ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде «Қазақ университеті» баспасынан «Қазақ фотошежірешілері: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедиясының тұсаукесері өтті. Тың туынды қоғам санасын фото арқылы мемлекеттік мүддеге, ұлттық мұратқа, эстетикалық талаптарға жұмылдыра білген қайраткерлердің шығармашылығы және ұлттық фотоөнер тарихын жан-жақты баяндайды. Кітапты құрастырушы Асылхан Әбдірайымұлы бұл басылымды жарыққа шығаруға атсалысқан ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановқа ризашылығын білдірді. Шарада Журналистика […]