Алматыда «Сахна сәттері» көрмесі ашылды

 Алматыда «Сахна сәттері» көрмесі ашылды

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 96-маусымын М. Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашты.

Мерейлі маусымның ашылу салтанатындағы баспасөз мәслихатына М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б. Тұрыс, режиссер А. Оспанбаева қатысты.
Театр директоры Е. Жуасбек көрермендерді қарашаңырақ өнер ордасының 96-маусымының ашылуымен құттықтап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Жаңа маусымның ашылуы күні театр тарихынан сыр шертетін «Сахна сәттері» көрмесі ашылды. Жоба авторы театр музейінің жетекшісі Н.Тамабекқызы. Мұнда театрдың тарихы фотогарфтар Қ.Қабешов, Р.Бегишев және А.Төлеубайлардың еңбектері арқылы көрсетілді. Жобаның мақсаты-қазақ театры өнерінің қазынасындағы фотосуреттердің үлкен бөлігін театр және ел тарихымен байланыстыра отырып таныстыру.

Досжан Балабекұлы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *