Алматыда Сара Қажымұратқызының «Сараның сырлы әлемі» атты жеке шығармашылық көрмесі өтеді

 Алматыда Сара Қажымұратқызының «Сараның сырлы әлемі» атты жеке шығармашылық көрмесі өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында 3 наурыз, сағат 15.00-де Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдастық бірлестігінің ұйымдастыруы және  ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған ұстаз, суретші, желтоқсан оқиғасының ардагері Қадығұлова Сара Қажымұратқызының «САРАНЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ»  атты жеке шығармашылық көрмесі өтеді.

Қадығұлова Сара Қажымұратқызы 1965 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Мектептептен  соң 1983 – 1988ж.ж Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының көркемесурет – графика  факультетін бітірген. Жас маман ретінде, 1988 – 2004 ж.ж   Жамбыл қаласының № 5 орта мектебінен бастап, 2004 жылдан  осы кезге дейін   Іле ауданы, Боралдай кенті №39 гимназиясында көркем еңбек пәнінен сабақ беріп келеді. Бос уақытында сурет салумен айналысады. Пейзаж, анималистік жанрдағы, тақырыптық картиналары бар.Сараның негізгі мақсаты жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. Ол өзінің 50-ге жуық авторлық туындысын өнер сүйер қауымның назарына ұсынады.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *