фотосуреттің ерекше бағыттары

Фотосуреттің даму тарихында көптеген жанрлар қалыптасты және уақыт өте келе басқалары пайда болды. Олардың барлығы классикалық жанрлардан басталады: натюрморт,пейзаж,сәулет,портрет, көше фотосуреті, репортаж және т.б. кейде кейбір фотосуреттер бірден бірнеше жанрға қатысты болуы мүмкін. Аэрофототүсірілім Атмосфералық ұшу аппараттарында(ұшақ , тікұшақ,дрон квадракоптер,ұшқышсыз) орнатылған кезде аумақты жүздеген метрден ондаған километрге дейінгі биіктіктен суретке түсіру. Сұлулық (beauty)- фотосурет Фотосуреттегі […]

Фотография жанрлары

Фотография жанрлары, негізінен алғанда: портрет, пейзаж, архитектуралық (сәулеттік) түсірілімдер, интерьер (ғимараттың ішкі көріністері), жанрлық фотография (тақырыптары: балалар, спорт, жануарлар т. т.), фоторепортаж сияқты түрлерге бөлінеді. Алайда, фотография өнерінің жанрларын осылармен ғана шектеуге әсте болмайды. Мәселен, қазіргі кезде ғылыми фотография, ғарыштық фотографиялар кең етек жайған. Сонымен қатар кей кездерде аталған жанрлардың өзара астасып, бір-біріне сіңісіп кететінін […]

Фотография: Экспозиция негіздері

Әр кадр үшін белгілі мөлшерде жарық (экспозиция) керек. Фотоаппаратта жарық ағымын реттеу үшін үш мүмкіншілік бар. Олар: диафрагма, ұсталым және сезімталдық деңгейі (чувствительность).  Сезімталдық тек қалқамен (диафрагма)  ұсталымды (выдержка) өзгертуге мүмкіндік жоқ кезеңде ғана қолданылады. Қалқа (диафрагма)  бен сәулелеу уақыты өте тиімді көркемдік құралдар қолдануға оңай болуы үшін алдымен бұлар не екенін біліп алайық. Қалқа […]

Фотография: Әйнеккөз (объектив) және оның түрлері

Суретке түсіру әйнеккөзі фотоқұжаттың жарық сезгіш қабатында суретке түсiрілмекші нысананың жарық сәулелік кескінін тудырады. Объектив металл немесе пластмасса құрсау ішіне орналастырылған бірнеше (10- ға дейін, кейде одан да көп) линзалардан құралады. Құрсау ішінде сонымен қатар әйнеккөз механизмі, кейде фотографиялық шымылдық та орналасады. Құрсау линзалардың өзара дәл орналасуын қамтамасыз етеді және оларды механикалық зақымданудан сақтайды. Әйнеккөз […]

Фотография: Фотоаппараттың кұрылысы және түрлері

Фотоаппарат — жарық өткізбейтін камерадан (фотокамерадан) суретке түсіру әйнеккөзінен (объектив), суретке түсірілмекші кеңістіктің шекарасын анықтаушы кескін іздегіштен, фотопленкаға сәттік жарық түсу мөлшерін реттеп тұратын серіппелі жапқы — шымылдықтан (затвордан) және фотопленка салынатын кассетадан (қазіргі кезде – пленка орнына матрица қолданады)   кұралған оптикалык-механикалық құрылғы. Фотографиялық жапқы –шымылдық (затвор) суретке түсіру кезінде, жарық сәуленің фотопленканың жарық сәуле […]