«Фотоөнердің» жиыны өтті, жоспары бекіді

 «Фотоөнердің» жиыны өтті, жоспары бекіді

Қаңтардың 10-ында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті. Онда бірлестікке жаңа мүшелер қабылданып, өткен жылы атқарылған шаруалар баяндалды және алдағы жоба-жоспарлар талқыланды. Бұған қоса бірлестіктің алдағы 5 жылға төрағасы сайланды. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. 


Жиында жаңа 9 мүшенің қабылдануы бірауыздан мақұлданды. Қатысушылар бірлестік төрағасы Асылхан Әбдірайымұлының жетекшілігімен өткен жылы атқарылған шаруаларға да өз бағасын берді. Бірлестік мүшесі Нұрманбет Қизатов төрағаның бір жылдық жұмысы мен жалпы бағыт-бағдарына жоғары баға беретінін айтты.


«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жылдық есеп беру жиналысында алдағы 5 жылға бірлестік басшысын сайлау мәселесі де талқыланып, нәтижесінде ұсынылған екі кандидаттың ішінде Асылхан Әбдірайымұлы басым дауыспен бірлестік төрағасы болып сайланды.


Бұған қоса ұйымның 2026 жылғы жобалары таныстырылып, талқыланды. Экспедициялар мен көрмелер ұйымдастыру, фотографияның 200 жылдығын атап өту және ардагер фотографтардың мерейтойы жайында айтылды. Фотоөнердің танымалдығын арттырып, оның қоғамдағы рөлін арттыру бағытында қандай шаралар атқаруға болатыны келісілді.


Жиынға қатысушылар қоғамдық орындарда суретке түсіретін кезде туындаған қиындықтар мен кедергілер туралы айтып, бұған қатысты заң талаптары ескеру керектігін ортаға салды. Сондайда фотоөнер өкілдері ресми орындар және өзге де тиісті құзырлы мекемелермен байланысты жолға қойып, жандандырып, бірігіп атқаратын жұмыстарды үйлестіру керек деген ұйғарымға келді.

Фотосуреттерді түсіргендер: Алексей Федоров, Әлібек Әбдірайым

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *