Алматы облысында «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты фотосапары өтеді
Алматы облысы, Кеген ауданында тамыз айының 20-21-22-лерінде тұңғыш рет «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты үш күндік фотосапары өтеді, — деп хабарлайды photooner.kz.
Фотосапардың бастамашысы танымал фотограф, фотопублицист Асылхан Абдрайым бастаған республикалық «Фотоөнер» бірлестігі, қолдаушысы Нұрбақыт Молдахметұлы басқаратын аудан әкімдігі мен халқы.
ФОТОСАПАРДЫҢ МАҚСАТЫ:
Ауданда туризмді дамыту мақсатында өңірдің тарихи орындары мен көрікті жерлерін насихаттау үшін заманауи талаптарға сай фотоға түсіру және түсірілген ең үздік фотоларды БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы әлемге тарату.
20 тамыз
АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
ӨТЕТІН ОРНЫ: Кеген ауылы, Аудандық әкімдік.
БАСТАЛУ УАҚЫТЫ: Сағат 11.00
ҚАТЫСАТЫНДАР:
-Аудан басшылары;
-фотосапар бағытында көрсетілген ауыл әкімдері;
-аудандағы белгілі өлкетанушылар мен фотограф-журналистер;
— республикалық, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері,
-қаладан келетін фотосапар мүшелері:
1. Медеубекұлы Сағатбек – сапар жетекшісі, өлкетанушы.
2. Абдраим Асылхан – бірлестік төрағасы, фотоөнертанушы.
3. Қизатұлы Нұрманбет – ардагер фотожурналист.
4. Балабекұлы Досжан – фотосуретші, ғалым.
5. Манапхан Ернұр – фотосуретші.
6. Әкбар Үркінбай – фотосуретші.
7. Мұхамеджанов Даурен – фотосуретші, журналист.
8. Бахыбек Айым – мобилограф, фотограф.
9. Жанұзақ Марғұлан – фотосуретші.
10. Нұрлан Көдеков – жүргізуші.
ФОТОСАПАР БАҒЫТТАРЫ (шартты):
20 тамыз
Алматы–Көртоғай–Қызылтөбе–Қайқы асуы–Ақшоқы–Жуантөбе–Қызыларасан–Құмтекей–Қарқара–Ереуілтөбе -1–Ереуілтөбе-2–Балбал–Мыңжылқы
21 тамыз
Мыңжылқы–Кеген–Бөлексаз–Шырғанақ–Талды–Екіаша–Кеңсу–Орта Меркі–Жалағаш–Көлбастау–Қарабұлақ–Саты–Күрметі – Көлсай
22 тамыз
Көлсай–Жалағаш–Ағанас–Қоржынбайдың еспесі–Көртоғай шатқалдары–Алматы
Сапарға аудан фотографтары да қосылады.
БАРШАҢЫЗҒА СӘТТІЛІК СЕРІК БОЛСЫН!