Түркістанда Нахып Шеріұлы Шинтемировтың 60 жас мерейтойына орай дөңгелек үстел өтеді

 Түркістанда Нахып Шеріұлы Шинтемировтың 60 жас мерейтойына орай дөңгелек үстел өтеді
2026 жылғы 3 сәуірде Түркістан облысының белгілі фотографы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің фотошежіреші маманы, республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белді мүшесі Нахып Шеріұлы Шинтемировтың 60 жас мерейтойына орай «ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТОҒЫСУЫ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Аталған іс-шараның мақсаты – қазіргі цифрландыру дәуіріндегі фотоөнердің даму үрдістерін саралау, фотожурналистика мен визуалды коммуникацияның трансформациясын талқылау, сондай-ақ жасанды интеллект пен заманауи технологиялардың шығармашылық үдеріске ықпалын ғылыми тұрғыда зерделеу.
Шараға Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының танымал фотографтары және журналистері қатысады.
Дөңгелек үстел аясында Нахып Шеріұлының «Таспаланған тарих» атты фотокөрмесінің ашылуы өтеді. Сондай-ақ, студенттер арасында өткен «Сәтті портрет» фотобайқауының жеңімпаздары анықталады.
Баршаңыздышарамызға шақырамыз!
Өтетін орны: Бас ғимарат, 1 және 8 қабат
Басталуы: 3 сәуір, сағат – 9:00

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *