«Фотоөнер» мүшелері бір жылдық жоспарын бекітті
14 қаңтар күні Алматыдағы полиграфия колледжінде «Фотоөнер» ҚБ-нің 2023 жылғы бірінші жиналысы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен фотоөнер мамандары мен оған қызығушы жастар қатысты. Шара офлайн және онлайн форматта өтті.
Шараның офлайн форматына Абдраим А., Алхаров О., Тұрсынбайұлы М., Төлеубай А., Манапханұлы Е., Балабекұлы Д., Шері С., Қартабай А., Қизатұлы Н., Мурзанов А., Шынтемиров Н., Құрманғалиев Д., Мұқышұлы С., Медеубек С., Қари Қ., Жанұзақ М., Жолдас Ф., Қарақожаева А., Мейіржан Ж., Үркенбай А., Берікқожа Б., Тукубаев А., Ысқабай Ж. және де онлайн zoom платформасы арқылы аймақтардағы бірлестік мүшелері Утеулина А., Айдар А., Тажкуранов М., Әбдікәрім Д., Бегімбет Ә., Қайнарұлы М., Шаяхмет Т., Сейітжаппар Б., Таласов Ж., Шағырбаев М., Жуасбаев Б., Абай М. қатысты.
Жиналысқа Абдраим Асылхан төрағалық етсе, Алхаров Оңғарбек модераторлық, Балабекұлы Досжан хатшылық жұмыстарды атқарды.
Күн тәртібінде бірлестіктің жаңа мүшелерін таныстыру, мүшелік жарна туралы, жылдық жоспарды талқылау,жауаптыларды тағайындау,бекіту, бірлестік сайты бойынша ақпарат және басқа да мәселелер талқыланды.
Жиын соңында қаулы шығарылды, оның негізінде мүшелік жарна көлемі бекітіліп, оған жауапты – Мұратханқызы Аяужан бекітілді. Мүшелік жарнаны төлемегендер және жиналысқа себепсіз қатыспағандар, мүшелік қатарынан шығарылады. Қабдешұлы Қалиғұмар, Қизатұлы Нұрманбет ардагерлер алқасы, Мұқышұлы Серік-кеңесші, Байтүгелова Құралай-есепші қызметтерін атқарады. Есеп комитетіне — Жайлау Таласов пен Нахып Шынтемір тағайындалды.
«Ұлтымыздың ұлы құндылықтары — Жаңа Қазақстанның ұйытқысы» жобасы және Қазақстандағы алғашқы «Деректі фото» курсы, «Сын сағаты» жобасы бекітілді.
Жиналыс аясында көптеген ұсыныстар айтылып, олар хаттамаға түсірілді. Соңында О.Алхаров студиядағы ұлттық фототүсірілімдер бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Табиғат Төлегентегі
Суреттерді түсірген-Мақсат Тұрсынбайұлы
Бейне материал-Айнұржан Қарақожаева