Фотоөнердің жылдық жоспары талқыланды

Бүгін, яғни 07.01.2025 ж. Алматы қаласындағы Принтмедиа технологиялар колледжінің ғимаратында Қазақстандық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жылдық жоспары талқыланды, — деп хабарлайды photooner.kz.
7 қаңтар — Фотографияның туған күніне орай бас қосқан жиында бірлестіктің жылдық жоспары мен әр түрлі мәселелер қаралды. Бірлестік төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы бастаған фотоөнер жанашырлары алдағы уақытта атқарылатын іс-әрекеттерді пысықтап, жауаптыларды қарастырды. Алдағы уақытта бірлестікті ауқымды жобалар күтіп тұр, сондықтан дайындықты жылдың алғашқы күнінен бастауы жиынның мазмұнын аша түсті.
Суреттерді түсірген — Ғалымбек Камалбек