Алматыда әлемге әйгілі фотограф Томас Дворжакпен кездесу өтті

 Алматыда әлемге әйгілі фотограф Томас Дворжакпен кездесу өтті

Он бірінші қазан күні мәдени астанамыз Алматы қаласында аты алты құрлыққа мәлім деректі фотограф, Magnum Photos халықаралық фотоагенттігінің мүшесі Томас Дворжакпен кездесу өтті. «Әскери фотожурналистика: журналистік объективтілік пен өз эмоцияларының арасындағы тепе-теңдік» тақырыбындағы жүздесуге осы салаға қызуғышылық білдіретін студенттермен қатар, танымал фотографтар, оқытушылар қатысты, — деп хабарлайды photooner.kz тілшісі. 

Кездесу еркін форматта өтті. Көрермендер саналарындағы сан- сауалды қойып, кеш қонағын жан- жақты аша білді. Шара барысында Томас Дворжак мансабын қалай бастағанын, жұмыс барысында қандай қиындықтар болғанымен бөлісті. Әсіресе, жиналған жандарды Томас Дворжактың Ауғанстаннан жинап әкелеген фотосуреттері таңғалдырды. Әскери фотограф болу әдемі кадр түсіру ғана емес, ол өмір мен өлімнің арасындағы арпалыс екен.

Айталық, екі мыңыншы жылдардың басындар Ауғанстанда болған. Талибандардың суретін сол жерден жинапты. Артынан жол Иракқа түседі. Өздеріңізде байқап жатқан шығарсыздар аталған жерлердің барлығы қауіптілік қызылмен белгіленген соғыс ошақтары. Ирактан сурет жинау қиын болыпты:

— Иракта суреттерді жинау мүмкін емес болды десек артық айтпағаным. Америкалық әскерилерсіз жүре алмаймыз. Тек еркін жүретін жедел жәрдем көлігі ғана. Сол кезде жігермен бе, жастық буынан ба сол жердегі адамдармен келісіп жедел жәрдем көлігіне отырып суретке түсіргем, — дейді Томас Дворжак.

Түсірілген суреттерді MECH 2005 бейнесінен көрдік. Әр суреттен сол кездің атмосферасы, қиындығы анық сезіліп тұрды. Жантүршіктірерлік кадрлар жиналғандарды қайтадан сол кезеңге апарып тастағандай. Бұдан бөлек Томас Дворжак Кавказға, Таяу Шығысқа барған сапарларын айтты. Қазір әлемде боп жатқан саяси жаңалықтарға көзқарасы мен жоспарын сұрағанда; «Негізі қызығамын, бірақ қазір менің де жасым келді. Бұрынғыдай күш жоқ»- деп қысқа қайырды. Кеш сұрақ- жауап айдарымен аяқталды.

Назерке Альбертқызы

Фото: Олжас Павлик

Видео: Маржан Отарбаева 

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *