Алматыда «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты фотокітаптың тұсаукесері өтеді

 Алматыда «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты фотокітаптың тұсаукесері өтеді

2025 жылдың 10 сәуір күні сағат 11:00-де, Алматы қаласындағы  ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен мәжіліс залында ардагер фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлының 85 жылдық мерейтойына орай дайындалған «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты фотокітаптың тұсаукесері және арнайы фотокөрме өтеді, — деп хабарлайды photooner.kz.

Шараны ұйымдастырушылар: «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы және «Дарын» баспасы Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен.

КСРО және ЮНЕСКО Халықаралық журналистер ұйымының мүшесі, Республикалық, халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері, фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлының мерейтойына арналған жинақ кітапқа фототілшінің өз ғұмырының ең маңызды сәттерінен айтқан естеліктері, замандастары мен ізбасар шәкірттерінің пікірлері енген.

«Бүгінгі фотосурет — ертеңгі тарих», аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тұрақты сөз тіркесіне айналған бұл сөзі тақырыпқа бекерден-бекер алынған жоқ. Фотографияға қатысты осынау ұлы сөзді Димаш Ахметұлы кезінде дәл осы Қалиғұмар Қабдешұлына арнап айтқан екен.

«Бұл ән — бұрынғы әннен өзгерек» — деп, Шәкәрім атамыз айтқандай, бұл еңбек осыған дейінгі Қалиғұмар Қабдешұлы жайлы жарық көрген кітаптардан өзгеше. Бұл фотокітапта осы уақытқа дейін БАҚ беттерінде, фотоальбомдарда, кітаптарда бірнеше мәрте жарияланса да, бір әттеген-айы, белгілі бір оқиғалардың өткен уақыты мен болған жерінің атаулары әртүрлі жазылып келген еді, солар Қалиғұмар ағаның өзінің көзі тірісінде нақтыланып, архивтердегі құжаттармен салыстыра отырып реттелді.

Ең маңыздысы, осы кезге дейін «Құпия сапар» деген грифпен жарияланбай келген Антарктидадағы «Оңтүстік полюсте», яғни сондағы «Мирный» ғылыми-зерттеу станциясында түсірген фотосуреттері тұңғыш рет жарияланып отыр. Осылайша Қалиғұмар Қабдешұлы 1965 жылы Антарктидада болып мәңгі мұзды өлкені суретке түсірген және 1983 жылы Халықаралық Журналистер ұйымының мүшесі ретінде Чехословакияда №000017 қызметтік куәлігін алып ЮНЕСКО деңгейінде мойындалған алғашқы қазақ фотографы ретінде тарихқа еніп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, кітапқа фототілшінің фотосуреттері алғаш рет жанр-жанрға жіктеліп берілді.

Жинақ-кітап ғылыми-әдістемелік құрал ретінде студенттерге, ізденуші магистранттар мен докторанттарға және фотоөнерді қадірлейтін барша өнерсүйер қауымға арналған.

234 беттен тұратын ғұмырнамалық фотокітап «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің және Қабдешевтер әулетінің қолдауымен «Дарын» баспасынан таралымы 500 данамен жарық көрді. Кітаптағы баға жетпес құнды фотосуреттер Қ.Қабдешұлының жеке архивінен алынды.

Кітаптың құрастырушы-авторы: өнертану ғылымдарының магистрі, PhD докторант, фотожурналист Дәурен Мақсұтханұлы.

Ұйымдастыру комитеті

Тел: +7 707 548 95 05, + 7 747 515 11 19. E-mail: dauryatm@gmail.com

 

ПРЕСС РЕЛИЗ

Презентация фотокниги «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих»

(«Сегодняшняя фотография — завтрашняя история»)

10 апреля 2025 года в 11:00 часов в большом конференц-зале Национальной библиотеки Республики Казахстан в г. Алматы состоится презентация фотокниги «Сегодняшняя фотография – завтрашняя история» и специальной фотовыставки, посвященной 85-летию ветерана фотожурналистики Калигумара Кабдешулы.

Организаторы мероприятия: Республиканское общественное объединение «Фотоөнер», кафедра издательско-редакторского и дизайнерского искусства факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби и издательство «Дарын» при поддержке Национальной государственной книжной палаты Республики Казахстан.

В книгу, посвященную юбилею Калигумара Кабдешулы, члена Союза журналистов СССР и Международной организации журналистов ЮНЕСКО, лауреата республиканских и международных фотовыставок, вошли воспоминания фотожурналиста о важнейших моментах его жизни, а также отзывы его современников и преемников.

«Сегодняшняя фотография – завтрашняя история», – не случайно именно эта фраза Динмухамеда Конаева, видного государственного и общественного деятеля, академика АН Казахской ССР, доктора технических наук, ставшая уже крылатой, была выбрана в качестве названия книги. Это великое высказывание о фотографии было адресовано когда-то Димашем Ахметовичем именно Калигумару Кабдешулы.

«Эта песня отличается от предыдущих» — так говорил наш великий поэт и писатель Шакарим. Также и это произведение отличается от всех предыдущих книг, изданных о Калигумаре Кабдешулы. Хотя материалы данной фотокниги уже неоднократно публиковались на страницах СМИ, фотоальбомов и других изданий, не раз попадались моменты, когда были перепутаны даты описанных событий или неверно указаны наименования мест, поэтому все факты, вошедшие в новую книгу, авторы сверили лично с Калигумаром Кабдешевым и сопоставили с архивными данными.

Но самое главное – здесь впервые вышли в свет фотографии, ранее хранившиеся под грифом «Секретно» – а именно кадры, сделанные на научной станции Мирный на «Южном полюсе» в Антарктиде. Таким образом, Калигумар Кабдешулы вошел в историю как первый казахский фотограф, получивший признание на уровне ЮНЕСКО, побывав в Антарктиде в 1965 году и сфотографировав вечную мерзлоту, а также став членом Международной организации журналистов в Чехословакии в 1983 году и получив служебное удостоверение № 000017.

Стоит также отметить, что в этой книге фотографии фотожурналиста впервые классифицированы по жанру.

Книга‑сборник предназначена в качестве научного и методического пособия для студентов, будущих магистрантов и докторантов, а также всех любителей фотоискусства.

Биографическая фотокнига объемом 234 страниц выпущена издательством «Дарын» при поддержке общественного объединения «Фотоөнер» и семьи Кабдешевых тиражом 500 экземпляров. Бесценные фотографии в книге взяты из личного архива К. Кабдешулы.

Автор-составитель книги: магистр искусствоведения, PhD докторант, фотожурналист Даурен Максутханулы.

Организационный комитет

Тел: +7 707 548 95 05, + 7 747 515 11 19. E-mail: dauryatm@gmail.com

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *